Авакова Р.А. Фразеосемантика
138
Сонымен қатар қазақ халқы өзінің өткен тарихында көрші елдермен
экономикалық, мәдени қарым-қатынастар жасаған. Тілде осы қатынастар
негізінде туындаған фраземалар кездеседі. Мәселен, Атымтайдай жомарт
бол; Наушаруандай әділ бол; Аплатондай ақылды; Барар жерің Балқан тау,
ол да біздің көрген тау; Ұлын Ұрымға, қызын Қырымға және т.б. фразе-
маларда өзге елдің атақты адамдар аттары (антропонимдер) мен жер ата-
улары (топонимдер) сақталып қалған. Нақтырақ айтсақ, Атымтай – араб
елінен, Наушаруан – Ираннан, Аплатон – грек жұртынан, Ескендір – пар-
сы, Ұрым (Рим), Қырым, Балқан, Кавказ жеріндегі атаулар. Мысалдардан
көрініп тұрғандай, фраземалық таңбалар өздерінің ерекше қасиеттеріне
орай тек ситуацияны көрсетіп қана қоймайды, оларға баға да береді. Бірақ
баға бере отырып, фольклорлық шығармалармен салыстырғанда, фразе-
маларды үйрету, мораль айту мазмұны жоқ, бұл жағынан келгенде, идио-
малар мақал-мәтелдерден гөрі, лексикалық бірліктерге жақын. Тіл-тілдегі
фраземалар – халықтың әр кезеңдегі тұрмыстық, әлеуметтік тәжірибесінің
негізінде пайда болған, бойына ғасырлар құпиясын атадан балаға мұра
ретінде сақтаған элементтер.
Фразеологиялық бірліктердегі уәжділік тілдік символдармен тікелей
байланысты. Ішкі форма теориясын жан-жақты қарастырған ғалым Шарль
Балли – сөйлеушінің бет-әлпеті мен адресатқа айтайын деген ойының ара-
сында символдық байланыс бар дейді. Біздің сөйлеу мүшелеріміз біздің
санамыздан тыс қол, саусақ, бас, көз және т.б. мүшелер сияқты символдық
қимылдарды қайталайды. Мәселен, үлкен бір нәрсе туралы айтқан кезде екі
қолымызды екі жаққа жаямыз немесе керісінше, кішкентай нәрсе туралы
айтқанда оларды біріктіреміз. Осы мәселе тұрғысынан сөз қозғап, өзіндік
пікір айтқан итальян тілінің фразеологиясын зерттеуші
Т.З. Черданцева төмендегідей тұжырым келтіреді «... мы широко откры-
ваем рот, желая произнести vaste, large, grand b т.п. (ср. широкой, обшир-
ный, большой), мы вытягиваем губы, произнося long, profound (ср.длин-
ный, глубокий)» [Т.З. Черданцева, 2000; 10-38 бб.].
«Символ» терминіне лингвистикада және әдебиеттануда әр түрлі
анықтама беріліп жүр. Әдебиетте символ дегеніміз – ойды астарлап, басқа
нәрсені суреттеу арқылы жасалатын нақтылы сипаты бар балама бей-
не. Жалпыхалықтық тілде кездесетін символда бір нәрсені өз қалпынан
басқаша сипатта көрсетіп, нақтылы бір затты, нәрсені екінші нәрсенің, не
ұғымның жай баламасы ретінде алу арқылы жасалады. «... Әдебиеттегі,
поэзиядағы символ көбінесе келістіріліп жасалған, астарлық мағынасы
терең бүтін бір сурет-бейне қалпында көрінеді...» [Әдебиеттану терминдер
сөздігі, 1998; 299 б.].
Символ мен символдану мәселесіне көп көңіл бөлген ғалым, Т.З. Чер-
данцева былай дейді: «Итальян философы Дж. Вико адамзат қоғамының
тарихын спиральдің орамы ретінде қарастырады. Бұл оралымдар адамның
үш кезеңінен – балалық, жастық және кемелдік шақтан тұрады, әр оралымға
139
Фраземалардың таңбалық-символдық семантикасы
139
тілдің даму кезеңі сәйкес келеді. Мәселен, екінші оралым – жастыққа
символдық тіл сәйкес келеді. Бұл кезеңде метафорамен, теңеумен, анало-
гиямен сөйлеу басым болады, сондықтан да тілдегі символ оның бейнелі
жағымен байланысты», – дейді [Т.З. Черданцева, 2000; 42 б.].
Герменевтика ғылымының өкілі П. Рикер символ туралы ойларын
жинақтай келіп, «Называю символом всякую структуру значения, где один
смысл – косвенный, вторичный, иносказательный, который может быть
понять лишь через первый» [П. Рикер, 1995; 8 б.]. Тілдік символдардың
табиғаты – осы анықтамаға жақындау.
Тіл қолданысындағы когнитивтік негіздерге логика-ұғымдарымен бай-
ланыста зерттеген ғалым Қ. Жаманбаева символдың табиғатына тоқтала
келіп: «Детерминацияның терең көздерін қозғап, санаға жеткізу көп
жағдайда мүмкін болмағандықтан, көп процестердің ішкі себептерін біле
алмай, адам баласы көп адасады. Әрине, бұл жерде адам баласына көмекке
келетін психологиялық-әлеуметтік, рухани таңбалар – символдар. Бірақ
символ тілін түсіну үшін сана жетілу қажет», – деп символдарға «рухани
таңба» ретінде қарайды [Қ. Жаманбаева, 1998; 34 б.].
Сөздің атауыш (номинатив) және ауыс мағыналарын талдай келіп,
Ә. Болғанбаев, Ғ. Қалиұлы былай дейді: «Сөз мағынасы – дамып, жетіліп
отыратын құбылыс, сондықтан сөздің негізгі мағынасы атауыш немесе
тура мағынамен шектеліп қоймайды. ... Сөздің атауыш тура мағынасының
негізінде туып өрбіген, бір тілде сөйлейтін адамдарға түсінікті, қауым
таныған ауыс, нақты, абстракты меңзеу мағыналары болады, бұлардың
бәрі сөздің негізгі лексикалық мағыналарының түрлері болып табылады»
[Ә.Болғанбаев, Ғ.Қалиұлы, 1997; 78 б.].
Біздің қарастырып отырғанымыз – тілдің эволюциялық жолымен да-
мып, өрбіген, соның негізінде туындаған символдар. Атауыш мағынадағы
сөздердің ерекше қасиеттері олардың ішкі мағынасында жатыр. Символдық
мәнге ие сөздердің табиғаты ерекше, ол ерекшелік символ-сөздердің
танымдық, ұлттық мәдени, фондық мағыналарын сол тілде сөйлейтін
халықтың дүниені тануы мен құбылыстарға баға беруімен, әлемнің
тіл бейнесімен тығыз байланысты. Мысалы, «Қазақ тілінің түсіндірме
сөздігінде» қара сөзінің тоғыз тура және ауыс мағыналары берілген [Қазақ
тілінің түсіндірме сөздігі, 1974-1986; 35-36 бб.]. Бәрімізге белгілі қара
сөзінің негізгі мағынасы – «күйенің, көмірдің түсіндей түс, бояу». Атал-
мыш мағына қара сөзінің ең негізгі символдық мағынасы болып табы-
лады. Осы негізден өрбіген жағымсыз «арсыз, зұлым, жауыз, жексұрын,
мейірімсіз, ұятсыз» және т.б. мағыналар көптеген фраземалардың шығуына
ұйытқы болған: қара жүзді, жүрегі қара, қаны қара, қара бауыр, қара бет
және т.б. Немесе тілдегі қарғыс мағынадағы фраземалар: Аузыңа қара
қан толғыр! Қара байланғыр! Қан жауғыр! т.б.
Ал түстік, сындық мағына беретін қара сөзінің не үшін жоғарыдағы
мағыналарға ие болғанын қазіргі тілдік тұрғыдан дөп басып түсіндіру
Авакова Р.А. Фразеосемантика
140
мүмкін емес. Кез келген сөздің ішкі, көзге көріне бермейтін мағыналары,
әсіресе, фразеологиялық байлаулы мағыналарда айқын ашылады. Әр түрлі
әлеуметтік себептер барысында (діни көзқарастар, табу және эвфемизм
және т.б.) нақты тілдік ұжымдарда денотаттың символдануының негізінде
жаңа қолданысқа ие болған.
Бұл жерде нақтылай кететін фактор – сөздің жаңа мағынаға ие болуы
емес, оның белгілі бір ситуацияда немесе контексте жаңа қолданысқа түсуі.
Аталмыш жайт таңбаланушы денотаттың символдану үрдісін көрсетеді.
Адамзат сөздің символдық қуатын сезінуге өмір бойы үйреніп келеді.
Ол үшін адамға ерекше жан дүние, рухани қазына керек. Сөз жаңа үшінші
дүниені – бейнелі дыбыстар әлемін жасайды, – дей келе когнитивистика-
ның таңдаулы маманы А. Белый сөздің құдіреті мен оның күшін былай
дейді «... сөз арқылы меннен тыс тіршілік етіп тұрған дүниенің құпиясы
да, менің жанымда орныққан ішкі дүниенің жасырын сыры да жарыққа
шығады. Сыртқы дүние менің жаныма нұр болып құйылады, ішкі дүние
меннен шығып, таң шапағы, ағаштардың сыбдыры боп төгіледі. Сөзбен,
тек қана сөзбен мен іштей де, сырттай да қоршаған дүниені жасай ала-
мын, өйткені мен өзім – сөзбін, тек қана сөзбін. Мен сөзден ғана тұрамын»/
[А. Белый, 1994; 131 б.].
Әдетте нақты денотаттың символдану үрдісі әр халықта әр түрлі бо-
лып келеді. Мысалы, хас батырды түркі халықтары жүрекпен байланы-
стыра (жүректі, ер жүрек, жүрек жұтқан), француздардың асқазанымен,
итальяндықтардың бауырымен байланыстырады екен және т.б.
Дәл осы қалыпдағы фразеологиялану үрдісінің не үшін, қашан, қандай
ситуацияда пайда болғанын бүгінгі тілдік фактілер негізінде дәлелдеу
мүмкін емес, бірақ фразема жасауға ұйытқы символ сөздердің табиғатын
ашу барысында әр халықтың әдет-ғұрпын, салт-санасын, дүниетанымы
мен мәдениетін, этнографиясы мен тарихын және т.б. әлеуметтік, саяси,
қоғамдық факторларды ескерген жағдайда олардың уәждерін ашуға бола-
тыны сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |