Фразеологизмдердің ұлттық сипаты
Көркем шығарманың тілін, оның көркемдеу тәсілдерін қарастырғанда, біз жеке шығармаларды жазу үстіндегі автор стиліне назар аударамыз. Әлемдегі қандай халықтың болса да, белгілі дәрежеде дамыған сөз өнері бар. Біздің халқымыздың сөз өнері бірнеше ғасырлар бойы дамып жетіле келе, алдымен, жалпы халықтық тілді байытты. Халықтық тіліміздегі көркемдегіш элементтердің бір саласы болып табылатын тұрақты тіркестер тіл тану ғылымының аясында жеке лингвистикалық ілім ретінде аталып жүр. Тұрақты сөз тіркестердің жүйесін зерттейтін тіл туралы ғылымның бір саласы — фразеология. Фразеология — тіліміздегі фразеологизмдерді мағыналық ерекшеліктеріне қарай бөліп, құрамын анықтап, жасалу, даму заңдылықтарын зерттейді.
Фразеологизмдерді жазушылар шығарма тіліне образды, бейнелі рең беру үшін, эмоционалды-экспрессивті бояуын арттыру мақсатында қолданады. Фразеологизмдер ойды бейнелі әрі әсерлі етіп жеткізеді.
«Фразеологизмдер тіл-тілдің бәрінде бар құбылыс және бұларды тілдің бөлекше сипаттағы шырыны мен сүрі таусылмайтын дәмді элементтері деп айтуға болар еді. Тілдің байлығы, тілдің сұлулығы, тілді «өткірлігі дегенімізді» айырықша көрінер жері осы фразеологизмдер маңы... Қай елдің, қай жазушының қай шығармасын алсаңыз да тілдің осы халықтық элементтерінің сан түрін табуға болады. Яғни қаламгерлердің қай - қайсысы да сөйлеудің халықтық формасын пайдалануға бейім...» [1,41]. Ғалым Р. Сыздықова: «Фразеологизмдер - сандаған жылдар мен ғасырлардың қазынасы, бүл бір жағынан, екінші жағынан, ол жеке қаламгерлердің табысы, еңбегі, ізденісі»[2,24].
Негізінен, фразеологизмдердің шығарма тілінде қолданылуы жиі кездескенімен оны қолдану тәсілінің де өзіндік ерекшелігі бар және бірнеше негіздері бар.
Біріншіден, фразеологизмдер бір мағынаны білдіретін сөз тіркесі болса, екіншіден, халықтың ауызша тілінде талай уақыттан қалыптасып, тас-түйінге айналған сөз мәйегі екендігін ескереміз. Бұл жөнінде ғалым Р. Сыздықованың пікірін келтірсек, «Жеке суреткер тіліндегі образды фразеологизмдердің типтерінің, олардың азды — көптігін, ескі-аздылығын түгендеу үстінде ақынның не жазушының фразеологизмдер саласындағы байырғы қазынаны қаншалықты игеріп, кәдеге асырғанын, қаншалықты жаңаларын ұсынғанынан көруге болады. Ал бұл шығармашылық контекст немесе авторлық даралық дегенді танытады, тіпті кеңірек қарасақ суреткер тіліндегі фразеологизмдер элемі оның поэтикалық тіл арқылы көрінетін дүниетанымын көрсетеді» [2, 97].
Фразеологизм,тұрақты тіркестер — екі немесе бірнеше сөздердің тіркесуі арқылы тұтас бір мағына білдіретін сөз тіркестері. Қазақ тіл білімінде бұл термин бір ізге түскендіктен Фразеологизмді тұрақты тіркес, фразеологизм бірлік (единица), фразеологизм тіркес, фразеологизм орам, фразеологизм тұлға, фраза сияқты атаулармен аталып жұр. Фразеологизмдер құрамына қандай тіркестер енетінін анықтау үшін зерттеушілер тіл білімінде олардың қолданылу тиянақтылығын, мағына тұтастығын, тіркес тұрақтылығын басты белгі етіп алады.
1.Фразеологизмдердің қолданылу тиянақтылығын сөйлеуде, айтылуда бұрыннан қалыптасқан даяр қалпында жүмсалатын еркін сез тіркестерімен салыстырғанда анық байқалады. Мысалы, бет моншағы үзіліп —ұялу, итарқасы қиянда — қашық, алыс жер. Еркін сөз тіркесі белгілі бір қалыптасқан грамматикалық жүйені керек етеді.
2.Фразеологизмге тән мағына тұрақты тіркесті құрастырушы сөздердің жеке мағыналарына үнемі сәйкес келе бермейді, тіркес ішіндегі сыңарлар түтасып барып, бір мағынаны білдіреді. Мысалы: қабырғасынан күн көріну (жүдеу, арық), тас бауыр (мейрімсіз адам туралы) бұл тіркестердің құрылымы әр түрлі болғанымен, әрқайсысы мағына тұтастығымен ерекшеленеді. Фразеологизмдердің мағына тұтастығы жеке сөзбен бірдей емес. Сөз — лексикалық мағына, номинативті атау болса, Фразеологизмдер -мағына тұтастығы мен сөзбен бапамалық қатыста емес, жанамалық қатыста турады. Фразеологизмдерге тән басты белгі — туынды мағынада жұмсалып, әрдайым бейнелі мән тудыруы. Фразеологизмдер мағынасында жағымды немесе жағымсыз, әйтеуір эмоциялы-экспрессивті реңк бар. Сондықтан, сөз дегенді көптеген зерттеушілер "бүтін бітімді", ал Фразеологизмді "бөлек бітімді" деп есептейді.
3.Тұрақты тіркес тізбесіндегі сөздер айтушының қалауынша емес, қалыптасқан белгілі жүйемен орналасады. Сол себепті де сөздердің жігі ажырамай тұрады. Құрамындағы сөздер (кейде компоненттер өзара мағыналас, мәндес сөздермен алмастырылып, варианттылыққа ұшырайды демі сөну/біту/таусылу) басқа сөзбен алмастыруға, сөздердің тұрақты орын тәртібін ішінара өзгертуге келмейді, сөздердің орын тәртібі нық келеді. Мысалы, пендешілік жасау дегеннің орнына адамшылық жасау десе, мағына бүтіндей өзгереді. Немесе бүйрегі Бұлк етпеу дегеннің орнына жүрегі Бұлк етпедір,есе,мағына тұтастығы онша бұзылмағанымен, стильдік жағы солғындап, дыбыс үйлесімі кемиді, тіркес тұрақтылығына нұқсан келеді.
Фразеологизм дердегі осы аталған тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы, тіркес тұрақтылығы тілдің басқа да категорияларымен ерекшеленіп, өзіндік түлға, бітім бейнесімен дербес турады. Бұл олардың тілдік бірлік (единица) ретінде танылуына мүмкіндік береді. Фразеологизмдерді танып-білу үшін анықталған үш белгі жеке-жеке саралану ына қарамастан, қазақ тіл білімінде, сол сияқты басқа да түрік және орыс тілінде тұрақты сөз тіркесіне қандай тіркестерді жатқызу туралы шешімін таппай келе жатқан әрқилы пікірлер бар. Фразеологизмдерді зерттеу барысында тұрақты тіркестерді тар және кең мағынада түсіну деген ғылым ұғым қалыптасқан. Фразеологизмдерді тар мағынада түсінуді жақтайтындар мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді Фразеологизмдер (I. Кеңесбаев, Т. Байрамов, 3. Ураксин) қатарына енгізбейді. Ал кең мағынада түсінуді негізгі алатын зерттеушілер (С. Мұратов, Г. Ахунзянов т. б.) терминдерді, күрделі сөздерді, қос сөздерді, нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерді, газет айдарларын (штамп) Фразеологизмдерге жатқызады. Орыс тіл білімі мамандарының арасында да Бұл туралы пікірлерде қайшылық бар. Алайда орыс фразеологиясында соңғы кезде В. Виноградов бастаған зерттеушілер бұрынғы классиканы зерттеу үлгілерін қайта қарауды үсынады. Олар Фразеологизмдерді тану үшін белек бітілуі мен даяр қалпында жүмыс істеу белгісін басшылыққа алады. Тілдегі фразеологизм құрам — лексиканың ең бай құнарлы кезі. Фразеологизмдердің жаңа үғым, түсініктермен көбейіп қалыптасуы сол ұлттілінің даму ерекшеліктерін және ұлт мәдениетінің танымдылық қасиетін керсетеді.
Фразеологизмдердің көп мағыналығы - тұрақты тіркестердің екі я одан да көп мағына беруі. Тілдегі жеке сөздер тәрізді тұрақты тіркестердің де кейбіреулері көп мағынапы болып кездеседі. Алайда, фразеологизмдердің бәрі бірдей емес, идиомалық түрлері әрдайым дара мағыналы болады да, фразалық тіркестердің қайсыбіреулері көп мағыналы болып келеді. Мысалы,
Бой бермеді:
а) айтқанға көнбеді, жеңістік бермеді;
ә) ырық бермеді, күші жетпеді.
Көзі шықты:
а) соқыр болды;
ә) көзі қанды, маманданды.
Дымы құрыды:
а) діңкеледі, шаршады;
ә) лажы қалмады, не істерін білмеді.
Ат үсті:
а) жол-жәнекей, жолшыбай;
ә) жеңіл-желпі, үстіртін.
Сыңар езу:
а) бір жағына бұра тартып жүретін жылқы, ат;
ә) өз ырқы болмаса көнбейтін бір бет адам.
Жүзіктің көзінен әткендей:
а) сұлу, әдемі, мүсінді;
ә) еті тірі пысық, жылпос.
Аузымен құс тістеген:
а) жүйрік, ұшқыр;
ә) сезге шешен, ділмар адам.
Фразеологизмдерден туатын көп мағынапық, негізінен, екі түрлі жолмен жасалады. Оның бірі — жалғаса туады, екіншісі — жарыса туады. Мысалы, ат үсті деген тұрақты тіркестің ең алғашқы мағынасы, сөз жоқ, ат үстінде жүрумен байланысты шыққан. Содан соң осы ұғымға жапғастырып қолдану арқылы үстірт, үстіртін мағынасы пайда болған. Сол сияқты қартайған бүркілің тұғырда орнығып отыра апмауын адамға ауыстырып, бейнелеп қолдану арқылы соңғы мағыналары жарыса шыққандығын аңғару қиын емес. Кей жағасырдайда жалғаспалы мағына мен жарыспалы мағына бір-біріне ұласып, үсті-үстіне туынды мағына жамай беруі мүмкін.
Мысалы, зәрі қайтты дегеннен:
а) уы қайтты, тарады;
ә) жыли бастады;
б) ашуы басылды деген үш түрлі мағына туындаған. Бойдағы удың таралуын табиғат құбылысына, одан кейін адамның мінез-құлқына бейнелеп қолдану арқылытуынды мағыналар бір-біріне ұласып отырғандығы айтылған ойға айқын дәлел бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: |