3D STUDIO MAX-тың құрал-жабдықтары
3D STUDIO MAX-тың құрал-жабдықтары мен командалары нақты операцияларды орындау үшін қолданылады. Сондықтан олардың қайда орналасқанын және не үшін қолданылатынын білу қажет. Программаның меню жолы және құрал-жабдықтар панелінің жиынтығы орналасқан.
Меню жолы бұл - 3D STUDIO MAX терезесінің жоғарғы жағында орналасқан аталған элементтердің тізбегі. Осы жолдағы кез-келген элементке тышқанды апарып басқанда оған сәйкес пункттер пайда болады. Менюді жабу үшін экранның кез-келген жеріне тышқанды апарып, оны басу керек(1- cурет).
1-сурет. 3D STUDIO MAX-тің меню жолы
Салым панелі терезенің жоғарғы жағында орналасқан. Егер оның біреуі таңдап алынса, онда оған сәйкес құрал-жабдықтардың тізбегі пайда болады.
Құрал-жабдықтардың негізгі панелі салым панелірің төменгі жағында орналасқан, мұнда 3D STUDIO MAX-тың негізгі құрал-жабдықтары орналасқан. Бұл панельдің құрал-жабдықтарының батырмалары сахнадағы объектілерді бейнелеу, модельдерді организациялау үшін арналған(2-сурет).
2-сурет. Негізгі құрал-жабдықтар панелі
Проекция терезесінің төменгі жағында басқарудың тағы бір аймағы бар. Бұл аймақ екіге бөлінген:анимацияны басқару элементтері және проекция терезелерін навигациялау элементтері.
Анимацияны басқару элементтері аты айтып тұрғандай, анимацияны іске қосады(3 сурет).
3-сурет. Анимацияны басқару элементері
Проекция терезелерін навигациялау элементтері 3D STUDIO MAX терезесінің төменгі оң жағында орналасқан. Бұл басқару элементтері 2 қатарға орналасқан батырмалардың тізбегін құрайды:Zoom (Масштабтау), Zoom All (Барлығын масштабтау), Zoom Extents (Толтырғанша масштабтау), Zoom Extents All (Барлығын толтырғанша масштабтау), Region Zoom (Аймақты масштабтау), Pan (Панорамировациялау), Arc Rotate (Бұру), Min/Max Toggle (минимизацияны/максимизацияны қайта қостырғыш).
Бұлардың көмегімен біз сахнадағы объектіні жақыннан көре аламыз, масштабын қзгерте аламыз, бейнетаспаны оңға/солға немесе жоғары/төмен жылжыта аламыз және оны айналдыра аламыз. Проекция терезелерін навигациялау элементтері 4-суретте көрсетілген.
4-сурет. Проекция терезелерін навигациялау элементтері
Достарыңызбен бөлісу: |