«ФУНКЦИОНАЛДЫҚ АНАЛИЗ» курсы бойынша қорытынды бақылаудың бағдарламасы 2022/2023 оқу жылы
Факультет Механика математика
КафедраМатематика
Бөлімі: қазақ
Білім деңгейібакалавр
Курс: 1 Оқытушы: Шыныбеков А.
Оқыту пәнінің қорытынды бақылауының формасы- ауызша: дәстүрлі –сұрақ, жауап.
Емтихан формасы- офлайн
Емтихан дайындалған емтихан кестесінде көрсетілген аудиторияда өтеді.
Ұзақтығы – емтихан қабылдау ұзақтығын оқытушы / емтихан комиссиясының мүшелері анықтайды және емтихан басталғанға дейін білім алушыларға хабарлайды (ұсынылатын уақыт: дайындыққа 20 минут, жауап беруге 10 мин.)
Емтихан билетінде 3 сұрақ болады. Әрбір сұрақтың тұсында жақшаның ішіне пайыздық мөлшерде көрсетілген сәйкес максималды бағасы жазылады.
ЕМТИХАН ТӘРТІБІ - білім алушы емтихан кестесінде көрсетілген уақыттан 10 минут бұрын келуі керек.
- кешігіп келген білім алушы емтиханға кіргізілмейді.
- өзімен бірге өзінің жеке төлқұжатын, қалам мен қарындаш алып келуі керек.
- емтихан барысында смартфондарды, сөздіктерді, шпаргалкаларды және т.б. қосымша материалдарды қолдануға болмайды және басқа білім алушылармен сөйлесуге тиым салынады.
Осы айтылған ескертулерді бұзған жағдайда акт құрылып білім алушы емтиханнан шығарылып жіберіледі және пәннің емтихан ведомостіне «F» (қанағаттандырарлықсыз немесе қанағаттанарлық емес) бағасы қойылады.
Білім алушы емтихан сұрақтарына ескертілген уақыт аралығында дайын болғаннан кейін, жеке-жеке емтихан комиссиясы мүшелерінің алдына келіп емтихан билетінің сұрақтары бойынша ауызша жауап береді. Жауап парағын білім алушы оқытушыға / емтихан комиссиясының мүшелеріне өткізеді.
Жауап беріп болған білім алушы аудиториядан шығады.
Білім алушылардың оқу жетістіктері дәстүрлі бағалау шкаласына және ECTS шкаласына көшу арқылы бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша келесі баллмен бағаланады: