Фразеосемантика


§ 1. Фраземалардың ішкі формасы



Pdf көрінісі
бет28/123
Дата08.03.2022
өлшемі2 Mb.
#27238
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   123
Байланысты:
Пікір жаз андар филология ылымдарыны докторы, профессор Г. Е.

§ 1. Фраземалардың ішкі формасы
Ішкі форма ұғымы алғаш рет тілдік бірлік ретінде сөзге қатысты қолданылған. 
Сөздің  ішкі  формасы  туралы  ХІХ  ғасырда  неміс  ғалымы  В.  Гумбольдт,  
Х. Штейнталь сияқты ғалымдар көп жазған. Бұл еңбектерде ішкі форма терминіне 
сөздің  дыбыстық  мағынасымен  байланысу  тәсілі  деген  түсінік  жүктейді 
[В.А. Звегинцев, 1957; 18-21 бб.]. Орыс тіл білімінде аталған құбылысқа алғаш 
талдауды А.А. Потебня жасады, онда сөздің негізгі үш элементін бөліп көрсетті. 
Олар: дыбыс, мағына таңбасы (елестету) және мағына. Мағына таңба немесе 
елестету ұғымдарын А.А. Потебня, басқа заттың қасиетімен салыстыру арқылы 
танылатын заттың белгілік атауы деп түсіндіреді,  яғни «… знак значения … 
есть общее между двумя сравниваемыми сложными мысленными единицами 
или основание сравнения» [А.А. Потебня, 1958; 17 б.].


Авакова Р.А. Фразеосемантика
48
А.А. Потебня электр лампасының дөңгелек жиегін қарбыз деп түсінген 
сәби танымы өзі бұрын білетін қарбызды елестету арқылы, оны сол затпен 
салыстыру негізінде, оған бейтаныс зат – абажурға қарбыз атауын бергенін, 
заттың  белгілі  көп  қасиеттерінің  ішінде  тек  шарға  ұқсас  дөңгелек  деген 
ерекше белгісін ғана сәбидің қолданғанын мысалға келтіреді. Осы белгіні 
А.А. Потебня мағына таңбасы немесе елестету деп атайды. Ғалым пікіріне 
сүйенсек, «… знак в слове есть необходимая замена соответствующего об-
раза или понятия; он есть представитель того и другого в текущих делах 
мысли, а потому называется представлением» [А.А. Потебня, 1958; 18 б.]. 
Заттың немесе қоршаған ортаның көптеген қасиеттерін бойына сіңірген, 
сөздің  бір  мағынасының  өзі  көптеген  басқа  сөздердің  пайда  болуының 
негізгі  көзі  болуы  әбден  ықтимал.  А.А.  Потебня  өзінің  «Ойлау  және 
тіл»  /«Мысль  и  язык»  (1915)/  еңбегінде  ішкі  форма  мазмұнының  қалай 
берілетінін көрсететін сөздің этимологияға жақын мағынасы деп атайды.
В.В. Виноградов «Орыс тілі» /»Русский язык» (1972) / еңбегінде, сөздің 
мағыналық құрылымы жөнінде А.А. Потебняның сөз туралы пікірін қолдай 
отырып, «историчность этой семантической категории, обусловленность ее 
характером отношений между элементами в семантической системе» деп 
көрсетеді [В.В. Виноградов, 1972; 20-21 бб.]. В.В. Виноградов көзқарасы 
бойынша,  ішкі  форма  шындықты  түсіндіретін  және  оған  баға  беретін 
мәдени детерминденген бейне.
«Семосиология» туралы зерттеуінде В.А. Звегинцев ғылыми әдебиет-
терде ішкі форма ұғымы түрлі түсініктерге талдау жасай келіп, бұл тер-
минге өзінің анықтамасын ұсынады: «Внутреняя форма слова представля-
ет собой <...> языковую мотивиро-ванность (семасиологического порядка), 
с  помощью  которой  осуществляется  создание  новых  слов.  Она  относит-
ся  не  к  явлениям  семасиологическим,  а  к  явлениям  ономасиологичес-
ким»  [В.А.  Звегинцев,  1957;  196  б.].  Автор  жаңа  сөздердің  пайда  болу 
тәсілі  мен  бұрыннан  бар  сөздердің  жаңа  мағыналарының  пайда  болу 
құбылыстарының  арасына  шек  қояды.  Туынды  сөздердің  мағынасы  сөз 
жасайтын  сөздер  мағынасына  тәуелділігіне  тоқталып,  бұл  тәуелділіктің 
жаңа  сөздің  қолданы-луының  алғашқы  сатысында  қатты  байқалатынын, 
біртіндеп сөздің беретін мағына атауының арасындағы байланыс күшейген 
сайын тәуелділіктің азайып, кейіннен мүлдем ұмыт болатынын көрсетіп, 
аталмыш құбылысқа жан-жақты талдау жасайды. 
Сөздің  ішкі  формасы  туралы  теорияларға  тоқталған  зерттеуші  
Ю.С. Масловтың «Тіл біліміне кіріспе» / «Введение в языкознание»/ еңбегінде 
«мотивировка»
1
  (уәж)  терминін  ұсынады.  «Мотивировка  –  заключенное  в 
слове и осознаваемое говорящим «обоснование» звукового облика этого сло-
 
1
  «Мотировка»  терминін  «ішкі  форма»  терминінің  орнына  алғаш  рет  ұсынған  
Ю.С. Маслов.


49


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет