Фонетика жєне оныњ салалары


тілдің бүтін айтылатын ең кіші бөл-шегі



Pdf көрінісі
бет42/97
Дата16.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#25625
түріСабақ
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   97
Байланысты:
Фонетика дарис.

тілдің бүтін айтылатын ең кіші бөл-шегі  екен. Сөйлеу үстінде буын әрі қарай бөлшектеуге көнбей-тін тілдік бірлік

болып табылатын болып шықты. Буынды құра-мындағы дыбыстарға оп-оңай жіктеудің өзіндік лингвистикалық сыры бар

екен. 

         Тілдегі буын мәселесі акустикалық тұрғыдан да жан-жақты зерттелген. Соның ішінде проф. Л. В. Бондарко еңбегінің



орны бөлек. «Тілдің дыбыс құрылымының аса маңызды бөлшектері-нің бірі – буын. Сөйлеу желісінен артикуляциялық

талданым нә-тижесінде бөліп алуға болатын ең кіші айтылым бірлік, яғни ең қысқа үзік буын болып табылады. Сөйлеу

үстінде   фонеманың   көрінісі   болып   табылатын   тіл   дыбыстары   өзара   бірігіп   қана   ай-тылады»,-   деп   жазады   ғалым.

Артикуляциялық тұрғыдан бөл-шектенбейтін дыбыс тізбегі буын құрайтын болып шықты, яғни буынды сөйлеу үстінде

жеке-жеке дыбыстарға тарата алмаймыз. Ендігі жердегі қиын мәселе буын шегінің фонетикалық белгіле-рін тауып, соның

арқасында буыннан буынды ажыратып алу бо-лып табылады. Бір қарағанда буын мен буынның ара жігін ажы-рату қиын

емес сықылды. Соған қарамай оны іске асырудың фо-нетикалық ережелерін табу оңай болмай отыр. Проф. М.И.Матусевич

буын  жігі  мәселесіне   деген  мынадай  қорытын-ды  жасайды:  «Буын  жігін  іздегенде  дауыссыздардың  әртүрлі   қарқынмен

айтылатынына сүйену керек. Оның бірінші түрі – бас қарқынды дауыссыздар, олар қарқынды басталып, соңына  қарай

әлсірей беретін дауыссыз дыбыстар, ондай дауыссыздар буынның соңында тұрады. Екінші түрі – аяқ қарқынды дауыс-

сыздар, олар әлсіз басталып, соңына қарай күшейе келіп, қар-қынды аяқталатын дауыссыз дыбыстар, ондай дауыссыздар

буынның басында тұрады. Үшінші түрі – қос қарқынды дауыс-сыздар, олар қарқынды басталып, сонан соң әлсірей келіп,

соңы-на қарай қайтадан қарқынды аяқталады. Қос қарқынды (кейде оларды геминаттар деп те атайды) дауыссыздар   тек

дауысты-аралық   шепте   орналасады   да   буын   жігі   олардың   арасындағы   ең   әлсіз   тұсынан   өтеді».   Бұл   қағиданы

мойындамайтын   ғалымдар   да   бар.   Дегенмен,   акад.   Л.В.Щерба   шәкірттерінің   ұстанатын   бас-ты   ережесі   осы   болып

табылады.

Буын   құрамындағы   дыбыстардың   артикуляциялық   тұрғы-дан   өзара   кірігуі   күрделі   жасалым   болып   табылады.

Дыбыстар-дың негізгі артикуляциясы әртүрлі өзгерістерге ұшырап жатады. Кейбір дыбыстар бастапқы артикуляциясынан

айрылып   қалуы   да   мүмкін.   Жаңа   қосалқы   артикуляциялар   пайда   болып   жатуы   да   мүмкін.   Әрбір   тілді   зерттеп   жүрген

ғалымдар  сияқты   қазақ   фо-нетистерінің   де   алдында   тұрған  басты   міндет   тілімізде   кездесе-тін   күрделі   артикуляциялық

құбылыстың ішінен тілге тән "буын артикуляциясын" тауып, оны сараптай отырып, фонетикалық белгілердің басын ашумен

тығыз байланысты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет