Фраземалардың таңбалық-символдық семантикасы
149
арналған ұзын қару» идиомаларында күшті, қаһарлы, үлкен, ұзын, дәу, өте,
зор мағыналары басым.
Алты санындағы метафоралану мағынасын зерттеген ғалымдар екі
түрлі көріністі атап көрсетеді: 1. жанұяда дүниеге келген ұл балалардың
реттік саны (алтыншы); 2. мүгедек, кеміс туылған нәресте (алтыбармақ),
аяғында немесе қолында алтыншы саусақпен туылған ұл бала [А.А. Габы-
шева, 1988; 69 б.]. Ал түркітанушы ғалым Л. Рашони былай дейді: «... лич-
ные имена Подобного типа имеют целью укрыть новорожденного от злых
духов за числительным, предельно безличным, каковым являются порядко-
вый номер новорожденного мальчика среди детей в данной семье. Вместе
с тем ср.-кипч. личная имя alty bars истолковывается как «пожелание ново-
рожденному, родившемуся в год тигра, прожить 6 х 12 годов, т.е. долгой
жизни», аналогично же – ср. – кипч. alty buya» [L. Rasony, 1953; 47-48 бб.].
Нәрестені осылай атау зұлым күштер мен рухтардан сақтайтынына халық
сенген. Көне түркі лұғатында орта ұйғыр ескерткіштерінде alty julduz
тіркесі кездеседі [Древнетюрский словарь,1961; 40 б.].
Жеті санының символикалық мәні. Қазақ фразеология ғылымының көш
басшысы академик І. Кеңесбаев жеті санының жұмсалу өрісі өзге сандар-
дан гөрі кеңірек және оларда көне дәуір салтының ізі сақталғанын айтқан
болатын [І.К. Кеңесбаев, 1977; 612 б.].
Жеті санымен байланысты түркі халықтарында қалып-тасқан, тұрақты
дәстүрлер бар. Соның бірі – діни ұғымдармен тікелей байланысты. Көне
ұйғыр ескерткіштерінде кездесетін jeti ayylyq nomlar «жеті кітап, жеті киелі
ілім», jeti jemki bacay «тамақтануға байланысты ораза»; кабардин-балқар
тіліндегі зети заханим «қорқынышты тозақ» (сөзбе сөз «жеті тозақ»); қазақ
тіліндегі жеті бүзірлік әулие «жеті қилы әулие», ұйғыр тіліндегі йетти
атиниң әрвалари урмақ «ата-баба аруағы ұру» және т.б. фраземаларда ата-
баба салтымен байланысты ұғымдар сақталған.
І. Кеңесбаевтың «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде» жеті сөзімен
келетін көптеген тіркестердің этимологиясы мен шығу уәждері берілген.
Мәселен, жетіскенге беретін жеті әліп идиомасы халық өміріндегі, салт-
санасындағы бақсылық, балгерлікпен байланысты қалыптасқан, әліп «білу,
тану» мағынасын білдірген. Құмалақтың жеті әліп болып келуі «маңдайы
ашылған, бақыт қонған, қыдыр дарыған кісінің белгісі», жетіскен деген
мағына «құмалақтың жеті әліп болып келуіне итермелеуші». Балгердің
сәуегейлігіне шын сенетін адам жетіскенге беретін жеті әліпті құмалаққа
тізе бүгіп, тағзым еткен [І.К. Кеңесбаев, 1977; 612 б.].
Түркі халықтарында жеті санымен астрономиялық терминдер мен
түсініктер қалыптасқан. М. Қашқари лұғатында jetti qat qat kök «жеті қабат
аспан»; қазақ тіліндегі жеті қабат жер // жеті қабат аспан; қырғыз тілінде
жети арқар «жеті қарақшы»; алтай тіліндегі ∂»emu хан және т.б. Жеті қат
жер халық түсінігінде – Тұңғиық, Жылан, Су, Қос балық, Қара тас, Көк
Авакова Р.А. Фразеосемантика
150
өгіз, Жер болса, жеті қат көк – Ай, Күн, Шолпан, Есекқырған (Меркурий),
Қызылжұлдыз (Марс), Сатурн, Мүштәри (Юпитер) [С. Кенжеахметұлы,
1998; 229 б.].
Академик І. Кеңесбаев аталмыш тіркестер туралы былай дейді: «Бұл фра-
зеологизмдер мифологиялық, астрологиялық ұғымнан хабардар беріп тұр.
Жерді ұстап тұрған «көк өгіздің мүйізі» деп білген халық өзінің ойын жетімен
байланыстыруы бұл да сан есімнің халықтың атам заманғы өмірімен, идео-
логиясынан аздап болса да дерек бола алатындығын көрсете алады. Осыған
қарағанда жеті қарақшы (көне түркіде Жетіген), қырғызша Жети арқар
жұлдызын ала-бөле жеті санымен байланыстыра атауы, бұл санның, бәлкім,
«киелі» екендігін көрсетсе керек. ... көзге түртсе көрінбейтін түнді қазақ неге
жеті түн немесе жеті қараңғы түн дейді. Осы сөзден барып жасалған жеті
қараңғы түнде (жеті түнде) неғып жүрсің? Немесе жеті қараңғы түнде қайда
барасың? Жеті қараңғы таныған жеті түнде адаспас деген тәрізділер өте жиі
кездесіп отырады» [І.К. Кеңесбаев, 1977; 612 б.].
Жеті саны семантикасымен байланысты туған фольклор сюжеттері,
мақалдар мен мәтелдер түркі халықтарында көптеп кездеседі. Түрік
тіліндегі jedi baŝly «көкбет, ашушаң әйел туралы» (жеті басты), jedi зanly
«суға салса батпайтын, отқа салса күймейтін адам» (жеті жанды); түрікмен
тілінде йединиң бери йесер «жетінің бірі қу», йеди дерианиң сувуни ишен
«жылпос, өз пайдасын, өз керегін тапқыш» (сөзбе сөз «жеті теңіздің суын
ішкен»); кабардин-балқарлары тілінде зети зол айыралған зерде «жеті
жолдың айрығында», зети қат зер астында «жеті қат жер астында, өте
алыс», алтай тілінде д»етти д»олдиң белтири «екі жолдың айрығында»;
башқұрт тілінде йети күк, йети түн қорашқан «жеті күн, жеті түн деген-
де»; ұйғыр тілінде йеттә атиниң әрвалари урмақ «жеті атаның аруағы ұру»,
йәтти иқлим «барлық халық (жеті халық)», йәттә мүчә сақ «сау-саламат
(жеті мүшесі сау)» және т.б.
Жеті саны түркі тілдерінде туыстық қатынастарды да білдіреді. Мыса-
лы, «жеті ата» қазақтың ескі рулық жігінде ата, аталастық негізгі орынға
ие болған. Бір кісіден тараған аталас қауым жеті атаға жеткенде ақ түйе,
боз қасқа сойып, үлкен жиын жасап, бұдан былайғы жерде қыз алып,
қыз берісуге болған. Осыдан бері «жеті атадан әрі ғана қыз алысу» заңы
Тәукенің тұсында шыққан. Бертін келе алыс-жақындық өлшемі де осы
жетімен өлшеніп, мұсылман дініндегі елдер ең болмағанда әр рудың жеті
атасынан бергі шежіресін білуге міндетті болған [Ә. Ысқақов, 1992; 38 б.];
[Н. Уәлиев, 1988; 23 б.].
Жеті ата қазақ халқы үшін – бала, әке, ата, арғы ата, баба түп ата, тек
ата. Башқұрт тілінде йети ата «бір-біріне туыс емес, қандас емес» мағынада
қолданылса, осы ұғым ұйғыр тілінде йәтти ата, йәттиш пушти фраземасына
тән.
Халық әдет-ғұрыпында өлген адамның жетісін өткізу салты бар. Қазақ
тіліндегі жетісін өткізу, башқұрт тіліндегі зідесін өткару, татар тіліндегі
151
Достарыңызбен бөлісу: |