Ә. НҰРПЕЙІСОВ ТРИЛОГИЯСЫНДАҒЫ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР
Ә. Нұрпейісов трилогиясындағы фразеологизмдердің қолдынылу тәсіліне зер салсақ, онда жазушының өзіндік сөз қолдану, сөз жасау шеберлігіне тәнті бодамыз. Жазушы өз шығармасында фразеологизмдерді ұтымды әрі орынды қолдана білумен қатар, олардан жаңа мағына тудыра білген. Автор тұрақты тіркестердің сөйлеу тіліндегі қалпын сақтап қолданған, кейде сөйлеу тіліндегі тұрақты тіркестерді өзінше туындата отырып, өзгертіп қолдану арқылы осы құбылыстың өрісін кеңейткен. Демек, бұл арада жазушы шеберлігімен қабат оның даралығын, өзіндік өзгешелігін аңғаруымызға болады. Жазушы бояуы қалың, жаттанды сөздерге әуес емес, ол көпшіліктің жүрегіне жақын қарапайым түрде фразеологизмдерді қолданысқа түсіре білген.
Негізінен фразеологизмдер - тұрақты тіркестер деп аталғанымен, сөз қолданысында жазушы әңгіме өрісінде бүл тіркестерді өзгертіп қолдануы әбден мүмкін.
Тұрақты тіркестердің халық тіліндегі вариантын өзгеше жаңа мағыналық мәнде жұмсап, жазушылардың өзгертіп стильдік мақсатта қолдануы туралы орыс ғалымы А. И. Ефимов тұжырымы:
«Методы реализиации несвободных значений слов, являющихся компонентами устойчивых сочетаний, у каждого писателя довольно специфичны. Фраза не является для авторов какой-то застывшей и неразложимой единицей. Он находит в ней еще неисчерпаемые возможности семантического и стилистик синтаксичекого характера»[3].
Жеке сөздерге тән эмоционалды-экспрессивті бояу тұрақты сөз тіркестерінде де болады. Яғни бұрыннан қалыптасып тұрақталған айрықша экспрессивті бояулы сөз тіркестері болады. Экспрессивті тұрақты сөз тіркесін сол дайын күйінде пайдаланып, сөйлеуші зат не құбылыс туралы өзінің көзқарасын және оны қалай бағалайтынын білдіреді. Экспрессивті тұрақты сөз тіркесі сезімге айрықша әсер етеді. Мысалы: үріп аузына салғандай, жүрек жұтқан деп жағымды образ туралы айтса, қоян жүрек, тас бауыр, жұмыртқадан жүн қырыққан дегендер жағымсыз образ жайында айтылады. Бұл мысалдардағы экспрессивті тұрақты сөз тіркестері адамның бойында болатын жағымды және жағымсыз қылықтарды әсерлі бейнелейді.
Экспрессивті тұрақты сөз тіркестері әр түрлі көңіл-күйіне байланысты жұмсалады. Мысалы: Көзімнің қарашығы! Іске сәт! Неткен, сұмдық! Қара басқыр! Тәрізді экспрессивті сөз тіркестер тілімізде әр түрлі жағдайда қолданылады.
Эмоциональдық-экспрессивті сөздердің тіркесін мына төмендегідей бірнеше топқа бөліп көрсетуге болады. Бірінші топқа үріп аузына салғандай, іші-бауыры елжіреген, емешесе құрыған, жүрек жұтқан, қоян жүрек, тас бауыр, қу табан, сор маңдай, жұмыртқадан жүн қырыққан, қу бастан қуырдақтың ет алған, ит екеш иттен де бір сүейк қарыздар сияқты жағымды және жағымсызобразды сипаттайтын эмоциональды-экспрессивті тұрақты сөз тіркестерін жатқызуға болады.
Екінші топқа адамның әр түрлі көңіл күйін білдіретін тұрақты тіркестерін жатқызуға болады. Бұл топқа жақсы көру, еркелетумен байланысты қолданылатын тіркестер: көзімнің қарашығы, жан қалқам т. б. жатқызуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |