Қазақ тілі фонетикасын зерттеуші ғалымдар тілдің дыбыс-тық жүйесін тарихи тұрғыдан қарастырып, олардың даму
тари-хындағы өзгерістерді айқындауды ХІХ ғасырдың екінші жарты-сындағы зерттеулерден бастайды. Алғашқы
зерттелулерде қазақ тілі дыбыс жүйесі туралы, қазақ тіліндегі дыбыстардың саны мен сапасы туралы бірізді пікір де,
қазақша терминдер де жасал-ған жоқ. Қазақ тілі дыбыс жүйесінін белгілі бір мәселесі бойын-ша арнайы зерттеу
жүргізілгендіктен орыс түркологтары еңбек-терінде фонетика таза практикалық мақсатта болды. Сондықтан олардың
зерттеулері қазақ тілі дыбыс жүйесі жөніндегі алғашқы мәлімет деңгейінде ғана еді, оны төмендегі шолуымыздан бай-қауға
толық болады. Демек, нағыз ғылыми зерттеу А.Байтұрсынов пен Қ.Жұбанов еңбектерінен басталады деп білеміз.
Қазақ тілінің дыбыс жүйесі жөнінде алғашқы мәліметті Н.И.Ильминскийдің 1860 жылы Қазан қаласында шыққан «Ма-
териалы к изучению киргизского наречия» («Ученые записки Казанского университета») деген еңбегінен кездестіре аламыз.
Ильминский қазақ тіліндегі дыбыстарды екі топқа жіктеп, дауыстылардың сегіз түрін (а-д, е, ы, і, о-ц, у-я), дауыссыздар-
дың он тоғыз түрін (п, м, w; т, д, н; ж, з, ш, с; р, л, j; kЁ, ғ, к, г, ң) атап өтеді (дыбыстарды өзара артикуляциялық
жуықтығына қарай жіктеп көрсеткен). Н.И. Ильминский тіл алды ашық д (ә) дауыстысын дербес фонема түрінде қарамай, а
дауыстысының варианты ретінде түсініп, оны негізгі дауыстылардың тобынан шығарып тастайды.
Дауыссыз дыбыстардың құрамында дж, ч аффрикаттары мен ћ спиранты кездеспейді. Шамасы, Н.И.Ильминскийдің
еңбегі батыс қазақтарының тіл материалдары негізінде жазылса керек. Еңбекте кейбір дыбыстардың артикуляциясы,
комбина-торлық жағынан алмасуы (б-м, н-д-т, н-ң, к-г, т.б.), қолдану ерекшелігі және екпін жайынан қысқаша мәлімет
берілген. Одан соң М.Терентьев жазған «Грамматикада» қазақ фонетикасы жө-нінен айтарлықтай жаңалық байқалмайды.
Онда кейбір дыбыс-тардың айтылуы мен комбинаторлық түрде алмасуы (ч-ш, ш-с, м-б, л-д, к-г) жайында, сөздің екінші
буынында келетін ы қысаң дауыстысының редукциясы жайында азын-аулақ мәлімет береді.
Түркі тілдерінің фонетика мәселесін зерттеу жайында В.В.Радловтың сіңірген еңбегі аса зор. В.Радлов тұңғыш
рет түркі тілдерінің салыстырмалы фонетикасын жасап, онда қазақ фонетикасының едәуір мәселесін сөз етті. Түркі тілдері
фонети-касының сан алуан мәселелері, лингвистиканың сол кездегі ком-паративистика бағыты бойынша түсіндіреді.
В.Радловтың «Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы» атты еңбегі күні бүгінге дейін өзінің ғылыми мәнін жоғалтқан
емес, мұнда қазақ фонетикасының едәуір мәселелері, атап айтқанда: дыбыс құрамы, сөзде дыбыстардың қолдану ерекшелігі,
дыбыс-тардың дистрибуция кезеңі, ол дыбыстардың әр түрлі өзгеру заңдылықтары, сингармонизм құбылысы, екпін
категориясы сияқты өзекті мәселелер өзге түркі тілдерінің материалдарымен салыстырыла отыра әңгіме болады. Сонымен
қатар қазақ тіліне тән кейбір фонетикалық құбылыстарға аса назар аударған. Қа-зақ вокализмі тоғыз дауыстыдан (а, д, е, о,
ц, у, і, и, ь), кон-сонантизм саласы жиырма дауыссыздан құралатынын атап, да-уыссыздарды қатаң (q, k, t, р, s, љ), ұяң (г, g,
d, b, z, ћ), үнді (n, m, з, r, l, Й) және аралық немесе жарты дауысты (w, j) деп төрт түрлі акустика-артикуляциялың топқа
жіктеген. В. Радлов ұсын-ған мына екі мәселені мақұлдай алмаймыз: оның бірі — w, j дыбыстарын аралық дыбыстар деп
сонор дыбыстардың тобына енгізбеуі, екіншісі -бүйір (латераль) л сонорының сөзде жуанды-жіңішкелі түрде айтылатын
вариантын дербес фонема (сөз ма-ғынасын ажырата алатын қасиеті бар) деп тануы. Қазіргі тәжі-рибе фонетикасының
берген мәліметіне қарағанда түркі тілде-рінде оның ішінде қазақ тілінде w (у), j (й) дыбыстары акусти-ка-артикуляциялық
табиғаты бойынша сонор немесе үнді ды-быстардың тобына жатады.
Түркі тілдерінде дауыссыз дыбыстар сөздегі дауыстылар-дың ыңғайына қарай әр түрлі вариантта айтыла береді.
Мәселен, ал, ел, ол сөздерін алайық, мұнда «л» соноры дауысты дыбысқа байланысты бірде жуан (ал), бірде жіңішке (ел),
бірде ерінмен (ол) айтылып тұр, олар атқаратын қызметіне қарай бір ғана фо-неманы құрай алады. Фонема сөзде әлденеше
фонетикалық-комбинаторлық вариантта кездесе береді. Демек, В.Радлов л сонорының фонематикалық қасиетін теріс
түсінген. В.Радлов «Фонетикасын» сөз еткенімізде мына үш мәселе есте болуы қажет: оның бірі — екпін мәселесі, екінші
мәселе — дыбыстар-дың дистрибуциясы, үшіншісі — түркі тілдерінің үндестік за-ңы. В.Радлов көп буынды сөздерде сөз
аяғына түсетін негізгі екпінін басқа көмекші екпіндердің болатынын, көмекші екпін-нің фонетикалық табиғаты үнді
(музыкалық) екпін екенін айта-ды. Сонымен қатар дыбыстардың, әсіресе, дауыссыз дыбыстар-дың, дистрибуциялық
ережелеріне едәуір көңіл аударып, дыбыс тіркесімдері жайында біраз мәлімет берген.
В.Радлов түркі тіл-дерінде
сингармонизмнің екі түрі бар екенін атап (палаталды — езу, лабиалды — ерін), ерін үндестігі әлсізденіп бара жатыр деп
қорытады. П.М.Мелиоранский екі бөлімнен құралатын қазақ тілінің грамматикасын жазып, оның алғашқы бөлімін фонетика
мен морфология мәселесіне арнаған болатын. Фонетика тара-уында дыбыстардың артикуляциясы (жасалуы), дыбыстардың
комбинаторлық түрде алмасуы, сөз шенінде қолдану жайы, үн-дестік заңы мен екпін мәселесі қысқаша түрде сөз болады.
Да-уыстылардың протеза, элизия, редукция құбылыстары жайында да азын-аулақ мәлімет береді.
П.М.Мелиоранский дыбыстардың құрамына тоқтай келіп қазақ вокализмі тоғыз дауыстыдан (а, д, е, ы, і, о, ц, у, я),
консонантизм саласы жиырма бір дауыссыз дыбыстан (б, п, м, т, д, н, ж, з, ш, с, p, л, к, г, ч, 1, қ, ғ, ң, й, ǐ-дж) құралатынын
атап өтеді. Дауыстыларды жуан-жіңішке, ашық-қысаң деп жіктеп, графикаға қатысын да анықтайды. «Қу, ту, би» сөздерінде
айтылатын «у, и» дыбыстарын естілуіне қарай созылыңқы ды-быстар деп таниды. П.М.Мелиоранский, В.Радлов айтқан
пікірді қуаттай отырып «л» сонорының жуанды-жіңішкелі түрде айты-латын вариантын дербес фонема деп түсінеді. Тіл
ортасы «к, г» және тіл арты «қ, ғ» дыбыстарын көмей дыбыстары деп, олар-дың артикуляциялық жасалу орнын теріс
көрсеткен.Қазан төң-керісіне дейін казақ тілі жайында жазылған еңбектерден - В.Катаринскийдің «Грамматика киргизского
языка» (Фонетика, этимология и синтаксис. Оренбург, 1897), И.Лаптевтың «Мате-риалы по казах-киргизскому языку»
(Москва, 1900) және Н.Созонтовтың «Записки по грамматике киргизского языка» (Ташкент, 1912) деген кітаптарын
атап өтуге болар еді. Аталған еңбектердің фонетика тарауында айтарлықтай жаңалық жоқ, көбіне, бұрынғы айтылған
мәселелерді қайталап отырады. Ал Н.Ф.Катанов «Опыт исследования урянхайского языка» (Казань, 1903) атты еңбегінде
қазақ тілі дыбыстарын өзге түркі тілдердің материалдарымен салыстыра, қазақ тіліне тән кейбір заңдылық-тарды көрсетеді.
