Фразеосемантика



Pdf көрінісі
бет82/123
Дата08.03.2022
өлшемі2 Mb.
#27238
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   123
Байланысты:
Пікір жаз андар филология ылымдарыны докторы, профессор Г. Е.

Фраземалардың таңбалық-символдық семантикасы
153
бери  пікіріне  сүйеніп,  adaqlyγ  сөзін  «посвященному,  предназначенное  в 
жертву (животное)» деп аударған, бірақ бұл аударманың дұрыстығына көзі 
жетпеген [С.Е. Малов, 1951; 28-31 бб.].
Бұл аударманың қателігіне көз жеткізу мақсатында 
С.Е. Малов қырғыздардың ауыз әдебиетіне жүгіне отырып былай дейді: 
«... у киргизов встречаем шестиногих пестрых лошадей, где эти числа объ-
яснит можно требованиями аллитерации: алты ajakmy ала ат йети ajakmy 
йерен ат» [С.Е.Малов, 1951; 28 б.].
Сегіз  аяқты  мал  туралы  профессор  С.Е.  Маловтың  қазақ  және  якут 
фольклорынан алған өте қызық мысалы бар. 
Л. Соболеваның авторлығымен жарық көрген «Песни степей: антоло-
гия казахской литературы», жинағындағы тойған ат сегіз аяқты (у сытого 
коня восемь ног) қазақ мақалын М. Тарловский өлең жолдарымен «и дваж-
ды четвероногих» түріндегі аудармасын келтіреді. Сонымен қатар Г.Н. По-
танин жинағынан қазақтың жирек айғыр – сегіз аяқты, торы айғыр – алты 
аяқты  (восемь  ног  у  рыжего  жеребца,  шесть  ног  у  полосатого  жеребца) 
мақалын келтіреді. Якут халқының ауыз әдебиеті үлгілерін аударған [Э.Р. 
Тенишев, 1997; 586 б.] «Айгыр шаманка покаталась и, обернувшись бы-
ком..., с восмью в кулак величиною ногами в брюхе...» аудармасын береді.
Жоғарыда малдың аяқ саны мен оның салмағы айқындалмайтыны ай-
тылып өтті. Ескерткіштердегі tűrt adaqly ~ säkiz adaqlyq оппозицияларына 
көңіл аудару қажет. Бұл тұстағы ерекшелік ат бір орында тұр ма, ақырын 
жүріп келе ме немесе шауып келе ме? Осыған байланысты да болуы мүмкін. 
Алғашқысында оның аяқ саны төртеу екеніне ешқандай дау жоқ. Егер ат 
қатты жылдамдықпен шауып келе жатқанда, оның аяғы адам көзіне алты 
немесе жеті, кейде сегіз болып көрінуі әбден ықтимал. Ал сегізден артық 
көрінбеуі мүмкін. Психологтардың пікіріне сүйенсек, «... порог ощущения 
человека, следуя традициям инженерной психологии, называемый опера-
тивной памятью, способен с одного раза удержать в среднем девять двоич-
ных чисел (7+2), восемь десятеричных чисел (7+1), семь букв алфавита и 
пять односложных слов (7-2)» [С. Иванов, 1990; 46 б.].
Кейбір  деректерге  сүйенсек,  көне  түркілерде  «төрт  аяқты»  тіркесі 
шаруаға  қолданылатын,  соқаға  қосатын  жануар  (жылқы)  мағынасында, 
ал  «сегіз  аяқты»  тіркесі  бәйгеге  қосатын  тұлпардың  символы  ретінде 
ұғынылған  болу  керек.  «Тұлпар»  сөзі  түркі  тілдерінде  әр  түрлі  бейнелі 
тіркестермен келеді. Мәселен, қазақ тілінде бәйге ат, сәйгүлік ат, кабардин-
балқар тілінде шабыш ат, қырғыз тілінде көлөк ат, башқұрт тілінде сабуш ат 
және т.б. Бұл тіркестер «жорға ат», «бәйгеге қосатын тұлпар» мағынасында 
жұмсалады. Атақты түркітанушы ғалым Э.Р. Тенишев сәйгүлік ат турасын-
да былай дейді: «... у протюрков не было особого термина для скачущей 
лошади (скакуна), и в данном случае они воспользовали древним способам 
образной номинации» [Э.Р. Тенишев, 1997; 586 б.].
Дәстүрлі  түрде  түркі  халықтарында  «сегіз»  саны  діни  және  мифо ло-
гиялық түсініктерді бейнелейді. Қазақ тіліндегі сегіз бейіш (жұмақ, ұжмақ, 


Авакова Р.А. Фразеосемантика
154
ұшпақ) (күнәсіз жандар о дүниеде мекен ететін жай, онда барғандар хор 
қыздарын, аруларын сүйеді-міс» [І.К. Кеңесбаев, 1977; 459 б.].
Мысалы:
Көз сипатын қарасаң,
Сегіз бейіш ішінде.
Хорлардың жаққан шырағы (Қ. Жұмалиев). 
«Күллі әлем» деген мағынада қолданылатын сегіз қиыр шартарап фра-
земасы: сегіз қиыр шартарап көне ұйғыр тіліндегі sekiz qata arvasun «ба-
тасы сегіз тисін», sekiz balyq uluŝlar «сегіз ұлы қалалар мен ұлыстар, sekiz 
tűrlűg ődsűz őlűm «сегіз түрлі мезгілсіз өлім» және т.б. тіркестер «сегіз» 
сөзінің табиғатындағы магиялық құбылыстың айғағы бола алады.
Қазақ  тіліндегі  сегіз  қырлы  бір  сырлы,  «өте  өнерлі,  шебер,  қолынан 
келмейтіні  жоқ»  дос  егіз,  дұшпан  сегіз,  сегіз  бейіш,  сегіз  саққа  жүгіру, 
алланың сегіз сипаты, сегіз қиыр шартарап, сегіз өрім, сегіз аяқ, сегіз өрім 
бұзау тіс, кессе сіркеден қан шықпайды және т.б. фраземаларында телегей 
теңіз, көп, жеткілікті мығаналары сезіліп тұрады.
Сахалар  (якут)  тілін  зерттеуші  ғалым  А.А.  Габышева  сегіз  сөзінің 
символикалық мәніне талдау жасай келіп, мынандай тұжырым жасайды: 
«В якутском языке есть словосочетание ayys sala:la:х, в переводе «восми-
ветвистый».  Числовую  константу  вселенной  воспроизводит  любой  цен-
тральный элемент, мировое древо, например, у которого отмечены по вер-
тикали верхушка, ствол и корни; горизонтальным направлениям соответ-
ствуют восемь веток, жилище эпического героя, часто являющегося перво-
человеком. У якутов для описания пантеона богов служит особая числовая 
модель  ayys  a-tar  ajy:  «восемь  вспоминаемых  айы».  Известна  своя  фор-
мула для всего рода человеческого: ayys ulu:s ayata «восемь улусов отец»  
[А.А. Габышева, 1988; 81 б.].
Сонымен қатар қазіргі көптеген түркі тілдерінде «сегіз» саны толық-
қандылық,  байлық,  жетілгендік  мағыналарының  символы  ретінде 
қолданылады.  Түркімен  тіліндегі  секиз  көше  олмақ  «шалқып,  қалқу», 
кабардин-балқар тіліндегі сегиз ийнек асурма да, семиз ийнек асура «сегіз 
сиыр асырағанша, семіз сиыр асыра» және т.б. тұрақты тіркестердегі мы-
салдар дәлел болады.
Тоғыз саны руникалық ескерткіштер деректерінде toquz oyuz (Тоныкөк), 
toquz tatar (Білге қаған) «түрік тайпаларының бірлестігі» тіркестері түрінде 
кездеседі.
Тоғыз  санының  семасында  атаудың  немесе  қимылдың  сандық  syliq 
togsy  «салықтың  тоғызы»  тіркесі  сақталған.  Оның  мәні  қалың  мал  саны 
тоғыз-тоғыздан болу керек болған: тоғыз ат, тоғыз сиыр, тоғыз өгіз, тоғыз 
киімді мата және т.б.
А. Новаи еңбектеріне сүйене отырып, атақты түркітанушы ғалым Л.З. 
Будагов мынандай пікір айтады: «... у чагатайцев был обычай? если во вре-
мя пиршества кто-либо из гостей прольет хоть каплю из чаши, то должен 
выпить 9 чаш; если прольет неколько или всю чашу, то должен выпить вза-


155


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет