1. Д витаминіне ризистентті (берік) рахит – дерттің бұл түрінде Д витаминінің емдік дозасы тиісті дозадан артық болады. Мешелдің бұндай беріктігінің себебіне дұрыс тамақтанбағаннан бауырда және бүйректе кальций байланыструшы белоктің (Са ББ -тың), яғни, Д витаминінің гормондық түрінің, түзілуінің бұзылуы жатады.
2. Д витамині жетіспейтін рахит – дерттің бұл түрінде Д витамині 1000-3000 халықаралық бірлік дозада шипалы болып есептеледі. Яғни, шипалы доза алдын алу дозасынан 2-6 есе артық болады.
Белок жетіспейтін мешел – дұрыс тамақтанбағандықтан, балаларда белок және кейбір ауыстырылмайтын амин қышқылдары (лизин, метионин және т.б.) жеткіліксіз болғандықтан, пайда болады. Олар фосфор-кальций алмасуының және сүйек тініндегі метаболизмнің бұзылуына әкеліп соқтырады.
Фитиндік мешел – сирек кездесетін түрі. Негізінен орта Азияда, оңтүстік Қазақстанда байқалады. Бұл ұлттық тағамның ерекшелігіне байланысты, яғни, 4-5 сағаттай ашып, бірақ көтерілмеген ұннан жасалынған тағамдарда, фитин қышқылы көп болады. Ол ішекте кальциймен бірге ерімейтін кешен түзеп, кальций жеітспеушілігінің пайда болуына себебін тигізеді. Бұл өзгерістерді қалыптастырып болмай, Д витаминімен емдеу нәтиже бермейді.
Ішектегі сорылудың бұзылуы байқалғанда анықталатын мешел ауруы екінше реттегі мешел болып есептелінеді. Себебі, ол негізінен муковисцидозда, целиакияда, энтеропатияда және дисбактериоздарда кездеседі. Бұл аруларда ішектің кілегей қабығының дистрофиясының әсерінен белок, витаминдер, минеральдық заттардың сорылуы бұзылып, мешелдің ауыр түрі дамиды. Бұндай жағдайларда негізгі ауруларды емдегеннен кейін ғана, Д витамині беріледі.
Д витаминіне тәуелді мешел – Д витамині жеткіліксіз мешелге ұқсас болып келеді. Д витаминіне берік мешел тобына жатады. Д витаминінің емдік дозасы (3000-5000 ХБ) көмектеспейді. Бұл дерттің негізінде Д витаминінің гормондық түрінің бүйректегі – өткінші, жеңіл немесе күнделікті (ауыр түрінде ) метаболикалық блогі жатады.
Сонымен қатар, мешелді активтілігіне қарай кезеңдерге, ауырлық дәрежелері және ағымына сәйкесте бөледі.
Рахиттің кезеңдері:
Бастапқы кезең: Баланың 2-3 айлығында кездеседі. Тершеңдік, тынышсыздану, ұйқысының бұзылуы, басының шүйде бөлігінің тақырлануы, гиперстезия байқалады. Бұл кезең 2-3 созылады. Бұл кезеңнің аяқ жағында еңбектің кенересінің жұмсарғаны, қандағы бейорганикалық фосфордың азайғаны анықталады.
Рахиттің қозу кезеңінде – жүйке жүйесінің бұзылуымен қатар, бұлшық ет және сүйек жүйесі өзгереді. Бас сүйегінің деформациясы, маңдай, шеке төмпешіктері, мешел «тасбиығы» және «білезігі», бұлшық гипотониясы пайда болып, іші бақаның іші тәрізденіп үлкейіп, салбырап кетеді.
Сауығу кезеңі – мешел белгілері кері дамып, жүке сүйек жүйелеріндегі өзгерістер жойылады. Сүйек қатаяды. Статикалық және қимылдық функциялары қалпына келеді. Ішкі мүшелердің клиникалық өзгерістері жақсарады. Фосфордың қандағы мөлшері көбейеді, ал, қанда аз күйінде қалады. Қышқылдық-сілтілік тепе-теңдік қалыпты деңгейде болады.
Қалдықты көріністер кезеңі: сүйек деформациясы, анемия, бауыр мен талақтың үлкеюі 2-3 дәрежелі рахитпен ауырған балалардың 2-3 жасында байқалады.
І-ші (жеңіл) дәрежелі рахит. Жүйке жүйесі жағынан тітркенгіштік, тершеңдік, тынышсыздану; шүйде аймағындағы шашының түсуі байқалады. Сүйектік өзгерістер – үлкен еңбегінің шеттерінің жұмсаруы, шүйденің жалпаюы, қабырғалардың шеміршек ауысар жерінде төстің томпаюы пайда болуы сияқты жеңіл өзгерістер болады.