Фосфор-кальций алмасуының бұзылуымен байланысты аурулар


ІІ-ші (орташа) дәрежелі рахит



бет4/7
Дата18.10.2022
өлшемі29,47 Kb.
#43838
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Рахит

ІІ-ші (орташа) дәрежелі рахит: Жүйке жүйесі мен бұлшық еттің әдәуір бұзылуы, сүйектің өзгеруі, жалпы жағдайының нашарлауы, ішкі мүшелердің (бауыр мен талақтың) үлкеюі сияқты өзгерістер байқалады.
ІІІ-ші (ауыр) дәрежелі рахит: Жүйке жүйесінің, қозғалыс және сөйлеу дағдыларының кеш дамуы, сүйек деформациялары, бұлшық ет гипотониясының ауыр түрі, жүрек-тамыр жүйесінің, ішек-қарын жолдарының, тыныс мүшелерінің зақымдалғаны байқалады. Қанның биохимиялық құрамында өзгерістер байқалады.
Рахиттің жедел дамуы баланың 1-ші жарты жылдығында жиі кездеседі. Арудың бұл ағымы ауру белгілерінің тез дамуымен ерекшелінеді. Рахит белгілері тез дамып, сүйектің жұмсару белгілері сүйек гиперплазиясы белгілерінен басым болады. Шала туылған балаларда жиі кездеседі.
Рахиттің жеделдеу дамуы – дертттің дамуы баяу болып келеді, 2-ші жарты жылдықта жиі кездеседі. Сүйекті гиперплазия белгілері басым болады.
Рахиттің қайталап дамуы – созылмалы науқастың кейбір ауруларға немесе Д витаминінің мөлшерін дұрыс есептемегенде, жақсару белгілерінің қайталау белгілерімен алмасып отыруы.
Рахитті оған ұқсас бiр топ және сиректеу кездесетiн гипотиреоз, хондродистрофия, туа болатын сүйек сынғыштығы сияқты аурулардан ажырату керек.
Туа біткен сүйек сынғыштығы (аяқталмаған остеогенез). Клиникалық белгілері мешелдің ауыр түріне ұқсас болады. Бұл аурудың негізгі үш белгісі – аяқ-қолдары деформацияланады және қысқарады, бұлшық ет қыртыстары пайда болады.
Сүйектердің рентген суретінде сынықтардың орнынан таюы, остеопороз байқалады. Мешел белгілері болмайды. Эпифиз бен диафиздің шеттері қалыпты жағдайда болады. Рахит салдарынан болған сынықтар толық болмайды («жасыл бұтақ»). Қандағы фосфор мөлшері қалыпты, ал мешелде гипофосфатемия анықталады.
Гипотиреоз (микседема). Науқастың терісі боз, құрғақ, шашы қатты, тілі үлкен болып келеді. Қанда фосфор мөлшері, психикалық дамуы қалыпты. Рентгенде эпифизарлық контур анық, сүйектену нүктесінің кешігіп пайда болуы байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет