Қазақ пунктуациясы – қазақ тыныс белгілері жөніндегі ережелердің жиынтығы.
Әдіс – құбылыстарды танып білудің, зерттеудің әдіс-тәсілдері мен амалдар жиынтығы, таным мен істе белгілі нәтижелерге жетудің тәсілдері.
Әрекет – іс-қимыл, құрал. Оқу әрекеті арқылы баланың ойы абстрактіден нақтыға қарай өрлейді, теориялық сана, теориялық ойлау қалыптасады.
Бейін алды даярлық – білім алушылардың жеке білім беру траекториясының негізгі орта білім беруді таңдауын мақсатты педагогикалық қолдау.
Бейінді оқыту - білім алушылардың мүдделерін, бейімділігі мен қабілеттерін ескере отырып, оқытуды саралау мен даралау процесі, білім беру процесін ұйымдастыру.
Білімдену – оқу барысында шәкірт игерген білім, ептілік, дағды және ойлау тәсілдері жүйесі.
Білім алушылардыаралық аттестаттау – білім алушылардың бір оқу пәнін оны зерделеп бітіргеннен кейінгі бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім.
Білім алушыларды қорытынды аттестаттау – тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.
Даму – адам ағзасында жүріп отырған
Дедукция – ойлаудың бүтіннен бөлшекке, жалпыдан жалқыға көшу жолы.
Дидактика – педагогикалық ғылымның оқыту әдістерін баяндайтын бөлімі.
Дүниетану – дүниенің даму заңдылығын білу қабілеті, жалпы ой-өріс.
Индукция – жалқыдан жалпыға, белгіліден белгісізге қарай ой қорыту тәсілі.
Инновация /латын/ – білім беру, тәрбиелеу жұмысына жаңалықты енгізу, яғни жаңа әдіс – тәсілдерді, амалдарды, құралдарды, жаңа концепцияларды жасау және оларды қолдану.
Интерактивтік – интеракция деген ұғымнан шығады. Ал интеракция жеке индивидтердің, топтың, жұптың өзара біріккен әрекетке бір-біріне алма-кезек өтуі.