Фосфор-кальций алмасуының бұзылуымен байланысты аурулар


Бүйректік тубулярлық (өзекшелік) ацидоздың



бет6/7
Дата30.03.2023
өлшемі29,47 Kb.
#77639
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Фосфор-кальций алмасуыны б зылуымен байланысты аурулар

Бүйректік тубулярлық (өзекшелік) ацидоздың шығу негізі дистальдық өзекшелердің қышқыл заттарды бөліп шығару қабылетінен айырылуында (зәр рН 6,8-ден төмен болмайды) болады. Ацидоздың кальциурияға, ол сүйектердің минералдар жоғалтуына әкеліп, түрлі сүйек бұзылыстары мен нефрокальциноз дамиды. Аурудың екі түрі болады: І-ші түрі дистальдық, Батлер-Олбрайт синдромы, туа біткен болып келеді. ІІ-ші түрі Лайтвуд синдромы, ер балаларда жүре бара пайда болады. Бұлшықеттер гипотониясымен қатар, бұл ауруларда сүйек өзгерістерінің болуы рахит диагнозының қате қойылуына әкеледі. Ажырату диагнозында зәр өзгерістеріне көңіл аударған жөн. Мысалы, кальций мөлшерінің арытуы, құм табылуы.
Гипофосфатазия – туа болатын фосфатаза белсендiлiгiнiң кемiстiгiне байланысты, ауру. Ауру бала туысымен немесе алғашкы жылы бiлiнедi. Көрiнiсiнде сүйек жуйесi («рахиттiк» деформациялар, бастың шар сияқты формасы), бұлшықеттер гипотониясы, статокинетикалық қабiлетінің кемiстiгi болады, олар бас сүйегiнiң айкын босаңдығы қосылғанда рахитке ұсас болады. Диагнозы клиникалық көрiнiсі мен қанның биохимиялық өзгерiстерiне сүйенiп қойылады (гиперкальциемия, фосфордың деңгейi қалыпты, сiлтiлi фосфатаза белсендiлiгiнiң кемуi немесе жоқтығы).

Рахиттiң емi.


Ем мақсаттары:

  • Д витаминінің тапшылығын жою;

  • фосфор мен кальций мөлшерін қалыпқа келтiру;

  • метаболикалық ацидозды жойып, калий мөлшерін қалыптастыру;

Бейарнамалық ем:

  • таза ауада жеткiлiктi серуендеу, қимылдық белсенділік;

  • жасына қарай тиiмдi тамақтан, ең бірінші табиғи тамақтануды сақтап қалу, бірінші қосымша тамақты көк-өніс ұнтағынан бастап беру;

  • массаж, гимнастика, шынықтыру;

Арнайы (өзiндiк) ем. Негізінен арнайы (спецификалық) емге Д витаминінің дәрілерін тағайындау жатады.
Рахитті емеуде қолданылатын Д витаминінң дәрiлерi:

  1. Витамин Д2. Эргокальциферол.

Дәрiлiк турлерi: 1. 0,5 % спирiттiк ерiтiндi (1 мл-де – 200 000 ХБ, 1 тамшыда - 4000 ХБ). Қазiр қолдану тиiмсiз (спирт ұшып кеткенде дерiнiң [С] артып, мөлшерiн тым көбейіп кетеді);
2. 0,0625 % майлы ерiтiндi (1 тамшыда – 625 ХБ, 1 мл-де – 2500 ХБ );
3. Витамин Д3 , 0,125 % майлы ерiтiндi (1 тамшыда –1000ХБ,1 мл – 50000 ХБ).
4. Витамин Дз, майлы ертінді, 0,5% (1 тамшыда – 58000 ХБ, 1мл-де – 200000 ХБ);
5. Вигантол (Холелокальциферол). 1 тамшыда – 500ХБ, 1 мл-де (30 тамшыдай) – 20000 ХБ (0,5 мл-дей).
6. Витамин Д3 (Польша). Холекальциферол (провитамин Дз). Сулы ертінді. 1 тамшыда 500 ХБ.
Д витаминінің емдік дозасы рахиттің дәрежесіне байланысты: 1-дәрежелі рахитте емдік дозасы – 150000-200000 ХБ; 2-дәрежелі рахитте – 200000-300000 ХБ; 3-дәрежелі рахитте 300000-400000 ХБ.
Емдеу мерзімінің ұзақтығы айқын ем тиімділігі байқалғанша жүреді. Орта есеппен 30-40 күнге созылады, содан кейін алдын алу дозасы (500 хб/тәуелігіне) беріледі.
Ультра-күлгін сәулесін қолдану – рахитті емдеудің әсерлі тәсіліне жатады. Цитратты қоспаны беруде маңызды болып келеді: Лимон қышқылы – 2,1, Лимон қышқылды Нартий – 3,5, Дисттилацияланған су – 100 мл-ге дейін қосылады. Кальций препараттары, витаминдер тағайындалады.
Витаминдер, минераллық заттар, әсiресе, құрамында кальций бар тағамдар беру, таза ауада жеткiлiктi серуендеу, массаж бен гимнастиканың емдiк мағынасы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет