Кейіпкердің көңіл-күйін, ішкі жан дүниесін көрсету фразеологизмдері:
Қай қаламгерді алатын болсақ та, ол өз айтар ойын, негізгі идеясын жеткізу үшін ең алдымен кеіпкерлерін сыр-қырымен таныстырады. Бұл танысу үрдісін шығарманың соңына дейін апарады. Міне, автор қаһарманың оқырманға толықтай ашып беру үшін оның мінезін, яғни ішкі жан дүниесін суреттеп отырады. Ә. Нұрпейісов те образдарының ішкі тебіреністерін фразеологизмдерді қолданысқа шеберлікпен пайдалана отырып көрсете білген. Мысалы:
Үй ішінен өзіне жақтасатын жанашыр да іздеген жоқ, өзінің дәрменсіз сорлылығын мойындап, сағы сынып, налып жатыр(4-б). Бұл жерде автор «тауы шағылып, беті қайтып» деудің орнына «сағы сынып» деп қолданса, ал «күйініп, қамығып» дегеннің орнына «налып жатыр» деп айтады.
Ас-суы әзір үйге барам деп ойлаған софы көңілденіп келсе де, бірақ құр шайдан басқа тіске басатын ештеңе болмағасын қабағы түсіп кетті (6-б). «Қабағы түсу» фразеологизмі көңілі түсіп қалу мағынасында жұмсалынып тұр.
Зығыры қайнаған Еламан аузына сөз түспей, ішінен тынып, түсі бұзылып отыр (12-б). «Зығыры қайнау», «түсі бұзылып отыр» сөз тіркестері Еламанның қатты ашу үстіндегі күйін білдіріп отыр.
Онсыз да зығыры қайнаған Еламан тап осы арада, тап осы қазір мына кіржік мұрын қара орысты жығып салып қызыл жон қылып сабағысы кеп кетті (172-б). Мұндағы сөз тіркестері арқылы автор Еламанның ызасын, Тәңірбергеннің келгенін ұнатпағанын беріп отыр.
Ақбала жүрегі аузына тығылып, бара жатқан қазандыққа сүйеніп отыра кетті (15-б). «Жүрегі аузына тығылу» үрейлену, қорқу деген мағынада қолданып тұр.
Бұл күні Мөңке сіркесі су көтермей, үйіне қалжырап қайтып еді (188-б). Осы сөйлемдегі сөз тіркесі шаршап, шалдығып келе жатқандығын білдіреді.
Көңілі босап, көз жасына ие бола алмай бара жатқасын Әлиза түрегеп өрекшеге кіріп кетті(168-б). Мұнда Әлизаның көңілсіз боп, жылауға дайын тұрғандығын беріп отыр.
Рас, алғашқыда көңілі қобалжыды (34-б). «Көңілі қобалжу» тіркесі Кәленнің дәл сол кезде қай күйде отырғандығын айқара ашып тұр.
Оның айтқанына әрең шыдап жұдырығын түйді(38-б). «Жұдырығын түйді» - қатты ызалаңды.
Ендігі ісінен ет-жүрегі дірілдеп, не айтарын өзі де білмей қалды(38-б). «Ет-жүрегі дірілдеп» - қорқу, шошыну мағынаджұмсалынып тұр.
Балкүмістің ыңжырғасы төмен түсіп, іштей шешесін кіналап отыр (163-б). «Ыңжырғасы төмен түсу» - көңілсіздену.
Айтқан сөзіне көздері күлімдеп, енді бастар ісін аяқтауға кірісті (58-б). «Көздері күлімдеп» - қуану.
Достарыңызбен бөлісу: |