Г.В.Архангельский жазған «Грамматикада» қазақ тілі дыбыстарының жіктелуі, дыбыстардың өз ара алма-суы, кейде
дыбыстардың сөзде айтылмай түсіп қалуы (редук-циясы), үндестік заңы мен екпін мәселесі қысқаша түрде сөз бо-лады. Бұл
5
ғалым қазақ тілі дыбыстарын дауысты, шала дауысты және дауыссыз деп үш топқа жіктеп көрсетеді. Ауыздың ашылу түріне
қарап дауыссыздарды ашық (а, ә), жарты ашық (е, о, ө), қысаң (ы, і) және жарты қысаң (ұ, ү) деп төрт топқа жіктеп өтеді.
Қазан төңкерісіне дейін қазақ тілі жайында жазылған ша-ғын еңбектерде фонетика мәселелері грамматиканың
құрамына еніп, соған байланысты әңгіме болып келді. Қазақ тілінің дыбыс құбылысы белгілі жүйеге салынып әржақты
талданған емес. Фонетика құбылыстары жай ғана артикуляциялық фонетика тұрғысынан қаралды да, зерттеу әдістері
анықталмай қалды. ХХ ғасырдың екінші жартысында орыс патшалығы қазақ даласын отарлауды аяқтап, орыс шаруаларын
жаппай қоныстандыруды қолға алды. Мұның өзі қазақ халқының тілін, дінін, тұрмыс-тір-шілігін, салт-санасын білуді
бұрынғыдан да жандандыра түсуге мәжбүр етті. Осы мақсатпен орыс оқығандары бірсыпыра зерт-теу жұмыстарын
жариялады. Олардың ішінде күні бүгінге дейін ғылыми маңызын жоймаған құнды еңбектер де бар. Алғашқы қазақ газеттері
дүниеге келіп, қазақ тілінде кітап шығару жан-дана бастады. Қазақ тілі жөніндегі тұңғыш пікір, зерттеулер, қа-зақша-
орысша және орысша-қазақша сөздіктер де осы тұста дү-ниеге келе бастады. Бұларда қазақ сөздері орыс графикасымен
жазылды. Тілдің дыбыстық құрылымын, айту, жазу нормаларын зерделеу үшін, араб жазуымен салыстырғанда, мұның
маңызы зор. Қазақ сөздерін алғаш орыс графикасымен жазған миссио-нер Николай Иванович Ильминский (1822-1891) еді.
Ол 1860 жылы Қазанда «Материалы к изучению киргизского наречия» деген 162 беттік еңбегін жариялады. Оның 140 беті –
қазақша-орысша сөздік. Сөздіктің бас жағында автордың қазақ тілі, оның дыбыстық, грамматикалық жүйесі жөніндегі
пайымдаулары баяндалған. Араб жазуын орыс жазуымен алмастыру жайында алғашқы пікір айтылған. Н.И.Ильминский
қазақ тілінің шешен-дік, сұлулығына сұқтанады, көне түркілік сөздер көп кездесеті-ніне, өзіндік дыбыстық жүйесімен
ерекшеленетініне назар ауда-рады. Қазақ тілі жөніндегі тұңғыш еңбек болғандықтан Н.И.Ильминскийдің әрбір пікірін
сараптап қараған жөн. Н.И.Ильминскийдің сөздігі – тұңғыш қазақша-орысша сөздік. Бұл-фонетика үшін де құнды еңбек. Біз
бұдан қазіргі орыс гра-фикасына негізделген жазуымыздың тәй-тәй басқан алғашқы адымын көреміз, орфоэпия,
орфографиямыздың даму жолын зерделейміз. Қазіргі қазақ емлесі еріндік дауыстыларды тек бас буында ғана жазып,
айтуымыз да сонымен шектеліп жүр. Тіпті қазақ тілінде ерін үндестігі жоқ деудің алдында тұрмыз. Араб жазуымен
жазылған текстен айтудың жай-күйін парықтау қиын. Ал орыс графикасымен жазылған сөздерде айтудың ізі бар.
Мәселен, Н.И.Ильминский сөздігінен: ауұтқу, бүгөлөк, бүлдүр-гө, бүлдүргөн, бөлтүрүк, күлдрөуүш, мұрұндұқ, өмүлдүрүк,
Достарыңызбен бөлісу: