Фразеосемантика



Pdf көрінісі
бет79/123
Дата08.03.2022
өлшемі2 Mb.
#27238
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   123
Фраземалардың таңбалық-символдық семантикасы
147
Төрт сөзі көз сөзімен тіркесіп метафораланған тіркестер жасайды: қазақ 
тіліндегі екі көзі төрт болу «әбден күту, әбігерлену, тынышы кету, қорқу», 
төрт  көзі  түгел  «жанұясы  аман-есен,  барлығы  түгел»  түн  ұйқысын  төрт 
бөлу «мазасы кету, алаңдау», төрт арыстың баласы «бүкіл ел, халық», төрт 
аяғы теңселген (жорға) 1. «жақсы жорғалайтын ат»; 2. «төгілте жырлайтын 
ақын»,  төрт  аяқтан  ақсады  «ауыртпалық  басына  түсіп,  қатты  қиналды», 
төрт аяқты екенсің! «қу, зұлым», төрт табандады «екі аяқ, екі қолын тіреп 
тұра қалды», төрт тағаны қимылдады «зорға қимылдады, әлсіреді»; түрік 
тілінде dört göze beklemek «асыға, шыдамсыздана күту» (сөзбе сөз «төрт 
көзімен қарау»); башқұрт тілінде дөрт күз менен күтүу «асыға күту» (сөзбе 
сөз «төрт көзімен күту»); өзбек тілінде тура кузи билан кутди ~ икки кузи 
тура болди «асыға күту» (сөзбе сөз «төрт көзімен күту» ~ «екі көзі төрт 
болды»), тура ишкали бут «бір нәрсеге зәру болу», турт оғиз «аздау, аз» 
(сөзбе сөз «төрт ауыз»); ұйғыр тілінде икки көзи төрт болмақ «шыдамсыз-
дана  күту»,  «төрт  көзи  тәң  (олтурмақ)  «бәрі  жиналып,  түгелімен  болу», 
төрт пути асманға салбиримақ «қайтыс болу, о дүниеге аттану» және т.б. 
Түркі  халықтарында,  әсіресе,  қазақ  халқы  үшін  төрт  түлік  күнкөріс 
пен тіршіліктің негізгі көзі болған. Төрт түлік мал фраземасының уәжі – 
түйе, жылқы, сиыр, қой. Төрт түліктің сақтаушы иесі бар деп есептеген, 
атап айтсақ: түйе пірі – Ойсыл қара, жылқы пірі – Қамбар ата, сиыр пірі 
– Зеңгі баба, қой пірі – Шопан (Шекшек) ата және оларға сиынған. Тілде 
сақталған төрт түлігі сай болды «малға байыды, бай болды» фраземасы да 
осы түсінікпен тікелей байланысты.
Түркі  тілдерінде  төрт  сөзімен  тіркесіп  жасалған  идиомалар  саны  аз 
емес.  Идиомалардың  негізгі  мағынасы  «толыққандылық,  тұрақтылық, 
беріктік, біркелкілік». Мысалы, ұйғыр тілінде төрт айиғида тик турғизмақ 
«бағып-өсіріп,  адам  қылу»,  төрт  мучиси  сақ  «сау-саламат,  аман-есен», 
төрт  там  «тұратын  жай,  баспана»,  түрік  тілінде  dört  ajak  üstüne  düsmek 
«сәті  түсу,  жолы  болу»  (сөзбе  сөз  «төрт  аяқтап  құлау»),  dört  dasi  mamur 
«барлық жағынан өте жақсы, төрт құбыласы тең» (сөзбе сөз «төрт басы 
да өте сәтті»), dört japrakly gul olmak «гүлдену, шаттану» (сөзбе сөз «төрт 
жапырақты гүл болып қалу») және т.б.
Саха (якут) тілінде «төрт» саны о дүниемен, тозақпен тікелей байланы-
сты, нес туöтуген «жеңіл дозақ» (сөзбе сөз «төрт тозақ»), Саха халқының 
тілін, мифологиясы мен мәдениетін зерттеуші ғалым А.А. Габышеваның 
пікірінше, «төрт» сөзі тек тозақпен, жамандықпен, о дүниемен ғана бай-
ланысты емес, сонымен қатар түнмен және қыспен де тікелей байланысты 
дейді [А.А. Габышева, 1988; 88 б.].
Қазақ тіліндегі төрт қанатты үй, төрт төбе қыпшақ, төрт тарап және т.б. 
тіркестердегі ұғымдар «төрт» санының бойындағы құпиялар мен жұмбақ 
сырлардан мағлұматтар бере алады.
Бес санының символикалық мәні. Санау жүйесі ретінде «бес» ертедегі 
сандардың шегі болған. Санау жүйесінің бастамасы саусақтан басталаты-


Авакова Р.А. Фразеосемантика
148
нын ескерсек, шектік, көптік мағына бес саусақпен тікелей байланысты. 
В. Гордлевский сөзімен айтсақ, «... Вообще число пять заключало в себе 
какое-то законченное количество, скорее указывающее на огромность чис-
ла и на руке всего пять пальцев» [В.А. Гордлевский, 1945; 133 б.]. 
Қазақ  тіліндегі  бес  аспабы  сайлаулы  «бар  қаруы  дайын,  жау-жарағы 
әзір» фраземасы бес қарудан шыққан. Бес қару: тартыспақ – садақ; атыспақ 
–  мылтық;  шанышпақ  –  найза,  сүңгі;  шабыспақ  –  қылыш,  алдаспан; 
салыспақ  –  шоқпар,  айбалта.  Ертедегі  түсінік  бойынша,  ер  жігіттің  бес 
қаруы  болуы  керек,  ол  әрқашан  дайын  тұруы  қажет  [Ф.Р.  Ахметжанова, 
Қ.С. Дүсіпова, 2001; 29 б.].
Тілдегі бес аспап «қолынан бәрі келетін шебер, барлық іске икемді», 
бес саусақтай біледі «жатқа біледі, жетік біледі», бес биенің сабасындай 
«толық, етжеңді» фраземаларында «өте жақсы», «керемет» семаларының 
мағыналары бар.
Бес  санының  магиялық,  жұмбақ  сырын  бес  асыл,  бес  дұшпан  деп 
жырлаған Абай өлеңінің жолдары да дәлелдей түседі:
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол
Адам болам десеңіз...
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ, 
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой,
Бес асыл іс көнсеңіз... (Абай).
Бес күндік пәни // бес күндік жалған дүние // бес күндік өмір «шектеулі 
ғұмыр»  мағынасындағы  фраземалар  семантикасы  шектік,  уақытша  ұғы-
мындағы адамның жарық дүниеге келіп, о дүниеге аттану аралығындағы 
уақыт өлшемін білдіреді.
Алты санының символикалық мәні. Алты санының мағынасында өте көп, 
шексіз, шетсіз сема бар. Бестік санау жүйесінен кейінгі (көп мағынасындағы) 
алты  саны  да  халық  ұғымында  алыстық,  күштілік,  кереметтік,  қаһарлық 
мағынасы бар. Алты аласы, бес бересі жоқ «айдаладағы, алыс біреу», алты 
арыс «ірі-ірі ру-тайпалары, туыстық жағынан жақындар», алты алаштың 
баласы «күллі қазақ, тұтас», алтай араз болса «өзара араз, береке болма-
са», алты қабат аспанның ар жағында // алты қырдың ар жағында // алты 
қырдың  астынан  «алыста,  қиырда»  фраземаларында  алыс,  көпшілік, 
бүртұтас мағыналары басым болса, алты басты айдаһар «айбарлы, күшті, 
дүлей», алты батпан «аса зор, үлкен тым ауыр» алты батпан азап «ауыр 
жол, қиянат-қасіреті мол өмір», алты малта ас болмай «басқа қиыншылық 
күндер  туып,  жартымсыз  тамаққа  көну»,  алты  қанат  ақ  үй  //  алты  қанат 
ақ  орда  «үлкен,  еңселі,  салтанатты»,  алты  құлаш  ақ  найза  «батырларға 


149


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет