Түркі тілдеріндегі «көк» сөзінің лексикографиялық деректер
бойынша мағыналары
№
р/с
Көк сөзінің
мағынасы
Мағынаның түркі тілдерінде қолданылуы/
қолданылмауы
1
Түс
Барлық түркі тілдерінде
2
көгілдір, көкшіл
Орхон-енисей, көне ұйғыр, қараханид-ұйғыр, түрік,
гагауыз, түркімен, қазақ, қарайым, кабардин-балқар,
татар, башқұрт, ноғай, қарақалпақ, алтай, өзбек, ұйғыр,
сары ұйғыр, хакас, якут долган, чуваш
3
көк, жасыл тас
түрік, гагауыз, әзірбайжан, түркімен, қарайым, кабардин-
балқар, татар, башқұрт, қарақалпақ, қазақ, қырғыз,
алтай, ұйғыр, сары ұйғыр, хакас, чұлым, тува, тофа, якут,
долган, чуваш
4
а) көк, сұр, бурыл,
(жылқыға қатысты);
көкшіл сұр (түс)
(түске, бояуға
қатысты);
ә) ақ, бурыл, (сақал,
шаш) ақшыл, ақсұр
енисей, түрік, ноғай, қарақалпақ, қазақ, татар, башқұрт,
қырғыз, өзбек, ұйғыр, тува, чуваш
тува, чуваш
5
аспан, көк күмбезі
көне ұйғыр, қараханид-ұйғыр, түрік, гагауыз, әзірбайжан,
түркімен, қарайым, кабардин-балқар, құмық, татар,
башқұрт, ноғай, қарақалпақ, қазақ, қырғыз, өзбек, ұйғыр
6
а) көгерген жер;
ә) көк, ніл;
б) қаралы түс (көк);
в) көк түс, көгерген
кеңістік
қазақ түркімен
оңтүстік қырғыз, қазақ
қырғыз, өзбек, ұйғыр
тува
Авакова Р.А. Фразеосемантика
176
7
Жасыл
түркімен, қазақ, қырғыз, алтай, өзбек, ұйғыр, хакас,
чұлым, тува, тофа, якут, долган
8
өте ертедегі көктемгі
шөп
қарақалпақ
9
жасыл, көк, көк шөп,
жеміс-жидек
әзірбайжан, түркімен, ноғай, қарақалпақ, қырғыз, алтай,
өзбек, ұйғыр, хакас, тува, тофа, якут, долган
10
піспеген, толмаған
(ұрық жеміске
қатысты)
түркімен, қырғыз
11
Сараң
әзірбайжан
Қазақ тілінің сөздігінде көк сөзінің негізгі үш мағынасы берілген [Қазақ
тілінің сөздігі, 1999; 321 б.]:
1. Заттың көгілдір аспан тәрізді түсі;
2. Көгеріп шыққан өсімдік, өскен шөп;
3. Жеміс-жидек көкөніс.
Қалған тіркес ішіндегі мағыналары сөздікте идиома белгісімен (♦)
берілген.
Көк түсі орхон-енисей, көне ұйғыр, қараханид, орта ғасырлық қыпшақ,
хорезм, шағатай ескерткіштерінде және түркі тілдерінің көпшілігінде кöк,
түрік, гагауыз тілінде gök, түркімен тілінде – ö:k, якут тілінде – küöх, чу-
ваш тілінде – kavak тұлғаларында кездеседі.
Көк түсі мұсылман халықтарында көп мағыналы, себебі ата түркі тілінде
көк пен жасылдың арасы ажыратылмаған. Қазіргі қазақ тілінде көк түсінің
байлаулы коннотациялық мағынасы фраземалар құрамында төмендегідей
болып келеді:
– аспан, аспан әлемі – төбесі көкке жету, көктен тілегенін жерден
табу, көк соқыр!, көкке көтерілді;
– шөп, көгеріп шыққан өсімдік, көкөніс – көк майса, көк шөп, көкке
аузы ілігу, көк ату;
– жас, піспеген шикі – көк түйнек, көк өрім, көк сағал;
– арық, жасық, майсыз, дәмсіз – көк бақа қозы, көк қарын, көк шалап;
– шыдамды, көнбіс, елеусіз көптің бірі – көк есек, көк жұлын, көлденең
жүрген көк атты;
– қаһарлы, қайсар, айлалы, ашушаң – көк долы, көк бет, көкжал бөрі,
көк мүйіз, көк азу;
– мылжың, езбе – көк езу, көк малта езу, көк мылжың;
– жалқау, топас, қалжырау – көк желке болу, көк жұлын болу, көк тер
болу, көк иық болу, көк жылқау, көк ми;
– найзағай – көк найзағай, көк жай және т.б.
Көк сөзімен келетін фраземалардың тақырыптық-семантикалық клас-
сификациясы төмендегідей:
•
табиғатқа байланысты фраземалар: жеті қат көк «шырқау биік,
шексіз аспан», көк тайғақ «жылтыр сырғанақ», көк аяз «қатты тоң жер»,
көк тұма «мөлдір бұлақ»;
177
Фраземалардың таңбалық-символдық семантикасы
177
•
адамның сыртқы келбеті, түр-тұлғасы, портретін сипаттайтын фразе-
малар: көк өрім «қыршын жас», көк бақа «тырбиған арық», көлденең көк
атты «кез келген, кім көрінген»;
•
адамның жеке басына тән қасиеттерді, жан-дүниесін айқындайтын
фраземалар: көк бет «қайсар, қаһарлы », көк қасқыр «батыл, қайсар», көк
езу «езбе, мылжың, көп сөйлейтін адам», көк пері «бет қаратпас, ұрысқақ»,
көк долы «ашуы қатты, ашушаң», көк ми «топас, айтқан сөз басына
қонбайтын, ессіз»;
• адамның физикалық қалпын, физиологиялық ерекшеліктерін бейне-
лейтін фраземалар: көк желке «қарақұс, шүйде жалғасқан сырт мойын», көк
ала қойдай қылып сабады «қан жоса етіп ұрып-соқты», көктен түскендей
«күтпеген жерден, ғайыптан пайда болу», күлі көкке ұшты «талқандалды,
құртылды»;
•
адамның психикалық ерекшеліктерін, моральдық қалпын, ойлау,
сөйлеу қабілетін, іс-әрекетін, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынасын,
тән қажеттіліктерін білдіретін фраземалар: төбесі көкке жеткендей
қуанды «қатты қуанды, шаттанды, қуанышын тасытты», көсегесі көгерді
«өркендеп өсті, бағы ашылды», аузынан ақ ит кіріп, көк ит шықты «аузы-
на келгенін айтты», көкке көтерді «жоғары бағалады, танытты, дамытты»;
• қоғамдық тұрмыс-тіршілікке, адамның қоғамдағы әлеуметтік жағ-
дайына байланысты фраземалар: тамақ тоқ, көйлек көк «не ішемін, не
жеймін демейді, ауқатты, тұрмысы жақсы», көк етікті «басқалардан тәуір,
өзгелерден артық»;
•
халықтың салт-дәстүр, ырым-жоралғы, наным-сеніміне байланы-
сты фраземалар: көк тас «өлген адамның басына қойылатын мрамор,
құлыптас», көк тәңірі «Алла-тағала, құдай ;
•
алғыс-қарғыс, тілек-тілеуге байланысты фраземалар: көк соққан!
«Алланың қаһары тисін», көк түйнектен қылжиып қалғыр «ауруға
шалдыққыр», көсегең көгерсін! «өркенің өссін, бағың ашылсын»;
•
сауыт-сайман, қару-жарақ және зергерлік өнерге байланысты фразе-
малар: көк дулыға «мықты, берік дулыға», көк сауыт «мықты, берік», көк
найза «найзаның сапалы, асыл түрі», көк сүңгі «асыл берік, мықты, найза,
батырлардың бес қаруы» және т.б.
Боз фраземасының таңбалық-символдық мағынасы. Жиналған лексико-
рафиялық деректер бойынша боз сөзінің 10 мағынасы анықталды. Оны
төмендегідей кесте арқылы көрсетуге болады.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде боз сөзінің негізгі төрт мағынасы
берілген [Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, 1974-1986; 321 б.].
1. Ақшыл қылаң түс;
2. Құрғақ сор жер;
3. Астық тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсім-дік;
4. Жас өспірім, бозбала.
Қалған тіркес ішіндегі мағыналары сөздікте идиома белгісі-мен (♦)
берілген.
Авакова Р.А. Фразеосемантика
178
10-кесте
Достарыңызбен бөлісу: |