Фраземалардың таңбалық-символдық семантикасы
155
мен того 30 чаш» [Сравнительно-историческая грамматика тюркских язы-
ков, 1997; 587 б.].
Қазіргі түркі тілінде тоғыз санының символикалық мағынасы негізінде
туындаған толыққандылықты, көптіктің шегін білдіретін фраземалар
кездеседі. Мысалы: қазақ тілінде «Ер төстікте» тоғыз ұл бар, түрік тілінде
dokuz babaly «некесіз туылған бала» (тоғыз аталы); dokuz зanly «шыдамды,
өміршең» (тоғыз жанды), dokuz düğüm ňűm altynda «жер түбінде» (тоғыз
түйін астында), dokuz kujden kovulmuŝ «барлық жерден қуылған, тіл та-
быса алмайтын» (тоғыз ауылдан қуылған), dokuz jorgan eskitmer «ұзақ
ғұмыр кешкен» (тоғыз көрпені тоздырған), түркімен тілінде: dokuz dolmaq
«байлыққа кенелген» (тоғыз арманы орындалған) және т.б.
Қазақ тілінде бір тоғыз немесе тоғыз беру тіркестері сақталған
[Н. Уәлиев, 1988; 105-108 бб.]. Тоғыз беру – бір рудың екінші бір руға
төлейтін айыбы, жол-жоралғы, немесе үйлену тойында берілетін сый-
құрмет. Салт бойынша тоғыздың құрамында тоғыз түрлі зат болу керек.
Тоғыз іштей бір тоғыз, екі тоғыз, үш тоғыз т.б. болып бөлінеді. Сонымен
халық салтындағы тоғыз аяқ, тоғыз табақ ұғымдар да тоғыз санының
символдық-таңбалық дәлелі бола алады.
Туыстас түркі тілдерінде сақталған тоғыз айып тартты (қазақ тілінде),
тоққуз-тоққуз товақ, тоққуз пул (өзбек тілінде), тоқуз улус тожоно «тоғыз
елдің басшысы» (якут тілінде) және т.б. ұғымдармен дәлелдеуге болады.
Қазақ халқының әдет-ғұрыптарын кешенді түрде жинастырып жүрген
С. Кенжеахметұлы тоғыз жау түсінігін былай береді:
1. Жаман болса – жақын жау.
2. Шайпау болса – қатын жау.
3. Шабан болса – атың жау.
4. Тартыншақ болса – түйең жау.
5. Тебеген болса – биең жау.
6. Күнде келсе – күйеу жау.
7. Жымысқы болса – жиен жау.
8. Тіл алмаса – ұлың жау.
9. Арсыз болса – қызың жау.
Он екі саны тілдегі астрономиялық терминдерді жасауға қатысты. Мы-
салы он екі ай, он екі жыл тіркестері Ж. Баласағұнның «Құтты білігінде»
on iki űkäk «он екі жыл (мүшел) қайыру таңбалары» түрінде қолданылған.
Он екі саны бүтіндікті, жинақылықты, толысқандықты білдіреді: он екі
мүше, он екі сақа, он екі тұлым, он екіден бір гүлі ашылмаған, он екіден
бір нұсқасы жоқ және т.б. «Он екіден бір гүлі ашылмаған, он екіден бір
нұсқасы жоқ» сөз орамдары он екі мүшеге қатысты айтылған [Ф.Р. Ахмет-
жанова, 2001; 79 б.].
Қырық санының фраземалар бойындағы қасиеті туралы алғаш ғылыми
пікірлер академик І. Кеңесбаев еңбектерінде талданылған [І.К. Кеңесбаев,
1977; 615-616 бб.]. Қырық саны адам жасының белгілі кезеңін білдіреді.
Авакова Р.А. Фразеосемантика
156
«Құтты білік» дастанында jaŝyn qyrqta kecsä «жасың қырықтан асса» kundin
son bedukladi ojnady »қырық күнде өсті, жүгірді, ойнады» және т.б.
Қырық саны о баста «көп», «мөлшерсіз» деген мағынада қолданылған
болу керек [В.А. Гордлевский, 1945; 133-134 бб.]. Қазақ тіліндегі қырық
қарақшы, қырық бұрау, қырық тесік, қырық жыл тіркестерінде көптік
мағына сақталған.
Түрік тіліндегі: kyrk defa sőjledim «ауыз жаппай сөйледім» (қырық
рет сөйледім), kyrk evin kedisi «өз үйіндей көру» (қырық үйдің мысығы),
kyrk jamaly »қырық жамау», kyrk jylyn basynda «баяғы заманда» (қырық
жылдың басында), kyrk jylda bir «анда-санда» (қырық жылда бір); татар
тіліндегі: ĉőji qyrylŝyn «қырыққа бөлінсін» (маған десе быт-шыт болсын),
башқұрт тілінде: qyryqqa jaryla almam bin inde «енді не істе дейсіңдер»
(қырыққа жарыл дейсіңдер ме?), qyrq tőrlő hőjlaű «көп сөйлейтін» (қырық
түрлі сөйлеу), қырғыз тілінде: coro qyrq «қырық уәзір», qyrq kőjnők
«қырық көйлек» (баланы қырқынан шығарғанда кигізетін жейде), qyrq
cilten «қырық шілтен» (аңыз бойынша, адамдар арасында жүретін, ерек-
ше күш иелері) және т.б.
Қазақ халқы сәби дүниеге келгеннен кейін қырық күн өткен соң,
ыдыстың түбіне күміс салып, қырық суды жақын адамдарына жақсы
тілектер айтқызып, суға түсіріп, қарын шашын алатын болған. Соны-
мен қатар адам өмірден өткенде қырық күннен соң, «қырқын өткізіп» ас
береді. «Адамның жаны қырық күннен соң шығады» деген діни ұғым бар.
Ертегілер мен аңыздарда қырық күн ойын, қырық күн той тіркестері жиі
кездеседі. Осы ұғымдар халық санасындағы мифологиялық культуремалар
ізі болар деген ой туындайды.
Қырық санының бойындағы киелі ұғымдар ауыз әдебиетінде де
сақталған. Қарақалпақ халқының «Қырық қыз», қазақ халқының «Қырық
өтірік», «Қырымның қырық батыры» және т.б. ертегілер мен эпостық
шығармалар осының айғағы.
Қазақ фразеологиялық қорындағы қырық құбылу «сөзінде тұрмау»,
қырық қазанның құлағын тістеу «қыдырымпаз, кезбе кісі», қырық қалта
«қу, айлакер», қырық иттің құйрығын түйістірген «аса айлакер, қу» қырық
саққа жүгірту «сан түрлі құбылу» және т.б. фраземалар қырық сөзінің ішкі
семантикасымен тікелей байланысты.
Қазақ фразеологиясының атасы І. Кеңесбаев қырық санымен келетін
фраземаларға сематикалық талдау жасай келіп былай дейді: «Қазақ
ертегілерінде ұшырасатын бойы бір тұтам, сақалы қырық тұтам, тазшаның
қырық өтірігі сықылдылар халықтың санасында ертеден орын тепкен.
Мақал-мәтел, нақыл сөздер және басқа сөз орамдары да бұл санның
«әшейін» сан емес, бір кезде киелі мөлшер екендігін көрсетеді. ... Қырықтың
діни ұғымы басқа тілдерде де бар».
Қорыта айтқанда, сан есімдер ұйытқы болған фраземалардың
бойын дағы мифтік культуремалардың символдары сақталған. Олардың
157
Фраземалардың таңбалық-символдық семантикасы
157
қалыптасуына халық санасындағы мифтік, магиялық түсініктер мен та-
нымдар әсер еткен.
Достарыңызбен бөлісу: |