Фразеосемантика


Түркі тілдеріндегі «сары» сөзінің лексикографиялық



Pdf көрінісі
бет91/123
Дата08.03.2022
өлшемі2 Mb.
#27238
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   123
Байланысты:
Пікір жаз андар филология ылымдарыны докторы, профессор Г. Е.

Түркі тілдеріндегі «сары» сөзінің лексикографиялық  
деректер бойынша мағыналары

р/с
Сары сөзінің мағынасы
Мағынаның түркі тілдерінде 
қолданылуы/қолданылмауы
1
Түс
Барлық түркі тілдерінде
2
а) ашық сары;
ә) шабдар, аққұла (аттың түсі – 
құйрық жалы ақшыл құла жылқы)
гагауыз, якут
алтай, тува
3
ақ, ағарыңқы, ағарған, өңсіз, бозарған, 
кейіпсіз, жүдеу, жадау (адам терісінің 
түсі)
түрік, гагауыз, тува, қазақ
4
ашық, ақсары (шашқа қатысты), 
аққұба
түрік, әзірбайжан, кабардин-балқар
құмық, татар, ноғай, қарақалпақ, 
қырғыз, алтай, өзбек, ұйғыр, хакас, тува
5
таңсәрі, таң ата
қарайым
6
а) жирен (шаш), күрең (ат), оңып 
кеткен түс;
ә) алтын, алтынданған, алтын сияқты;
б) қызылдау, қызғылт; ;
в) мед. мысқыл, бұлық (шілделік ауру 
я құлағынан ірің аққан ауру)
әзірбайжан, кабардин-балқар, татар, 
ноғай, қазақ, қырғыз, алтай, өзбек, 
ұйғыр
қарақалпақ
якут
чұлым


171
Фраземалардың таңбалық-символдық семантикасы
171
7
сары жұмыртқа
түрік, әзірбайжан, түркімен, қазақ 
қарайым, құмық, татар, ноғай, қырғыз, 
ұйғыр
8
сары бояу
қазақ, қарайым
9
а) ақ (сақал, шаш);
ә) желтизна
түрік, түкімен, құмық, қазақ, өзбек 
әзірбайжан
10
сары ауру (желтуха)
әзірбайжан, қарайым, татар, башқұрт, 
өзбек, қазақ
11
ақ, ашық, бурыл (сақал, шаш) ақсұр, 
ақсұр, ақшыл, ноғала, ақ, көз сүйел 
(көзге түскен ақ)
чуваш, қазақ
Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігінде  сары  сөзінің  негізгі  екі  мағынасы 
берілген [Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, 1974-1986; 187 б.]:
1. Піскен егіннің немесе апельсиннің түсіндей түс;
2. Бір қалыпты, үздіксіз, ұзақ;
Қалған  тіркес  ішіндегі  мағыналары  сөздікте  идиома  белгісімен  (♦) 
берілген.
Көне  түркі  ескерткіштерінде,  Қараханид  жазуында  қазіргі  түркімен, 
өзбек,  ұйғыр,  хакас,  тува,  якут  тілдерінде  saryγ  тұл-ғасында,  башқұрт 
тілінде  һары,  чуваш  тілінде  шура,  қалған  түркі  тілдерінде  сары  болып 
келеді.
Сары  түстің  қазақ  тіліндегі  о  бастағы  мағынасын  күннің,  оттың  түсі 
және  алтын,  жез,  қола,  мыс  сияқты  металдардың  бейнесіне  байланысты 
қалыптасып, дами келе, табиғаттағы, тіршіліктегі әр алуан құбылыстардың 
сыр-сипатын ашу негізінде дамыған.
Сары  түсінің  сындық  мағынасы  төмендегідей  анықтауыштық  және 
анықталушы сөздер тіркесінде ашылады:
 
209
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
   
 
 
 
 
 
 
 
   
 
 
 
 
 
 
 
    
 
 
 
 
 
 
 
    
 
 
 
 
 
   
 
 
    
 
 
 
 
               
    
 
 
 
 
 
             
   
 
 
 
 
 
 
