3. Дыбыс және фонема
1. Дыбыс және фонема
2. Әріп.
3. Тілдік акустика
4. Дыбыстардың акустикалық сипаты
5. Дыбыстау мүшелері және олардың қызметі
Тапсырма. Қосарлы дауыссыздар, олардың емлесіне қатысты төменде көрсетілген сөздіктерден мысалдар теру
1. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Алматы, «Қазақстан», 1988
2. Орфографиялық сөздік. Алматы, 2007
3. Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. Алматы, 2005
4. Орфоэпиялық сөздік. Алматы, 2006
5. Қазақ тілінің аймақтық сөздігі. Алматы, 2005
6. Қазақ әдеби тілінің сөздігі (15 томдық), І том. Алматы, 2005
7. Қазақ әдеби тілінің сөздігі (15 томдық), ІІ том. Алматы, 2005
Тапсырма. Сөйлеу мүшелерінің қызметіне сипаттама (сурет, сызба түрінде анализ жасау)
Жаттығу. Мәтіндегі дыбыстық құбылыстарды анықтап, қарамен жазылған сөздерге фонетикалық талдау жасаңыз.
Бала би: «Жерден аур не, судан терең не, оттан ыстық не, көктен биік не?» - деп сұраған екен. Жауапты ешкім таппаған соң , Бала бидің өзі шешіп беріпті дейді:
Жерден ауыр дегенім – ақыл, білім;
Судан терең дегенім – оқу-ғылым.
Оттан ыстық дегенім – адамның өмірі;
Көктен биік дегенім – тәкаппардың көңілі.
4. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі
1. Тіл дыбыстары, олардың жасалуы.
2.Сөйлеу мүшелері: актив және пассив сөйлеу мүшелері.
3. Қазақ тілінің дыбыс жүйесіне тән өзіндік ерекшеліктер
4. Қазақ тіліндегі дыбыстарды жіктеуге қатысты ғалым-дардың көзқарастары
Жаттығу. Берілген мәтінге кешенді фонетикалық талдау жа-сау, анализдеу
Күз аспаны күңгірт, бұлыңғыр. Ауада дымқыл сыз бар. Таң салқыны қазір күздің суық желіне айналған. Маңайда қызарып солған қурайлар көп көрінеді. Бүрінен айрылған тобылғы да қуқыл реңді. ¦зарып сарғайған селеу мен бозғыл көде, жусан – бәрі де жел лебінен қалтырайды. Бас шұлғып, елбек қағады. Қара жел қуған қаңбақ кең жазықта көп бұлыңдап, тынымсыз кезіп, жосып өтеді. Таң жаңада атқан. Салқын түннің қалың шыңы жүргіншілердің аттарының тұяғын жылтыратып, шашасына дейін суландырған. (М.Ә.)
5. Дауысты дыбыстар жүйесі.
1. Дауысты дыбыстар, олардың жіктелуі.
2. Дауысты дыбыстардың түрлері.
3. Жалаң дауыстылар.
4. Құранды дауыстылар.
Достарыңызбен бөлісу: |