Формуласы: Т2+2К4А2+4Ж(2) Таралуы


Формуласы: *Т(5)К(5)А5Ж(2) Таралуы



бет2/3
Дата21.12.2023
өлшемі17,74 Kb.
#142358
1   2   3
Формуласы:(5)К(5)А5Ж(2)
Таралуы: барлық жер шарында, көптеген түрлері әсіресе Орталық және Оңтүстік Америкада кездеседі.
Тіршілік формасы: біржылдық және көпжылдық шөптесін, жартылай бұталы.
Тозаңдануы: жәндіктер арқылы.
Жемісі: жидек немесе қауашақ.
Қазақстанда кең таралған туыс өкілдері: алқа, меңдуана, үрмежеміс, сасық меңдуана.
Мәдени өсімдіктер: бұрыш, қызанақ, болгар бұрышы, баклажан, картоп, қызыққұлақ (физалис), темекі.
Шаруашылықтағы маңызы: азықтық және дәрілік өсімдіктер. Сонымен қатар алқалылардың ішінде улысы да бар (сасық меңдуана).
Алқалылар шөптесін өсімдіктер, сирек жағдайда жартылай бұталы. Жапырақтары кезектескен, қосалқы жапырақсыз, жай тақта тәрізді, бүтін жиекті.
Гүлі қосжынысты, дұрыс немесе бұрыс зигоморфты. Гүлшоғыры цимозды, кейде гүлдері жекеленіп орналасады. Гүлсерігі 5 мүшелі. Тостағаншасы қатты терең тілімделінген, көбінесе жемісінде қалып қояды. Күлтесі қысқа не түтік тәрізді. Аталықтарының саны 5-у, олар күлте аралықтарында орналасқан, жіпшесі қысқа. Аналығы 2 жеміс жапырақшасынан тұрады, тозаңы үлкен, гүлдері бунақденелілер арқылы тозаңданады. Үстіңгі жатыны 2 немесе кей жағдайда 4-5 ұялы болып келеді. Әрбір ұяда өте көп тұқымбүршіктері дамиды.
Жемісі қаушақ немесе жидек. Жидек жемісті өсімдіктердің өкілдерінің ішінде ең маңыздыларының бірі алқа, ол Қазақстанның барлық аймақтарында таралған. Көптеген алқалылардың құрамында улы алкалоидтар бар, оларды дәрі-дәрмек түрлерін алуда қолданылады.
Алқалылардың шаруашылықтағы маңызы өте зор, әсіресе, бірінші кезекте: қызанақ, бұрыш, баклажан, картоп.
Қазақстанда алқалылардың жабайы өсетін маңызды түрлерінен: алқа (7 түр), меңдуана (2 түр), сасық меңдуана (1 түр) кездеседі.



  1. Алқалар мен крестгүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің маңызы мен қолданылуы.

Тағамға: баклажан, қызанақ, болгар бұрышы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет