Фразеосемантика



Pdf көрінісі
бет77/123
Дата08.03.2022
өлшемі2 Mb.
#27238
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   123
Фраземалардың таңбалық-символдық семантикасы
143
Немесе Екі жүзді (бетті) – кісінің көзінше бір түрлі, сыртынан екінші 
түрлі сөйлейтін, опасыз адам [І.К. Кеңесбаев, 1977; 157 б.]. Мысалы:
Есеңгіреп жүрмесең,
Елді неге даттайсың,
Екі жүзді болмасаң,
Байды неге мақтайсың?! (Жамбыл);
Сонымен  қатар  теріс  сөйлейтін,  айтқан  сөзінде  тұрмайтын,  қарама-
қарсы сөйлейтін, өтірікші адам туралы: екі сөзді кісі «өтірікші, тиянақсыз 
кісі». Мысалы: Екі сөзді болып елеңдеп жүргеннен, бір сөзді болып мерт 
кеткен дұрыс (Б. Момышұлы);
Екі ұшты болды (сөйледі) «екі жақты; өтірік, шыны белгісіз, күмәнді» 
және т.б. 
Екі сөзінің мағынасы тұрақсыз, сатқын, опасыз сияқты жағымсыз кон-
натациямен байланысты:
Ғылымды іздеп,
Дүниені көздеп,
Екі жаққа үңілме.
Құлағын салмас,
Тіліңді алмас,
Көп наданнан түңілдім.
Екі кеме құйрығын
Ұста жетсін бұйрығың (Абай)
Немесе екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетер, көңілі екі болды және 
т.б.
Сонымен  қатар  екі  сөзі  фраземалар  құрамында  жұп  соматикалық 
ұғымдармен  де  келеді.  Мысалы:  құлақ  –  жер  астынан  жік  шықты,  екі 
құлағы  тік  шықты,  екі  езуі  екі  құлағында;  аяқ  –  екі  аяғын  бір  етікке 
тықты; иық – екі иығынан демін алып отыр, екі иығына екі кісі мінгендей, 
екі иығын жұлып жеді; көз – екі көздің бірі, екі көздің шарасы, екі көзі ал-
дында, екі көзі су қараңғы, екі көзі төрт болды, екі көз шарасынан шықты, 
қол  –  екі  қолы  алдына  симады,  екі  қолы  жағасында  болды,  екі  қолын 
қусырды, екі қолын мұрнына тығып алды, екі қолын төбесіне қойып ...
Фразеологиялық  бірліктер  құрамындағы  екі  компонентімен  келген 
тіркестер соңғы сөз, қысқа сөз, тиянақты іс мағынасында да жұмсалады. 
Мысалы: сөзі екі болмасын, сөзін екі еткізбеді, екі ауыз сөз, хан екі айт-
пайды,  ханның  жарлығы  екі  болмайды,  қолынан  екі  келсе,  бірін  қылсын, 
қолынан бір келсе, екі қылсын және т.б.
Қазақ тілі теориясының маманы Ә. Хасенов: «Түркі тілдеріндегі негізгі 
сөздік  қорға  жататын  сан  атаулары  өмір  шындығынан,  конкретті  заттан 
алынған.  Әрине,  бұл  жалпы  сандық  ұғымдардың  дамуына  байланысты, 
адамзат қажеттілігінен туды деген пікір ешбір қайшы келмейді, қайта оны 


Авакова Р.А. Фразеосемантика
144
толықтыра,  растай  түседі.  Екіншіден,  белгілі  бір  ұғымның,  құбылыстың 
өткен тарихын қазіргісімен салыстыра, қазіргі формаларын зерттей отырып 
ашуға, тануға болады», – деген пікіріне қосатынымыз, көне түркі тілдері 
мен қазіргі түркі тілдері материалдарында ерекше символдық мағынаға ие, 
қазіргі тілдік тұрғыдан түсіндіруге бола бермейтін сандардың бойындағы 
архаикалық дәстүрлердің сақталғандығы [Ә. Хасенов, 1990; 63 б.].
Үш  санының  символдық  мәні.  Қазақ  халқы  ерте  заманнан-ақ  түрлі 
құбылыстарға баға беріп, олардың кейбір қасиеттеріне ерекше көңіл бөліп, 
оларға  бақылау  жасаған.  Олардың  ортақ  қасиеттерін  саралап,  санамен 
түйіп, оның ізін өз тілінде сақтаған (үш жұрт, үш күндік пәни, үш қайтара 
сәлем беру, үш қайнаса сорпасы қосылмау және т.б.). 
Көне  түркі  руникалық  ескеркіштер  тілінде  үш  санымен  келген  көне 
этникалық  және  географиялық  атаулар  кездеседі.  Мәселен,  üĉ  birku  (үч 
бірку) – жер атауы, üĉ oγuz (үч оғыз) – оғыз тайпа бірлігі, üê qarluq (үч 
қарлуқ) – қарлұқ тайпа бірлігі, üĉ quryqan (үч қуырқан) – құрықан тайпа 
бірлігі. Үш санының киелі ұғымды білдіру мағынасына тоқтала келіп 
Э.Р. Тенишев былай дейді: «По буддийской традиции число три упо-
треблялась для обозначения времени: üĉ ödki «относящийся к трем време-
нам – прошедшему, настоящему и будущему» … Большинство буддийских 
обозначений древних уйгуров представляет собой толковательный перевод 
санскритских терминов, показывающий путь приспособления чужой рели-
гии к тюркской среде» [Э.Р. Тенишев, 1997; 580 б.]. Үш санының көне ұйғыр 
ескерткіштеріндегі  мағыналық  көріністеріне  талдау  жасай  келіп,  ғалым 
қараханид  ұйғырларында  «үш  жұлдызды»  төрт  жылдың  мезгіліне  балау 
астрономиялық  дәстүрі  болғанын  дәлелдеп,  Ж.  Баласағұнның  «Құтадғу 
білік» дастанынан үзінді келтіреді:
üĉі jazqy julduz üĉi jajgy bil // Сен білгейсің, үш жұлдыз – көктемгі, үш 
жұлдыз жазғы!
üĉі küzki julduz üĉі qyŝqy bil // Сен білгейсің, үш жұлдыз – күзгі, үш 
жұлдыз – қысқы!
üĉі öt üĉі suw boldi jäl // Олардың үшеуі – оттан, үшеуі – судан, үшеуі – 
ауадан.
üĉі boldi toprad ažun boldi äl // Оның үшеуі – топырақтан, жер болды 
тіршілік ортасы.
І.  Кеңесбаев  үш  санының  ескі  салтқа  да  қатысты  екенін,  қазақ 
ертегілеріндегі  біреудің  үш  баласы  болыпты  немесе  хан  үш  қайтара 
сұрапты  деген  тіркестердің  жиі  қолданылатынына  тоқтала  келіп:  «жан 
алу», «жан беру» сияқты дәстүрлер көп елдерде болған. ... ертеде «жан бе-
руге» тура келсе, дүние салған ардақты бір кісінің моласына барып, одан 
үш рет айналып, «жалған айтсам осы кісінің аруағы ұрсын» деп қарғанған. 
Мұндайда  жан  беруші  айыпқа  тартылған  адам  емес,  ол  кісінің  үш  ата 
алыстығы бар жақын туысы болуы шарт. Туыстығы үш атаға жеткен кісінің 
сөзі әшкереленіп, жаман қылығы жұртқа аян, сенімсіз болса ғана, айыпқа 


145


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет