1. Сөз ішінде дауыстылардан кейін келген у,й дыбыстары сол сөзді буындағанда, өзінен кейінгі дауыстымен бірігеді
де, буынның бірінші әрпі болады. Мысалы. та-уық, қа-йық, баянда-уыш. Бұл сөздерді осы жікпен тасымалдағанда, у,й
әріптері келесі жолда ғана жазылады.
2. Екі, кейде үш дауыссызға аяқталатын сөздерді оларға қосымша жалғанып тұрған жерден тасымалдағанда,
түбірдегі дауыссыздарды бөліп жіберуге болмайды: қарт-тар, театр-лар.
3. Түбір сөзде үш дауыссыз қатар келгенде, алдыңғы екі дауыссыз дыбыс алғашқы буын құрамына кіреді де, үшінші
4. Біріккен сөздер буын жігімен де, түбірлер жігімен де тасымалдана береді: бі-рыңғай немесе бір-ыңғай, өза-ра,
немесе өз-ара.
5. Орыс тілінен енген сөздерге қазақ тілінің қосымшалары жалғанғанда, олар буын жігіне қарай тасымалданады: ро-
лінде, съез-дің.
6. Сөздің дара дыбыстан тұратын бір буынын жазып келе жатқан жолда қалдыруға немесе келесі жолға шығаруға
болмай-ды: а-лақан емес, ала-қан, арми-я емес, ар-мия. Алғашқы буыны бір ғана дауыстыдан тұратын екі буынды сөздер
тасымалдан-байды: атом, эмаль, ақыр, отын, отыр.
7. Қосар әріптердің орнына жазылған у,и әріптері бар сөз-дер буындалғанда, келесі буын дауысты дыбыстан
басталады және солай тасымалданады: су-ық, қу-ақы, ту-ынды, бу-ын, қи-ын.
8. Орыс тілінен енген сөздер де буын жігі бойынша тасымал-данады. Бұлардың ішінде екінші, үшінші буындардың
да-уысты дыбыстардан басталатыны кездесе береді: про-ект, ро-яль. По-эма.
9. Тыныс белгілері жазып келе жатқан жолда қалдырылады.
10. Сан есімнен келетін қысқарған шартты белгілерді цифрдан бөліп тасымалдауға болмайды: 25 га, 15 см, 1987 ж.
11. Әріптерден қысқарған сөздерді өз ішінен бөліп тасы-малдауға болмайды: ЮНЕСКО деп бөлінбейді.
Достарыңызбен бөлісу: