1. Морфологиялық принцип. Бұл принцип бойынша сөз-дер айтылуынша емес, бастапқы түбір тұлғасы сақталып
жазы-лады
2. Дәстүрлі (тарихи) принцип бойынша сөздер әуелгі тұлғасында емес, тілде қалыптасқан тұлғасы бойынша
жазылады.
3. Фонетикалық принцип бойынша сөздер дыбыстық заңдарға сүйеніп, айтылуы және естілуі бойынша жазылады.
4. Фонематикалық принцип бойынша дыбыстардың бір сөз ішіндегі немесе сөз аралықтарындағы бір-біріне
тигізетін әсерлері ескерілмей, негізгі фонемалық түрі (мәні) сақталып жазылады.
Белгілі бір тілдердің орфографиясында бұлардың біреуі не екеуі ғана басты роль атқарады. Аталған принциптердің
ішінде қазақ орфографиясы морфологиялық, фонетикалық принцип-терге сүйенеді.
Тілдік қатынас ауызша және жазбаша түрде көрініс таба-ды.. Олар жетіліп, кемелденіп әдеби тілдің көрсеткіші
дәреже-сіне жету үшін міндетті түрде белгілі бір нормаға бағынады. Норма деп белгілі бір жүйеге түсіп, заңдылыққа
негізделген бірізділікті айтамыз. бұдан әдеби тіл дәрежесіне жеткен тілдер-дегі сөздердің айтылуында болсын, жазылуында
болсын жалпы-ға бірдей, ортақ қалыптасқан бірыңғай нормалары болатынды-ғын айқын аңғаруға болады. Нормалар
неғұрлым бірізді, қалып-тасқан болса, қатынас құралы да соғұрлым жетіліп, кемелдене түсетіні сөзсіз. Тілдің ауызша
формасын нормалауды орфоэпия, ал жазбаша формасын – орфография қарастырады. Дұрысы, орфоэпия – сөздер мен
бунақтардың бірізді, дұрыс айтылуын қамтамасыз ететін ережелер жиынтығы. Сөздердің бірізді айты-луы тілдік қатынасты
жеңілдетеді. Керісінше, белгілі бір мағы-нада қолданылатын сөздің дыбыстық құрамының бірдей болма-уы түсінікті
ауырлатып, көңілді алаңдатады.
Бұл әсіресе жергі-лікті ерекшеліктерден айқын аңғарылады. Мәселен:
40
|