Франциядағы классицизм[өңдеу] Уикипедия ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет


Импрессионист суретшілердің хронологиясы



бет6/7
Дата16.12.2022
өлшемі226,76 Kb.
#57673
1   2   3   4   5   6   7
Импрессионист суретшілердің хронологиясы[өңдеу]
Импрессионисттер 
Музыка саласында импрессионизмнің негізін салушы К.Дебюсси болды. Ол музыканың бейнелеу тәсілдеріне (оркестрге түсіру, фортепьянолық фактура жағынан) көптеген жаңалықтар енгізді. Әсіресе, музыканың ладтық негізін, гармониясын өзіндік әдіспен көмескілеп беруге тырысты. Кейін көрнекті музыка шеберлері (Францияда М.Равель, Испанияда М. де Фалья, т.б.) импрессионизмге тән нәзік әуенді тамаша эстетикалық туындылар жазды.
Әдебиетте импрессионизмнің белгілері ағайынды Э. және Ж.Гонкурдың, А.Шницлердің, Г.Гауптманның; театрда реж. А.Антуанның, М.Рейнхардтың, Ф.Ф. Комиссаржевскийдің, актерлер Г.Режанның, С.Моиссидің, П.Н. Орленевтің шығармашылықтарынан кезігеді. Импрессионизм – негізінен, өнерді жаңа қырынан көрсетіп, көптеген жаңашыл, асыл мұраттарға жеткен өнер ағымы. Кеңес заманында импрессионизм ағымындағы өнер бағаланбады.[
Постимпрессионизм[өңдеу]
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Поль Гоген Әйел жемiс ұстап тұрған
Постимпрессионизм[1] (латын тілінде post — кейін және импрессионизм) — бейнелеу өнері тарихында импрессионизм негізінде пайда болған ағым. Постимпрессионизм өнерде 19 ғ-дың аяғында көрініс беріп, 20 ғ-да кең етек алды. Атаулары ұқсас болғанымен, постимпрессионизм импрессионизмнің тікелей жалғасы болып табылмайды. Бұл көркемдік әдістің өкілдері П.Сезанн, П.Гоген, Э.Мунк В.ван Гог, А.ле Тулуз-Лотрек өз шығармаларында табиғат пен болмыстың ішкі тынысын бейнелеуді көздеді. Постимпрессионистер шығармалары адам ойының терең түкпірлеріне бойлай еніп, олардың рухани әлемін нақты әрі тұжырымды тәсілдермен айқын аша білу жетістігімен ерекшеленді. Олар дүниені қаз-қалпында дәл ұқсата көшіруден бас тартып, бейнелеу тәсілдерінің дәстүрлі құралдарын шығармашылықпен пайдаланды. Постимпрессионизм өзінен кейінгі прогресшіл бейнелеу өнеріне әсер етіп келеді. Сонымен бірге, постимпрессионизмнен тәлім алған кей суретшілер оның болмыс пен дүниені танудағы әдіс-тәсілдерін теріс түсініп, жалаң түр қуалаушылыққа келіп ұрынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет