Франциядағы классицизм[өңдеу] Уикипедия ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет



бет7/7
Дата16.12.2022
өлшемі226,76 Kb.
#57673
1   2   3   4   5   6   7

Модернизм[өңдеу]


Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Модернизм[1] (итал. modernismo, лат. modernus – жаңа, қазіргі) – XX ғасыр басында рухани сана дағдарысы кезінде пайда болған философиялық-эстетикалық ағымдардың жиынтық атауы.
Модернизм қаламгерлердің әлемдік соғысқа, адамзат дамуындағы дағдарыстарға көзқарасын білдірді. Модернизм авангардтық және декаденттік сатылардан өткенімен, олардан айырмашылығы болды.
Модернизмнің негізгі бастауы ретінде

  • А.Бергсонның - интуитивизмі,

  • Э.Гуссерльдің - феноменологиясы,

  • З.Фрейдтің психоталдауы

  • С.Кьеркегор, М.Хайдеггер, К.Ясперс, Н.Бердяев, т.б. - экзистенциализмі танылды.

Модернизм жеке тұлға санасын рухани ауытқулармен байланыста қарады. Модернистер әлемдік деңгейдегі қоғамдық қайшылықтар, санадағы қақтығыстар кезінде адам дүниенің мағынасыз екенін, өзінің фәнидегі жалғыздығын түсінеді деген пікірлерді алға тартты. Мысалы,Г.Марсель мен Ж.П.Сартрдың қоршаған әлемді қатыгез, қарама-қайшылыққа толы дейтін пікірлері. Э.Хемингуэй, У.Фолкнер, Г.Грин, Ф.Мориак, А.Миллерге модернизм әсер етсе,М.Пруст, Д.Джойс, Ф.Кафка, Р.Музиль, А.Белый, П.Валери, Ж.Жироду, Ж.Кокто, Ж.Ануй секілді суреткерлер осы ағымдарды ұстанды. Жалғыздық қасіреті, қоршаған ортаны адамның жатсынуы модернизм өкілдерінің Модернизм шығармаларында айрықша көрініс тапты. Алайда модернистік шығармаларда дағдарыс себептері айқындалмады.
Модернизм өнердегі мифологиялық тәсілді жандандыруды көздеді. Мифтік ойлау арқылы қоршаған орта болмысын тану П.Валери, Т.С.Элиот, В.Иванов, В.Хлебников, У.Б.Йитс, А.Белый, т.б. шығармаларынан байқалды. Олардың туындыларында мистикалық жүйе қалыптасып, кейіпкерлері нақты тарихи уақытта емес, өткен, келер шақтар түйісіп жататын мифологиялықуақытта өмір сүрді. Оқиға шартты түрде бірнеше сағаттарда немесе бір күнде өтті.
Модернизм ықпалы қазақ әдебиетінде де байқалды. Онда адам табиғатының трагедиялығы, болмыстың адам тіршілігімен үйлесе бермейтін қайшылығы, қатыгездігі жайлы ойлар айтылды.М.Әуезов әңгімелерінде, Ш.Құдайбердіұлы, Ж.Аймауытов шығармаларында трагедиялық бейнелер бой көрсетті. Адамның өмірдегі панасыздығын, қорғансыздығын меңзейтін, табиғатты жатсынуын бейнелейтін шығармалар 1960 – 1980 жылдары қазақ әдебиетінде көбірек кездесті. Мысалы, Ә.Кекілбаевтың “Шыңырау”, “Аңыздың ақыры”, Д.Исабековтың “Сүйекші”, “Тіршілік”, О.Бөкейдің “Мұзтау”, “Жетім ботасы”, т.б. шығармалар.
Модерн
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Альфонс Муха.
Мод Адамс как Жанна д’Арк. Афиша 1909 жыл
Модерн[1] , модерн стилі (фр. moderne – ең жаңа, қазіргі) – XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Еуропа және Америкаелдері өнерінде орын алған стильдік ағым.
Модерн БельгияҰлыбритания мен АҚШ-та – “жаңа өнер”,Германияда – “югенд-стиль”, Австрияда – “сецессион стилі”,Италияда “либерти стилі”, Испанияда – “модернизм” деген атпен белгілі.
Ол символизм мен эстетизм идеяларын, Ф.Ницшенің “өмір философиясын” дамытты.
Модерн өкілдерінің (У. Морристің социалдық утопиясына сүйенген бельгиялық археологиялық әрі дизайнер Х.К. ван де Велде) пікірлеріне қарағанда ол қоғам құруға ықпал жасарлық жаңа өмір стилі, адам баласына эстетикалық ләззат алар орта мен тұрмыс жағдайын туғызу, байырғы дәстүрден бөлек, қазіргіконструкцияларды пайдалану арқылы өнерге жаңа жол салу болып табылады.
Мазмұны

  • 1 Модерн стильдегі архитектура

  • 2 Шойын құю

  • 3 Модерн стильдегi интерьер

    • 3.1 Жиhаздың дизайны және интерьердiң заттары

  • 4 Қолданбалы және станокты көркемөнер

    • 4.1 Көркем шыны

    • 4.2 Ыдыс, керамика

    • 4.3 Витраж конструкциялары

    • 4.4 Iсмерлiк, металл, оймалау

  • 5 Кітап ісі

    • 5.1 Афиша, литография, плакат шеберлері

    • 5.2 Кiтап иллюстрациясы және графика

  • 6 Кескіндеме мен мүсін өнері

    • 6.1 Суретшілер

  • 7 Дереккөздер

Модерн стильдегі архитектура[өңдеу]

Бальо ұйі
Модерннің негізгі принциптері – қоғамға сай ғимараттартұрғызу, өнер арқылы дүниені өзгертуге талпыныс жасау. Модерн XX ғасырда архитектураның дамуына елеулі ықпал жасады. Ол сәулет өнеріне конструкциялықты, көркемдік бірлікке, функциялыққа негізделген еркін жобалауды, жаңа құрылыс материалдарын (темір, бетон, шыны, табиғи тас, жылтыр кірпіш, жұқа тақтай, кенеп) жан-жақты пайдалануды әкелді.
Қала салу ісіндегі бір жүйелілік пен Сурет:Симметриялыққамодерн сәулетшілері алдыңғы жағы әр түрлі ғимараттарды кеңістікке еркін орналастыруды қарсы қойды. Жаңа техника әкелген түр тудырудың мол мүмкіндігі ғимарат бейнесін көркейте түсудің басты құралына айналды.
XX ғасырдың бас кезіндегі кейбір сәулетшілерфункционализмді ерекше құптап, ғимарат қаңқасын әсерлей (Германияда П.Беренс, АвстриядаО.Вагнер, Францияда Г.Перре, Россияда Ф.О. Шехтель салған ғимараттар) түсуге ден қойды.
Модерн стилінде өрнек салу затты әсемдеумен қатар оның композициялық құрылымын қалыптастыру құралы болып табылады. Бельгия сәулетшілері салған ғимараттар интерьеріндегітолқынды сызық пен өрнек тынысты кеңейтіп, еңсені көтере түседі.
Қондырғылы, сән және қолданбалы өнердің бір-бірімен астаса дамуы – модерн стиліне тән қасиеттің бірі. Ол графикадан да орын алды. Бұл саладағы белгілі суретшілер:

  • О.Бердсли - Ұлыбритания,

  • Т. Хайне мен Г.Фогелер - Германия,

  • Ф.Валлотон - Швецария,

  • Э.Мунк - Норвегия ,

  • А.Н. БенуаК.А. Сомов - Ресей.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет