Фонтандық насоспен автоматтандырудың сандық жүйесін құрастыру



бет2/22
Дата20.02.2023
өлшемі2,09 Mb.
#69623
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
dip -fontandyq-nasospen-avtomattandyrudyn-sandyq-zhuyesin-qurastyru-2015-67

1 Технологиялық бөлім


1.1 Негізгі түсініктер мен жіктелу. Фонтандардың түрлері

Фонтандар- түтіктерден өтетін, жоғары қарай атқылайтын ағыстар және


ауа кедергісі мен ауырлық күшінің әсерінен бөлешектенетін және де фонтан
тостағанына, жасанды су қоймасы немесе табиғи бассейнге түсетін суды
жіберу үшін сәулет құрылыстары.
Қала фонтандары сәулет формаларының әрқилылығымен, сондай-ақ
құрылатын су ағындары композициясының айырмашылықтарымен
ерекшеленеді.
Фонтандардың негізгі түрлері болады:
1) декоративтік безендірілгн табиғи бұлақтар;
2) су қоймасының беткейіне бір немесе ірнеш ағындармен түсетін
фонтандар;
3) су қоймасының орталығында бір немесе бірнеше тостағандармен
немесе жоғарғы тосғағанға бір немесе бірнеше ағындармен түсетін фонтандар;
4) көп басқышты су ағындылары түріндегі фонтан сарқырамалары.
Фонтандардың жіктелуі:
1. эксплуатация шарттары бойынша - ландшафттық (ашық ауада) және
интерьерлік (бөлмелерде);
2. судың шығыны бойынша - аз(Qпроп. = 0,8-2 л/с), орташа(Qпроп. 50
л/с дейін), жоғары (Qпроп. 50 л/с жоғары);

3. сәулет-скульптуралық безендіру бойынша
-
декоративтік,

скульптуралық, сарқырамалар, су қоймалары.
Фонтандарды сумен қамтамасыздандыру үшін қолданылуы мүмкін:
бұлақтар, өзендер, бассейндер, тоғандар, қоймалар, қала су құбырлары және
басқа да су қоймалары.

Фонтандар қызмет көрсетуі үшін
ашық беткейлік көздер

қондырмасында ағынның ең жоғары көтерілу нүктесінде орналасуы керек
және егер жасанды ағынды жасау мүмкін болмаса, сорғылық қотаруға
жүгінуге тура келеді.
Фонтандарды сумен қамтамасыздандыру тәсілі:
1. Су құбырынан тікелей ағызу арқылы.
2. Тікелей су құбырынан канализацияға ағызу.
3. Кері сумен жабдықтау.
Судың аздаған шығынымен фонтандар үшін әдетте тік ағатын жүйе
қолданылады, яғни су су ағызатын құдыққа түседі. Үлкен су қолдануда су
айналымының тұйықталған жүйесін қояды, яғни фонтандардан су арнайы
қоймаға түседі, ал одан сорғымн қайтадан фонтанды қуаттандыру үшін
жіберіледі. Пайдаланылған судың су қабылдағышы ретінде су ағызатын
15

құйынды құдықтар, бассейндер, тоғандар, су ағындары және т.б.


қолданылады.
Фонтандардың құрылысы үшін келесі құрылыс материалдары
қолданылады: бетонғ тас, темір бетон, шойын, болат және т.б. Фонтандардың
тостағанын әдетте шойын және басқа металдардан жасайды, ал сумен
қамтамасыздандыру және суды әкету үшін болат немсе шойын құбырларды
қолданады.
Бассейн мен фонтан тостағандарын әдетте суды қыс суығы алдында
толық шығару мүмкін болатындай конструкцияда жасаған дұрыс, сондықтан
олар су әкетудің қабылдау тесігіне иілімді болады.
Фонтанның маңызды бөліктерінің бірі су картинасын қалыптастыратын
форсункалар (қондырмалар) болып табылады. Дайындау үшін жез, қола, тот
баспайтын болат, композициялық материалдар қолданады.
Қондырмалардың түрлері: көп ағынды, айналмалы, топмсалы (ағатын
ағындарға иілім беру мүмкіндігін береді) және т.б.
Берілген форма ағынының факелін құру мақсатында әртүрлі
бейнелегіштер бекітіледі, олар горизонтальді жазық немесе қисық сызықты
пластинка формасына ие болуы мүмкін.
Фонтандарды реттеу суды апаратын түтіктерде орналасқан тиектермен
(вентильдермен) жүзге асырыладығ ал бірнеше ағындар үшін вентилдермен
арнайы тарақ орнатылады. Ауаны реттеу және әкелу көегімен жоғары көру
эффектін қамтамасыз ететін ағындардың композициясын құруға болады, ал
кешкі уақытта түстік эффект беретін арнайы жарықтандыру қолданылуы
мүмкін.
Су айналымының тұйықталған жүйесінде желмен әкету, бассейн мен
тостағаннан буланудансу шығындары есепке алынады.
Сорғы агрегаттарының орналасуы фонтанның астындағы тікелй құдық
немесе басқа да ыңғайлы жерде болуы мүмкін, кейбір жағдайларда олар тік
ағынды схема бойынша қаланың қу құбырынан қуаттануы мүмкін.
Фонтандардың адам айтқысыз көптеген формалары бар. Олар
ағындармен - қуаты, биіктігі бойынша, безндірілуі - скульптуралық және
сәулеттік - жән техникалық күрделігігі бойынша ерекшеленуі мүмкін.
Олардан негізіне күрделі үйлесімдр құрылатын ең кең таралған түрлерін
бөлуге болады (1.1 сурет).

16

1.1сурет - Фонтандардың түрлері: 1 - жұмыр таспен; 2 - диірмен тасымен; 3 -


фонтан-бұлақ; 4 - бір су ағынынан; 5 - көп ағынды; 6 - бір тостағанмен; 7 -
судың құйылуымен бірнеше тостағанмен; 8- скульптураларды қолданумен; 9 -
бүріккіштермен.

Техникалық тұрғыдан фонтанды бүріккіш, фонтан гловкасы, ағынды


реттеуші және жүктелгн сорғыға ажыратуға болады.
Сонымен қоса, форсункалардың әртүрлі түрлерін қолдана отырып, су
қозғалысының таңғалардың кескіндерін жасауға болады. Өйткені барлық
форсункаларда (бүріккіш) әртүрлі тағайындалымдар бар: біртекті немесе
үзілмелі, жоғары немесе төмен ағынды беру.
Өзінің осі айналасында айналатын фондардар да бар; басқасы судың
астынан беткейге әртүрлі формадағы көбікшелер шығарады. Осы мақсатта -
су қозғалысының кескінінде әрқилылыққа қол жеткізу үшін - әртүрлі
бүріккіштер қолданылады (1.2-сурет):
17



1.2сурет - Форсункалардың түрлері: 1 - жеке бүріккіш; 2 - қабатты бүріккіш; 3


- айналма-бүріккіш; 4 - "су ағыны"; 5 - "балық құйрығы"; 6 - "гейзер"; 7 -
"қызғалдақ"; 8 - "сақина"; 9 - "жарты шар"; 10 - "қоңырау"; 11 - "Тиффани".

1) жеке - суды белгілі бір биіктікке лақтырумен ұсақ вертикальді


ағындар;
2) қабаттық - әртүрлі биіктікке суды лақтырумен жән мұнда бірнше
қабаттар түзумен ұсақ вертикальді ағындар;
3) "айналма" - су ағынын айналдырғанда түзілетін бірнеше шиыршық
тәрізді ағындар;
4) "су ағыны" - жер беткейінен (му қоймасы, еден және т.б.) белгілі бір
қашықтықта декорацияланған қабырғадағы тесіктен горизонтальді ағатын су
лақтырылысы;
5) "балық құйрығы" - желпуішпен тарамдалаты және де дерлік тұтас
жалбыраған қабырға түзетін бірнеше вертикальді ағындар;
6) "гейзер" - ауа көпіршіктерінің үлкен санымн су ағыны;

18






7) "қызғалдақ" - арынмен көтерілетін, құйғыш түзетін, жоғарысынан


кеңейетін және шеңбер бойынша жалбырайтын, жіңішке су күмбезін түзетін
су ағыны;
8) "сақина" - судың шеңбер бойынша орналасқан тесіктерден бірдей
бікттке вертикальді лақтырылысы;
9) "жарты шар" - форсунка-шариктің көп түтікерінн лақтырылатын және
жарты шар түзетін су ағындары;
10) "қоңырау" - диск формасына ие форсунканың жоғарғы бөлігінен
түсетін судан түзілтін жұқа су күмбезі;
11) "Тиффани" - күмбезден көркем сурет түе отырып, бірдей биіктікте
су ағыны лақтырылатын "қоңырау", өйткені кумбездің астында бүріккіш
бірнеше тесіктерден тұрады.
Фонтандардың әртүрлі типтерін үйлестіре отырып, сұлулығы және
сыртқы көрінісі бойынша олардың әртүрлі үйлесімдерін құруға болады.
Қарапайым классикалық формалар өте жиі қолданылады, ал ең заманауи
дизайнерлер түпнұсқалық және бірегей дайындамаларға ерекше назар
аударады. Мысалы, егер қарапайым сорғыға су қоңырауын құру үшін
конструкцияларды қосатын болса, нәтижесінде диаметрі 0,5-1 м болатын су
күмбезін алуға болады. Сонымен бірге, диаметрлерін үлкейтуге, судың астына
су шамшырақтарын орналастыра отырып, түстік эффекттерге қол жеткізуге
болады.
Фонтанды жасанды немесе табиғи су көздеріне қатысты орналастыру
орнын анықтайтын маңызды сипаттамалардың бірі оның су шығыны бойынша
қуаты болып табылады. Мұндай көздердің маңында судың жоғары
шығынымен - 150 л/сек дейін фонтандарды орналастырады, ал кішігірімдері
үшін минимальді қуат - 1-2 л/сек.
Саябақтар мен гүлзарларда орналасқан фонтандардың болуы жасыл
көшеттердің өліміне қауіп төндіретін ылғалдылықтың өзгерісін туындатпайы
үшін, фонтанда су шығыны 50-60 л/сек тан аспауы қажет. Сумен
қамтамасыздандыру тәсілдері әртүрлі болады (1.3 сурет).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет