2.1 Фонтанның басқару алгоритмін жасау Судыфонтандық насос арқылы айдап шығарудың айнымалы техникалық
процесін бақылау Siemens S7-300 фирмасының ЕБЛК базасында жүргізіледі.
Магистральді cу құбырынан субассейнге құйылады. Бассейндегі судың
деңгейі деңгей тетігімен бақыланады. Бассейннің қабылдау келте құбырдағы
клапан1 су деңгейі максималды деңгейге жетпегенге дейін ашық болады. Су
максималды деңгейге жеткенде, қабылдау келте құбырының клапаны
жабылады және бассейнге суды жіберу тоқтайды. Бассейн сумен толғаннан
кейін, қабылдау келте құбырының клапаны жабылады және он екі сағат бойы
су бассейнде ұсталады. Он екі сағат сайын су бассейннен «клапан4» арқылы
төгіліп отырады.
Бассейндегі су деңгейі 100%-ға жеткенде «клапан2» ашылып, «насос1»
іске қосылады. Насостың қызып кетуі температура тетігімен өлшенеді.
Тампература максималды деңгейге жеткенде, «клапан2» жабылады және
«насос1» істен шығады. Апаттық жағдай кезінде қосымша «насос2» іске
қосылады.
Судың бассейнге келетін қысым сұйықтық қысымын өлшейтін
түрлендіргішпен бақыланады. Құбырдың атылуын болдырмау үшін су
қысымын сирету қысымының түрлендіргішімен бақылау қажет.
Басқару міндеттерін шешу үшін басқарушы сигналдарды басқару және
жіберу үшін, технологиялық айнымалы процестур туралы аналогты және
дискретті сигналдарды жинау және өңдеуге негізделген бағдарламалық
жасақтаманы құру қажет. Фонтанды басқару мақсатында ЕБЛК-і келесі
технологиялық айнымалылары беру қажет:
- бассейндегі су деңгейі;
- насостың қызып кету температурасы;
- құбырдағы су қысымы.
Басқару алгоритмі сигналдарды оқу, температураны басқару, су
деңгейін басқару функциясын құру орынды болады. Алгоритмі 2.1-суретте
көрсетілген басты бағдарлама сигналдарды оқу және басқару үшін
функцияларды шақырады [6,7].
Басы
T, P,
L
49
2.1 сурет – Негізгібағдарламаның блок-схемасы
Басты бағдарлама FC1 (аналогты сигналды оқу функциясы) функцияны