Фразеосемантика



Pdf көрінісі
бет78/123
Дата08.03.2022
өлшемі2 Mb.
#27238
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   123
Фраземалардың таңбалық-символдық семантикасы
145
тартылған кісінің басқа туысы (бірақ үш атадан бері болмауы керек) жан 
беретін болған», – деген салтты келтіреді [І.К. Кеңесбаев, 1977; 615 б.].
Қазақ халқының тек тану дәстүрі бойынша әр азаматтың үш жұрты бо-
лады: өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты. Олар жанашыр, сүйеніш, 
қорғаныш болып саналады. Үш жұртқа халықтың берген батасы:
Өз жұртың – күншіл, бар болсаң көре алмайды, жоқ болсаң бере алмай-
ды, жақсы болсаң күндейді, жаман болсаң жүндейді;
Қайын  жұртың  –  міншіл,  қолыңның  ұзындығына  қарайды,  жағаңның 
қызылдығына қарайды, берсең жағасың, бермесең дауға қаласың;
Нағашы  жұртың  –  сыншыл,  жақсылығыңа  сүйенеді,  жамандығыңа 
күйінеді, әрқашан тілеуіңді тілейді, тілеуқор қамқоршың болады [С. Кенже-
ахметұлы, 1998; 193 б.].
Шағатай  тілінде  үш  санының  туыстық  мағынада  қолданылғанын 
(Yasn Quly qanlylary ve üĉläri joq // Хасан Құлдың жақын туыстары жоқ)  
А.З.  Будагов  айтқан  болатын.  Атақты  түркітанушы  Э.Р.  Тенишев  үш 
санының  қасиетіне  тоқтала  келіп,  қарашай-балқар  тілінде,  фольклорын-
да  üĉ  bašly  //  үш  басты;  üĉ  bašly  emegen  //  үш  басты  айдаһар  тіркесінің 
кездесетініне тоқтала келіп, Қарашай жерінен бастау алатын üĉ jözen // үш 
өзен және руникалық ескерткіштер тілінде кездесетін üĉ birkü тіркестерін 
талдай  отырып,  үш  санымен  түркілерде  жер-су  аттарын  атау  дәстүрінің 
болғанын айтады [Э.Р. Тенишев, 1997; 564 б.]. Қазақ тілі топожүйесіндегі 
Үш арал жерінің атауы да үш санының символдық белгісінің айғағы бола 
алады.
Сонымен  қатар  түркі  тілдес  халықтары  тілінде  адам  дүниеден 
қайтқаннан  кейін  үш  күннен  кейін  үшін  беру  //  өткізу,  үшіне  шақыру, 
үшін  оқыту  (Құран  бойынша)  сияқты  ғұрыптар  сақталған.  І.  Кеңесбаев 
фразеологиялық  сөздігінде  үш  санымен  келетін  фраземалардың  бірнеше 
мағынасын көрсетеді:
1) бір нәрсенің ақыры: ер кезегі үшке дейін (үшке дейін ғана күресуге, 
айқасуға, тайталасуға болады деген ескі салттан келіп шыққан тіркес; бұл 
дағды ертеде батырлардың ерегесуіне байланысты болған);
2) әскери топ құрудың бір түрі: үш мүйіз болды (үш топқа бөлінеді, үш 
топ құрды);
3) тілек тілеу: ошақтың үш бұты деп отыр, ошақтың үш бұтынан сұрады 
/  тіледі,  ошақтың  үш  бұтына  берсін!  (көне.  от  басы,  өз  үй  ішінің,  бала-
шағасының амандығын тіледі, қамын жеді);
4)  қалың  мал,  айып  мал:  үш  тоғыз  (айыбы,  сыйлығы),  (әрқайсысы 
тоғыздан тұратын үш сыйлық (айып)).
Сандық  символдардың  мифопоэтикалық  табиғатын  зерттеуші  ғалым 
И.А. Подюков үш, жеті, тоғыз сандары бір-бірімен символикалық тұрғыдан 
байланысты  туыстас,  олардың  әрқайсысы  бүтіндіктен  (тұйықтықты, 
аяқталғандықты) білдіреді деп, өз пікірін былай дәлелдейді: «... определен-
ная специфика числового символа – три как покровительствующее число, 


Авакова Р.А. Фразеосемантика
146
которым представлялась идеальная структура – с началом, концом, сере-
диной, с которым соотносилась идея бога в трех лицах и вселенной в трех 
уровнях, в основном контактирует с сюжетами, в которых использованы те 
или иные мотивы «космизации» и само по сути «космизирует», приобщает 
к  божественному,  нейтрализуя  неприемлемое  или  опасное  или  наоборот 
усиливая священное» [И.А. Подюков, 1997; 19 б.].
Кейбір түркітанушы ғалымдардың (А.М. Щербак, 
Э.В. Севортян, Б.А. Серебренников) пікірінше, көне түркі ескерткіш-
те рінде  үш  саны  туыстас,  қандас,  рулас,  жақын  адам  мағынасында 
қолданылған дейді.
«Төрт» санының символикалық мәні. Төрт саны ең алдымен дүниенің 
төрт бұрышымен – оңтүстік, солтүстік, шығыс және батыспен тікелей бай-
ланысты. Көне ұйғыр ескерткіштеріндегі tört bulun // төрт бұрыш «бүкіл 
дүние,  әлем»  мағынасында  қолданылатын  көне  дәстүр.  Қазақ  тіліндегі 
дүниенің  төрт  бұрышы  «барлық  әлем,  түпкір-түпкірден»,  түрік  тіліндегі 
dunjanyn  tört  buzagyndan  //  дүниенің  төрт  бұрышынан  «бүкіл  әлемнен, 
әр  тараптан»,  кабардин-балқар  тіліндегі  төрт  дуниа  «бүкіл  әлем»,  өзбек 
тіліндегі томаниң Қибла «барлық төрт тарапқа» және т.б. тіркестер қазіргі 
түркі тілдес халықтарда сақталған.
Төрт саны мифологиялық түсінікте тұрақтылық, тұтастық мағынасында 
жұмсалады. Мысалы: төрт құбыласы түгел, төрт қанат үй, төрт мезгіл, төрт 
мүше, төрт маусым, құранның төрт мүшесі, төрт пір және т.б.
Жүсіп  Баласағұнның  «Құтты  білігінде»  tört  tjγum  «төрт  рет  туылу, 
дүниеге келу», tört es «төрт әулие», яғни Алланың төрт әулиесі, мұсылман 
мемлекетінің  алғашқы  төрт  әкімі  –  Әубәкір,  Омар,  Осман  және  Әли  ат-
тарымен тікелей байланысты. Қазақ тіліндегі аспаннан түскен төрт кітап 
фраземасы діни ұғыммен – Мұсаның кітабы – Библия, Дәуіттің кітабы – 
Псалтырь, Исаның кітабы – Евангелие, Мұхамедтің кітабы – Құранмен – 
тікелей байланысты.
Төрт саны туралы Ф.Р. Ахметжанова мен Қ.С. Дүсіпбаева былай дейді: 
«Төрт періште» мифология мен діни ұғымдар бойынша, құдайдың әмірін 
жеткізіп  тұратын,  табиғаттан  тыс  мифтік  көмекшілер.  Аллаға  жақын 
ұлы төрт періште бар, олар: Жәбірейіл – Алламен арадағы байланысшы, 
сенімді хабаршы; Мекайыл – табиғат күшін (жауын, жел, егіншілік т.б.), 
құбылыстарын бақылайды; Исрафил – қиянат күнінде жел тұрғызып дау-
ылдатады, адамдардың қайта дүниеге келуін бақылайды; Әзірейіл – ажалы 
жеткендердің жанын алады 
[Ф.Р. Ахметжанова, Қ.С. Дүсіпова, 2001; 63 б.].
Төрт санының киелі қасиеттері туралы ғалымдар 
Ж.  Байзақов  пен  С.  Қонақбаев,  дүниенің  негізі  төрт  элементтен  – 
от,  су,  жер  және  жел  төрт  ұғымы  осымен  байланысты  деп  түсіндіреді  
[Ж. Байзақов, С. Қонақбаев, 1979; 25 б.].


147


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет