183
Фраземалардың таңбалық-символдық семантикасы
183
мағына негізінде ғана түсінуге болады. Тура мағынадан туындаған сөздің
ауыс, бейнелі мағынасы тілдегі символдар жүйесін құрайды.
Фраземалардағы символдық мағына тілдің эволюциялық жолымен
дамып, өрбіген, солардың негізінде пайда болған, символдық мағынаға
ие сөздердің (дитскрипторлардың) өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың
танымдық, ұлттық-мәдени, фондық мағыналары сол тілде сөйлейтін
халықтың дүниені тануы мен құбылыстарға баға беруімен, әлемнің тілдік
бейнесімен тығыз байланысты. Екіншілік мағынамен тығыз байланысты
символдық мағынаның пайда болуын, олардағы фразеологиялану үрдісінің
қашан, не үшін, қандай ситуацияда пайда болғанын бүгінгі тілдік тұрғыдан
дәлелдеп беру мүмкін емес. Фразема-жасамға ұйытқы символ-сөздердің
табиғатын ашу барысында, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-санасын,
дүниетанымы мен мәдениетін, этнографиясы мен тарихын т.б. байланы-
сты әлеу-меттік, саяси, қоғамдық факторларды ескерген жағдайда олардың
уәждену үрдісін ашуға болатыны сөзсіз.
Фраземалардың символдық мағынасын кез келген тілдік бірліктер
арқылы ашуға болады. Саны жағынан басқа бірліктермен салыстырғанда
шектеулі сан және түр-түс символдармен келген фразеологизмдер бой-
ында символдық мағыналар халық-тың дүниені танып-білуімен, түрлі
дәстүрлермен
тығыз байланысты дамып, өрбіген.
Мифопоэтикалық дәстүрлерде сан ұғымдарына киелі мән беріп,
оларға діни, тәңірлік және әлемдік символдар ретінде қараған. Сан сим-
волдарын ерекше магиялық қасиеттермен байланыстырып, олардың
бойында адам санасы жете қоймайтын құдіретті құпиялар мен сырлар
жатқанына сенген. Сан есімдермен келген фраземалардың мағынасында
мифтік культуремалардың символдары сақталған. Сан символдарының
қалыптасуына халық санасындағы магиялық, діни түсініктер мен таным-
дар әсер еткен.
Адамзат қоршаған ортаға, табиғатқа көзқарасы мен оны көру әлемі
ортақ болғанымен, кейбір жағдайда оларға көзқарасы, табиғи түстер мен
реңктерді сезінуі мен қабылдауы бірдей бола бермейді. Түр мен түстің
дүниетанымдық ерекшелігі этностың, халықтың немесе жеке тұлғаның
психологиясымен, сезіну, қабылдау қабілетімен, эстетикалық танымымен,
шығармашылық дүниесімен тікелей байланысты.
Қазақ тілінде түр мен түс атауларының номинативтік мағыналарына
қарағанда, олардың ауыспалы, қосымша символға айналған мағыналары
басымырақ болып келеді. Бұл категория тілдің ұзақ даму тарихында
қалыптасып, қолданыс дәстүріне арналған тілдің құдіреті мен қасиетінің
көрінісі болып табылады.
Қазақ тіліндегі фраземалар бойындағы сақталған символдық мағына
«рухани таңбалар» болып табылады. Олардың символдық мағынасын
түсінуге адамдар әрқашан талпынады. Үшінші әлем, бейнелі дыбыстар
дүниесін жасайтын сөз құпиясы мен сырларын тану – адамзат әлемін тану-
мен барабар.