 
Сары ұғымының төмендегідей мағыналары бар: 
– кең дүние, ұшы-қиыры жоқ жалпақ дала – сары дала, сары 
бел, сары жайлау; 
–  табиғи  физиологиялық  кейбір  құбылыстардың  ұзаққа 
созылуы сары күз, сары төсек, сары уайым, сары ізіне шөп салу, 
ұзын сары; 
– кексе әйел – сары жілік, сары тіс, сары қарын; 
– жас бала, балапан – сары ауыз балапан, сары мойын, сары 
уыз; 
–  тіс  қаққан,  әккі  болған,  шыныққан  –  сары  тоқым  ұры, 
сары табан, сары ауыз; 
–  көп  сақталған,  сүрленген,  қалыптасқан  –  сары  май,  сары 
сабан, сары тора шақ, сары табан қар; 
Сары сөзі сары алтын тіркесінде таза, қоспасыз деген мағы-
наны  білдіреді.  Сары  сөзінің  этимологиясына  талдау  жасаған 
профессор  Р.  Сыздықова  сары  алтын  тіркесіндегі  сары  сөзі 
 
сары 
ашық 
айқын 
шикі
шикіл 
жуан 
жалтыр 
жылтыр 
сағымдай 
сұлу 
шидей 
жайлау  
жұмыртқа 
жапырақ 
күз 
аяз 
арқа 
адыр 
сағым
алтын 
бел 


Авакова Р.А. Фразеосемантика
172
Сары ұғымының төмендегідей мағыналары бар:
– кең дүние, ұшы-қиыры жоқ жалпақ дала – сары дала, сары бел, сары 
жайлау;
– табиғи физиологиялық кейбір құбылыстардың ұзаққа созылуы сары 
күз, сары төсек, сары уайым, сары ізіне шөп салу, ұзын сары;
– кексе әйел – сары жілік, сары тіс, сары қарын;
жас бала, балапан – сары ауыз балапан, сары мойын, сары уыз;
– тіс қаққан, әккі болған, шыныққан – сары тоқым ұры, сары табан, 
сары ауыз;
– көп сақталған, сүрленген, қалыптасқан – сары май, сары сабан, сары 
тора шақ, сары табан қар;
Сары  сөзі  сары  алтын  тіркесінде  таза,  қоспасыз  деген  мағынаны 
білдіреді.  Сары  сөзінің  этимологиясына  талдау  жасаған  профессор  
Р. Сыздықова сары алтын тіркесіндегі сары сөзі парсы тілінің сара «таза, 
қосапсыз, пробасы жоғары» деген мағынаны береді.
Бұл ұғымды саф алтын түрінде қолданылатынын айта келіп, сары уай-
ым  фраземасындағы  сар  сөзі  парсының  уайым-қайғы  деген  мағынасын 
берсе, бұл тіркес уайым-уайым болып бір мағынадағы екі сөздің қабаттаса 
айтылуынан  пайда  болған  плеонастық  тіркес  дейді  [Р.  Сыздықова,  1994; 
136-137 бб.].
Сары бел, сары адыр, сары жота, сары дала, сары арқа, сары бұлақ 
тіркесіндегі сары компонентін топонимист ғалым Е. Қойшыбаев «кең, бас-
ты, айқын» мағыналарын беретінін көрсетеді [Е. Койчыбаев, 1974; 89 б.].
Сары сөзі фраземалардың құрамында әр түрлі табиғат құбылыстарын, 
адамның сыртқы бейнесі мен ішкі көңіл күйін білдіреді.

 табиғатқа байланысты фраземалар: сары «табиғи құбылыстың ұзақ 
созылуын,  созылыңқылығын  сипаттайды»,  сары  күз  «ұзаққа  созылған 
күз», сары аяз «ұзаққа созылған қатты аяз», сары боран «ұзаққа созылған 
күз», сары боран «ұзаққа созылған, ызғарлы, суық жел»;

 адамға байланысты фраземалар: сары «адамның жас мөлшерін ха-
бардар етеді», сары тіс «орта жасқа келген әйел», сары уайым «тұңғиық, 
қайғы-қасірет»,  сарғая  күту  «ұзақ  күту»,  сары  алтындай  сақтады 
«мейліше қадір тұтып, қастерлей күтті», сары табан жол «еңбек жолы» 
және т.б.
Қызыл фраземасының таңбалық-символдық мағынасы. Жиналған лек-
сикографиялық деректер бойынша қызыл сөзінің 12 мағынасы анық талды. 
Оны төмендегі кесте арқылы көрсетуге болады: 


173
Фраземалардың таңбалық-символдық семантикасы
173
8-кесте


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет