Функционалды грамматиканың негізгі ұғымы – сын-сапа категориясы туралы



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата15.12.2023
өлшемі1,26 Mb.
#139459
  1   2   3   4   5   6   7


ISSN 1563-0223 KazNU Bulletin. Philology series. №4-5 (150-151). 2014
63
Д.А. Әлкебаева
ӘОЖ 811.512.122’36
Д.А. Әлкебаева,
əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 
профессоры, ф.ғ.д., 
Алматы қ., Қазақстан, 
e-mail: alkebaeva@mail.ru
Функционалды грамматиканың негізгі ұғымы –
сын-сапа категориясы туралы
Бұл мақалада функционалды грамматиканың негізгі зерттейтін нысаны сын­сапа категориясы 
туралы қарастырылады. Жалпы тіл ғылымындағы сын­сапа категориясы туралы берілген ғылыми 
концепцияларды тереңдетіп қарастыру арқылы ғылыми тұжырым жасау көзделінді.
Бұл салаға қатысты зерттелінбеген істер мен проблемалар өте көп, сын­сапа категориясы 
бойынша қарастырылатын мәселелер, осы ғылымының зерттеу нысаны, оған қатысты ғылыми­
теориялық мәселелер, жалпы ғылыми теориясын жасау, практикалық мәнін ашу, мақсаты мен 
міндеттерін көрсету – бүгінгі қазақ тіл ғылымының кезек күттірмейтін міндеттерінің бастылары. 
Сөз сөйлеудегі сын­сапа категориясының функциясын анықтау қарастырылған. Функциональды 
грамматика белгілі қалыптасқан грамматикалық жүйенің негізі бола отырып оның болашақтағы 
дамуының жаңа сатыларын негіздерін үйретеді, бұрынғы дәстүрлі грамматика бірқалыпты сол 
күйінде қалып қоймайды, яғни тілдің дәстүрлі грамматикадан, функционалды грамматикаға бет 
алуының алғы шарттарын негіздейді. Функционалды грамматика тілдің дәстүрлі жүйесінің негізін 
нысанаға ала отырып, сөйлеу процесінде сөйлеу актілері бойынша сын­сапа категориясы туралы 
қандай функция атқарады немесе атқарып тұр деген мәселені тануға, соны оқып­үйретуге, меңгеруге 
талап қояды. Сондықтан сын­сапа категориясын жасайтын тілдік бірліктердің функционалды­се­
мантикалы өрістегі маңызын ашу мен оның түрлерін анықтау басты міндет ретінде алынады.
Түйін сөздер
: сын­сапа категориясы, функция атқару, таным, болмыс, әлеуетті функция, 
функционалды­семантикалық өріс.
D.A. Alkebeva


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет