Фонетиканы оқыту әдістемесі


Қазақ тілін оқыту әдістемесі курсы –



бет24/28
Дата20.06.2023
өлшемі129,9 Kb.
#102689
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
Фонетиканы о ыту дістемесі

Қазақ тілін оқыту әдістемесі курсы – қазақ мектептері үшін қазақ тілі пәні мұғалімдерін даярлайтын «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бөлімінде оқылатын негізгі пәндердің бірі. Қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша қазақ тілі мұғалімдеріне қажетті кәсіптік теориялық білім мен тиісті пратикалық машық- дағдыларды қалыптастыру негізгі мақсат болып саналады.

«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» курсының негізгі мақсаты – студенттерге мектепте қазақ тілінің оқыту процесінің ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан меңгерту. Кәсіби деңгейі жоғары, жан-жақты дамыған, білім нәрімен сусындаған, теориялық білімі терең, практикалық дағдысы қалыптасқан, ұлттық менталитеті жоғары маман даяарлау.

Қазақ тілін оқыту әдістемесі курсының міндеттері –Студенттерді әдістеме саласындағы соны өзгерістермен таныстырып, оны тиімді қолданудың жолдарын үйрету. Студенттерге қазақ тілін оқыту әдістемесінің методологиялық- теориялық негіздерін меңгерту. Қазақ тілі жүйесінің ішкі салаларын, мектепте оқыту ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан талдап көрсету. Оқу-әдістемелік құралдарды оқып- талдау, баға беру, тиімді әдістемелік кешендерді таңдай білу, оларды практикада қолдана білу дағдыларын қалыптастыру. Қазақ тілін оқыту әдістемесін ғылыми тұрғыдан зерттеп тану қабілеттерін дамыту. Педагогика мен әдістемедегі жаңашыл әдістерді талдай білуге, олардың практикадағы тиімділігін анықтай білуге дағдыландыру.
Қазақ тілін оқыту әдістемесі курсының мазмұны мынандай мәселелерді қамтиды: Қазақ тілін оқыту әдістемесі дербес ғылым саласы. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің бастау көздері. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің зерттеу әдістері. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің қалыптасу және даму жолдары. Мектепте қазақ тілін ана тілі ретінде оқытудың ерекшеліктері мен мақсат- міндеттері. Қазақ тілі жүйесінің мектепке арналған ғылыми курсы деңгейлерін оқыту әдістемелері (фонетиканы оқыту әдістемесі, лексика мен фразеологияны оқыту әдістемесі, сөзжасамды оқыту әдістемесі, морфологияны оқыту әдістемесі, синтаксисті оқыту әдістемесі, мәтінді оқыту әдістемесі). Қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың тілін дамыту әдістемесі. Офография мен офрэпияны оқыту әдістемесі. Пунктуация заңдылықтарын меңгерту әдістемесі. Стилистиканы оқыту әдістемесі. Қазақ тілі бағдарламалары мен оқулықтарын талдау әдістемесі. Қазақ тілін оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу әдістемесі. Қазақ тілін оқыту әдістемесі оқулықтар мен оқу құралдарын, бағдарламаларды пайдалана отырып, студенттер атқаратын шығармашылық жұмыстарға басшылық жасап, лекция, практикалық сабақтар, арнаулы семинарлар барысында меңгертіледі. Сонымен бірге СОӨЖ, СӨЖ және бақылау жұмысы, реферат, курстық жұмыс, дипломдық жұмыс жазуы арқылы әдістемелік білімі жетілдіріл Қазақ тілінің жүйесін құраушы кіші жүйе ретіндегі лексиканы және аралық деңгей ретіндегі фразеологияны оқытудың мақсаты мен міндеттері. Лексикалық ұғымдар және оларды меңгерту әдіс- тәсілдер жүйесінің ерекшеліктерін түсіндіру. Оқушы тілінде байқалатын лексикалық қателер және оларды болдырмау жолдарын айқындау. Лексиканы оқытуда көрнекілік пен сөздіктерді қолданып, олармен жұмыс жасаудың жолдарын үйрету. Лексиканы оқыту барысында оқушылардың машық, дағдыларын қалыптастыру. Тіл мен мәдениеттің өзара байланысын түсінуде оқушыға тіліміздегі сөздердің мағынасы мен мәнін меңгертудің, халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, халық педагогикасын сана-сезімдеріне сіңіруде тілдің сөздік қоры мен сөздік құрамын үйретудің мәні айрықша. Қазақ тілінің лексикологиясын меңгеру арқылы оқушы тілдің не бір терең қабаттарындағы сөздердің мән-мағынасын меңгеруге мүмкіндік алады. Сөз мағынасындағы түрлі мағыналық реңктерді меңгерген оқушының тілі де, сөйлеу мәдениеті де жоғары болады.
Лексика бөлімінің білімділік, танымдық маңызы оқушылардың тіл білімі туралы ұғымының кеңеюіне, тілдің ең кіші бөлшегі – сөздің фонетикамен, морфологиямен, синтаксиспен стилистикамен қатысын түсінуіне, соның негізінде бүкіл тілдің жүйесін тұтас ұғып, теориялық білімдерін практикада ұштастыруға мүмкіндік береді. Лексикалық ұғымдар 5-6 сыныптарда арнайы өтілумен бірге, тілдің өзге салаларын оқыту барысында да қайталанып, жаңа материалды толықтыру, түсінікті ету үшін қажет болады. Ол үшін лексика туралы алған ұғым әрқашан грамматиканы оқыту барысында кеңейіп, практикалық маңызы ашыла түсуі қажет. Ғалым А.Айғабылов лексиканы оқытудың маңызын ерекше атап өтеді. Мектеп курсында оқушыларға лексика бөлімінен саналы білім беру үшін бағдарламаға енген тақырыптардың теориялық және практикалық жағынан мәні анықталады. Лексика бөлімін оқытуда негізінен үш ұғымды білуіміз қажет.

