Буынның шығуы - күрделі қимыл – қозғалыстың салдарынан буын қалтасы мен буын сіңірлері созылып , кейде үзіліп кетуі.
Госпитализациялау (ауруханаға жатқызу) - науқастарды денсаулық сақтау ұйымдарының ауруханаларында іріктеу, қабылдау және жатқызу.
Дағды - бұл қайталанған қайталама үрдісінде автоматизмге әкелетін кəсіби қызметтің əдістемелік əдісі.
Диагноз - ауру туралы медициналық терминмен айтылатын аурудың қысқа түйінін айтады.
Диагностика– ауруды тексеру тәсілдері туралы ғылым. Бұл терминнің ішіне пациентті толық тексеріп диагнозын қою кіреді.
Диетотерапия - емдәммен емдеу. Емдік емдәмдердің 15 түрі болады.
Дисфункция – ағза ұлпаларының немесе мүшелерінің , жүйелерінің функцияларының бұзылуы.
Дифференциалды диагноз – қойылған диагнозбен кейбір симптомдар ұқсастығы бар барлық болжамды диагноздарды тізімнен шығару әдістері.
Емдік қорғау тәртібі - пациенттер мен медицина қызметкерлерiнiң барынша физикалық және психологиялық қолайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жиынтығы.
Жарақат - сыртқы әсерлердің нәтижесінде тіндердің (органның) тұтастығы мен функциясының бұзылуы.
Жасырыңды кезең (латентті, инкубациялық). Бұл сатыда аурудың себебінің алғашқы
рет әсер етуінен бірінші клиникалық белгілердің пайда болуынша уақыт.
Қабылдау бөлімшесі– тіркеуге, қабылдауға, алғашқы тексеруге, антропометрияға , түскен науқастарды санитарлық-гигиеналық өңдеуге және білікті (шұғыл) медициналық көмек көрсетуге арналған маңызды консультативті-емдік-диагностикалық бөлімше.
Қабылдау (медицина қызметкері) - науқастың денсаулық жағдайы туралы жалпы түсінік алуға мүмкіндік беретін медициналық қызметті құрайтын медицина қызметкерінің әрекеттері.
Қауіп қатер факторы - мінез-құлықтың, биологиялық, генетикалық, экологиялық, әлеуметтік сипаттағы, экологиялық және өндірістік ортадағы ықтимал қауіпті факторлар, аурудың даму ықтималдығын арттыру, қолайсыз нәтижеге қол жеткізу.