1.2.6 Электр магниттік клапанды таңдау
Электр магниттік клапан- барлық типтегі сұйықтықтар мен газдардың
ағынын реттеуге арналған электр механикалық құрылғы. Ол корпустан,
ағынды реттейтін диск немесе поршен орнатылған білікпен соленоидтан
тұрады.
1.15 сурет – Электромагниттік клапан құрылғысы
Клапанның электр магниттік катушкасына электрлік кернеу беріледі,
одан кейін магнитті білік клапанның ашылуына немесе жабылуына әкелетін
соленоидқа тартады. Білік соленоид катушкасының жабық түтігінің ішіне
орналасқан - бұл электр магниттік клапанның герметикалығы үшін де қажет.
Электр магниттік клапан құрылғысы қарапайым тиекті клапан
құрылғысына ұқсас, алайда электр магниттік клапанды ашу немесе жабу
механикалық күшсіз - электр магниттік кренеуді жіберу жолымен электр
магниттік катушка көмегімен (соленоид)жүзеге асырылады [10,14].
42
1.2.7 Шамшырақты таңдау
Жарық диодты кластерлердің негізіндегі шамшырақтар жарықтану
саласында перспективалы бағыт болып табылады және фонтандарға жарық
беруде кең қолданыс табуда. Жарық диодында, қыздыру лампасы немесе
люминесценті лампаларына қарағанда, электрлік тоқ жарық сәулесіне
түрленеді және бұл шығынсыз болады. Жарық диоды спектрдің тар бөлігінде
сәулеленеді, оның түсі таза, бұл су ағындарына жарық беруде ерекше
бағаланады.
Жарық диодты шамшырақтар
галогенді шамшырақтармен
салыстырғанда маңызды артықшылық болып табылады:
- жарық ағынының жоғары интенсивтілігінде төмен қуат (соған сай,
кабельдерде, трансформаторларда үнемділік, сондай-ақ жоғары
энергетикалық тиімділік пен ПӘК);
- қызмет көрсетудің аса ұзақ мерзімі - шамамен 100.000 сағат немесе 11
жыл үздіксіз жұмыс;
- инерциясыздық, контролллер, диммерлер раылы басқару мүмкіндігі,
кез келген түстік және уақыттық жұмыс бағдарламалары;
- жарықты басқару бойынша кең мүмкіндіктер: бір RGB - кластер
барлық түс спектрін алуға мүмкіндік береді;
- жарық диодтарын динамикалық, түстік әуендік фонтандара қолдану
орынды;
- RGB -кластермен бір шамшырақ қанық түсті түзе отырып, әртүрлі
түстегі жарық сүзгілерімен 5 галогенді шамшырақтардың орнын
алмастырады.
Фонтанның жарық диодты көмескі жарығын жасау үшін келесі
толымдаушылар қойылады: кластерлер: ақ, қызыл, көк, жасыл, сарғылт -
12V/15W/AC (3 диод) - RGB-кластер, 12V/15W/DC және 12V/30W/AC - қуат
алу блогы 220V/120W/DC – 3 диодтан 8 RGB-кластер немесе 6 диодтан 4
RGB-кластер - қуат алу блогы 220V/150W/DC – 3 диодтан 10 RGB-кластер
немесе 6 диодтан 5 RGB-кластер - қуат алу көзі - питания 220V/240W/DC – 3
диодтан 16 RGB-кластер немесе 6 диодтан 8 RGB-кластер (8 бағдарлама,
ауыстырып-қосу уақытын реттеу) [14].
Достарыңызбен бөлісу: |