Лексиканы оқыту методикасында негізінен төрт прицип бар. Оның біріншісі-сөз мағынасын оның (сөздің) аңғартатын болмысымен (зат, сын-сапа, сан, қимыл т.б.) салыстыру, екіншісі-лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаны салыстыру, үшіншісі-семантикалық-мағыналық принцип, төртіншісі – диахрондық принцип. Лексиканың негізі – сөз және оның мағынасы. Сөз ұғымын меңгерту арнайы логикалық жаттығулармен бірге грамматикалық, орфографиялық және стилистикамен байланысты жаттығу жұмыстары жүргізіледі.



Лексикалық жаттығуларағы негізгі нысан – сөздің мағынасы мен ұғымын игерту. Бұл мақсатты орындау үшін мына жүйеде жұмыс жүргізудің тиімділігі анықталады: 1) белгілі мазмұнды мәтіндердегі минимумда берілген жеке сөздердің мәтін мағынасын игерту арқылы сөздерді қолдана білуге жаттықтыру; 2) сөздердің тура, ауыс мағыналарын ажыратып игертумен байланысты сөздерді қолдана білуге дағдыландыру; 3) сөздерді тіркесте, контексте қолданылуы бойынша жаттығулар; 4) сөздерді әдеби тіл стильдері мен сөйлеу түрлеріне байланысты қолдана білу икемділіктері мен дағдыларын дамыту. Ол үшін сөздерді қолдана білуге дағдыландыратын нәтижелі жұмыс түрлері мен жаттықтыру жұмыстары топтастырылды. Мәселен, сөзбен жұмыс жүргізуді белгілі бір кезеңдерге бөлеміз: бірі – сөздерді игертудегі бекіту кезеңі, екіншісі – олардың қолданылуына дағдыландыру жұмысы.
Синтаксис- грамматиканың көлемді құраушы бөлігі болып табылады. Синтаксис жүйесінің ішкі құраушылары - сөз тіркесі синтаксисі және сөйлем синтаксисі. Сөйлем синтаксисінқұраушылары - жай сөйлем синтаксисі мен құрмалас сөйлем синтаксисі. Мәтін синтаксисі және қатысымдық синтаксис мәселелерін жан- жақты түсіндіру. Синтаксистік байланыстар мен синтаксистік қатынастар туралы ұғым қалыптастыру. Синтаксистік талдау жүргізудің жолдарын ұсыну. Синтаксистің тілдің басқа деңгейлерімен тығыз байланыстылығы.
Синтаксис туралы жалпы мәлеметті оқушыларға әңгіме әдісімен де, лекция арқылы да түсіндіруге болады. Қандай әдіспен түсіндірілсе де мұғалім синтаксистің өзіндік ерекшелігін оқушыларға саналы білдіру үшін, оның тілдің өтілген басқа фонетика, лексика, морфологиямен салыстыруды ұмытпаған жөн. Ол бөлімдердің қарастыратын мәселелерін оқушылардың есіне қысқаша түрде түсіре отырып, синтаксистің нені зерттейтінін саралап айтып берсе, оқушылар жақсы меңгереді және тілдің басқа салаларынан синтаксистің айырмашылығын жете біледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет