Функционалдыќ пернелер


Дәріс № 3 3D STUDIO MAX модельдері



бет10/42
Дата06.01.2022
өлшемі410,5 Kb.
#14404
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42
Байланысты:
Дәріс кешен 3D графика ИС2жед

Дәріс № 3

3D STUDIO MAX модельдері

Мақсат: Бейнелеулерге мінездеме беру және жұмысқа негізгі мысалдар келтіру.

  1. Бейнелеулердің классификациясы.

  2. Бейнелеулерді енгізу.

  3. Бейнелеулердің қайта құрылуы.

1 Көпбұрыштар және олардың трансформациясы

Төбелер мен шектерінің тобы объекттіні құрайды, бұл объектіге 3D STUDIO MAX-та ат беріледі. Кез-келген үш төбе қырды анықтайды. Экран дисплейінде қырлар көрінуі көрінбеуі мүмкін. Сіз бұл көрінбейтін қырларын келесі командаларды орындау арқылы көре аласыз: Display→Edges/All lines. Әдетте қырлар объектінің бүгілген жерінде көрінеді. Үшөлшемді сахнаның негізгі элементі модель болып табылады. Көпбұрыш – негізгі элемент. Бір немесе одан да көп элементтер объектіні құрайды, әдетте олар өзара байланыспаған.

3D STUDIO MAX-та объектілерді трансформациялаудың үш әдісі бар:

● Позициялау

● Айналдыру

● Масштабтау

Позициялау дегеніміз – X,Y және Z осьтері бойынша объектінің кеңістікте орналасуын өзгерту, яғни осы үш ось бойынша обьектіні кез-келген бағытта жылжыту. Айналдыру дегеніміз – X,Y және Z осьтері бойынша айналдыру. Ал масштабтау дегеніміз - X,Y және Z немесе 2 немесе одан да көп осьтер бойымен бір уақытта өлшемін өзгерту. Осы үш трансформацияны біз қолмен немесе сандық мәндер арқылы орындай аламыз. Қолмен орындағанда біз тышқанға жүгінеміз, ал сандық мәндер арқылы орындағанда X,Y, Z осьтеріне мән беріп орындаймыз. Сандық мәндер арқылы трансформациялағанда объектінің осьтер бойында орналасуы нақты болып шығады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет