ассимиляцияда (дауыссыз дыбыстардың үндесуі) көрші дыбыстар бір-біріне ықпал етіп, өзара үндесіп, үйлесіп, ұқсап
тұратын болса, диссимиляцияда бұған керісінше, сөз ішіндегі қатар тұрған жасалуы бірдей екі дауыссыз дыбыстың біреуі
(әдетте соңғысы) ұқсастығы алыстау басқа бір дыбыспен алмастырылады. Мыс:
алла > алды, молла > молда, кәллә > келде,
т.б. Мүмкін маңлай > маңдай, таңлай > таңдай, түңлік > түңдік, жылылай > жылыдай; айналу > айлану, айналайын >
айланайын, меңзе > мезге сөздеріндегі өзгерістерді де осы топқа (Диссимиляция құбылысына) қосқан жөн болар.
Достарыңызбен бөлісу: