Рахит (мешел, ит тиген, қой ауруы, кешек) – сәбилердiң қарқынды өсу кезеңiндегi Д витаминi мен оның белсендi метаболиттерiнiң аздығына байланысты кальций-фосфор зат алмасуы өзгерiсiмен, сүйектердiң минералдануы мен сүйек құрылуының және негiзгi ағзалармен жүйелер қызметiнiң бұзылуымен сипатталатын ауру.
Күнi бүгiнге дейiн рахит балалар арасында кең тараған ауру. Балалар патологиясында рахиттiң маңызы зор: тiптi жеңiл түрінің өзi организмнiң дертке қарсы қабiлетiн төмендетiп, бала ауруы мен өлiмiнiң көбеюiне жанама түрде әсер етедi.
Рахит дымқылды жер үйлерде тұратын балаға тән, сондықтан, әлеуметтiк ауру ретiнде тұрмыстары нашар отбасыларында жиi кездеседi. Рахиттiң таралуы климаттық географиялық жағдайларға да байланысты, ауасы таза және ультракүлгiн сәулесi жеткiлiктi ауылдық жерлерге қарағанда, қалаларда жоғары.
Этиологиясы.
1. Рахит дамуының жағдайлары:
терiде холекальциферол түзiлiсiнiң бұзылуы;
бауыр мен бүйректе Р, Са алмасуының бұзылысы;
тағаммен Д витаминнің аз түсуi;
2. Тағамдық факторлар:
витамин қосылмаған жасанды қоспалармен коректендiру;
сүтпен ұзақ мерзiм тамақтандыру;
негiзiнен вегетариандық тамақтану (ботка, көкөнiстер), жануар ақуызының жеткiліксiз болуы;
Рахит дамуындағы мәнді түрткі тағамдағы Д витаминінің кемiстiгiнен гөрi одан жеткiлiктi түрде Са, Р, белок (ең бастысы аминқышқылдары), липид, микро-элементтер мен басқа витаминдер (С, В1 В, В (Е) түзеліп, қалыптаспауы. Отбасылық тамақтану үрдiсiнiң де бір жастан асқан сәбиде рахит дамуында маңызы бар.
3. Перинатальдық факторлар.
Шала туылу рахиттың дамуына икемдейдi, себебі, кальций фосфордың ана организмінен ұрыққа жинақталуы жүктіліктің соңғы айларында жүреді. Ал, шала туылған балалар тез өсетін болғандықтан, олардың кальций мен фосфорға мұқтаждығы жоғары болып келеді. Сонымен қатар, жүкті әйелдің дұрыс тамақтанбауы – оның организмінде кальций мен фосфордың аз болуына әкелуі мүмкін.
4. Нерв жүйесінің перинатальды зақымдалуына, дене тәрбиесінің элементтерінің болмауынан (массаж, гимнастика және т.б.) қимылдық белсенділіктің жетіспеуі.
5. Ішек дисбактериозына және кальцийдің сорылуының бұзылуына әкелуі мүмкін іщек-қарын жолдарының аурулары.
6. Экологиялық түрткілер. Топырақта, соған байланысты суда, тағамдық өнімдерде стронцийдің, қорғасынның және басқа металлдардың көп болуы сүйектерде олардың орнын басуы мүмкін.
Рахит ЖРВИ, пневмонияның, ішек бұзылыстарының және басқа аурулардың дамып және олардың ағымының ауыр болуына ықпалын тигізеді. Олар өз алдына рахиттің ағымының ауыр болуына себтіктерін тигізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |