Фосфор-кальций алмасуының бұзылуымен байланысты аурулар



бет7/7
Дата30.03.2023
өлшемі29,47 Kb.
#77639
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Фосфор-кальций алмасуыны б зылуымен байланысты аурулар

Болжамы. Классикалық рахитте тиiмдi ем жақсы есер бередi, бiрақ сауыққан сон сын-сымбат бұзылысы түгел кетпей сақталуы мүмкiн: дұрыс тiстем бұзылысы қалыптасуынан тiс кариесi; жамбас, кеудесiнiң майысқан қалдықтары. Жас кезiнде рахитпен ауырған әйелдiң бел лордозына байланысты жамбастың кiрiс-шығыс өлшемдерi тарылып, кейiн туу кезiнде кесер тiлiгiн жасауды қажет етуi мумкiн.

Рахиттің алдын алу жолдары:


1) Антенатальдық алдын алу. Нәресте тумастан бұрынғы алдын алу шаралары жүктi әйелдiң режим сақтап, сүт, жемiс-жидек тағамдарын қабылдап, манызды және жеткiлiктi тамақтану, таза ауада қөп уақыт болуымен ұштасады.
Арнайы алдын алу. Жүктiлiктiң 28-30 аптасынан бастап 6-8 апта бойына, күн сайын 400-500 ХБ-тен Д витаминiн бередi. Жүктiлiктiң соңғы 3-4 айында гендевит поливитаминiн күнiне 1-2 дражеден беруге болады (бiр дражеде 250 ХБ Д2 витаминi бар). Жасы 35-тен асқан, сонымен бiрге жүрек-қантамырлары жүйесiнің дертi бар жүктi әйелге Д витаминiмен рахиттiң алдын алуын жүргiзуге болмайды.
2). Рахиттің постнатальды алдын алу. Рахит ауруымен күресте міндеттi түрде табиғат факторларын барынша мол және дұрыс пайдаланган жөн: күн, ауа және су, сондай-ақ уқалау мен гимнастика. Рахиттiң алдын алуда тиiсiнше тамақтандырумен бiрге баланы дұрыс күте бiлу және режим сақтау маңызды орын алады.
3). Арнайы алдын алу. Балаларда рахиттің арнайы алу жұмыстары 2 жетiден бастап жүргiзiлуі қажет. Д витаминiнiң мөлшерi тәулiгiне 400-500 ХБ болады, күз-көктем кездерiнде сәбидiң алғашқы және екiншi жасында оны В1 С(0,03) және В2(0,001), В5(0,ООЗ) витаминдерiмен қосып, айына екi жетi бойы бередi. Д витаминiн берудi УКС тағайындаумен ұштастырады (15-20 рет).
Мезгiлiне жетпей туған немесе қолайсыз жағдайда тұратын сәбилер үшiн Д витаминiнiн әр күндiк мөлшерi 600-800 ХБ. Кей сәбилерде Д-витаминiне жоғары сезiмталдығы болатынын ескерiп, 2-3 жетiде Сулкович сынамасын жасайды, егер онын мәні +++ болса, Д витаминiн берудi тоқтатады. Рахиттің алдын алу жолында эргокальциферолдың майлы ерiтiндiсiн немесе дражесiн, видеин, видехолды қолданады. Сәбилер үшін шығарылатын өндiрiстік тағамдардың құрамына Д витаминін араластырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет