Авакова Р.А. Фразеосемантика
134
формаларына қарай бірдей мағынада болып келеді: концепт латын тілінен
калька ретінде алынған conceptus – «понятие» сөзі, ол conciperte «зачинать»
деген етістіктен пайда болған, яғни сөзбе-сөз айтқанда «понятие, зачатие»;
«понятие» дегеніміз «пяти» етістігінен туындаған, ежелгі орыс тілінде бұл
етістік «погати», «понати», «схватить», «взять в собственность», «взять
женщину в жены» деген мағыналарда қолданылған. Ю.С. Степанов қазіргі
кезде бұл сөздердің нақты айырмашылықтары бар деп көрсетеді.
Автордың пікірі бойынша, концепт және ұғым – түрлі салалардың
термині болып табылады: оның екіншісі негізінен алғанда логика мен фи-
лософия салаларында, ал алғашқысы, яғни концепт логиканың бір сала-
сында – математикалық логикада, сонымен қатар мәдениеттану саласында
қолданылады.
Автор мұнымен қатар концептіні адам санасында ұйып қалған
мәдениеттің бір түйіршегі деп есептейді; яғни, мәдениеттің адамның
менталитеттік әлеміне кіретін күйін автор осылайша атайды. Екінші
жағынан алғанда, концепт ұғымы арқылы адам – қатардағы, қарапайым
адам болып саналады, яғни адам «мәдени құндылықтарды туындатушы
емес», керісінше сол мәдениетке өзі кіреді, ал кей жағдайда тіпті оған
тікелей әсер етеді [Ю.С. Степанов, 2001; 3 б.]. Ю.С. Степановтың пікірінше,
ұғыммен салыстырғанда бұл терминнің өзіндік мағынасы тек ойға ғана
емес, сонымен қатар күйзеліске түседі. Олар адамның көңіл-күйін, эмоци-
ясын, сүйініші мен күйінішін жеткізетін құрал. Концепт – адам баласының
менталитеттік әлеміндегі негізгі ұяшық.
Ю.С. Степанов концептінің үш қабатын, яғни үш компонентін бөліп
қарастырады: (1) негізгі, өзекті белгі; (2) қосымша, немесе бірнеше
қосымша, «пассив» белгілер, бұлар
өзекті емес белгілер, (3) «ішкі форма»,
ол сыртқы,
сөздік формада байқалмайтын, танылмайтын концепт.
Концепт терминін талдау барысында көптеген зерттеушілер оның мәнін
жан-жақты ашатын ұғымдар ретінде «сөздің ішкі формасы», «прототип»
терминдерінде де тоқталады.
М.Т. Күштаева: «Концепт пен ішкі форма» терминдерінің мәнін ажы-
рату қиын. Бұл терминдер сөздердің алғашқы мағынасын, ұлттық мәдени
тілдік құбылыстың ерекшелігін түсіндірудің кілті болып табылады...
Олардың айырмашылықтары сақталуы мен қызметінде. Сөздің ішкі фор-
масы жоғалып кете алады, ал концепт әрқашан сөзбен бірге өмір сүреді.
Сондықтан концепт қатары тұрақты деп есептелінеді, [М.Т. Күштаева,
2005; 35 б.] – дейді.
Е.С. Кубрякова, Е.З. Демьянкова, Ю.Г. Панкрац, Л.Г. Лущина құрастыр-
ған «Краткий словарь когнитивных терминов» сөздігінде концепт терминіне
мынадай анықтама берілген: «Концепт – біздің санамыздың және адамның
білімі мен тәжірибесін білдіретін ақпараттық құрылымның психикалық не-
месе менталитеттік ресурстары бірліктерін түсіндіруге қызмет ететін тер-
мин; адам жадының, менталитеттік лексиконының, мидың тілі мен концеп-