26
кезеңдерінен өткеннен кейін қол жеткізеді. Сондықтан білім белгілі бір
сауаттылық деңгейін қамтамасыз ететін құрал және нақты іс-әрекеттердің
нәтижесі ретінде қарастырылады. Ендеше, еліміздің болашағы – жас ұрпақты
оқытуда білімнің түпкі нәтижесі деп саналатын құзіреттіліктердің біртұтас
бірлігі ретіндегі функционалдық сауаттылықтың мәнін, рөлін айқындау, оны
мектеп тәжірибесіне ендіру уақыт талабына сай келеді.
Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы
ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және
әлеуметтік дамуының өлшемі. Бүгінгі таңда жер жүзінде білім саласындағы
саясаткерлер мен мұғалімдер үшін ең маңызды болып отырғаны-«ХХI ғасырда
нені оқыту керек және ХХI ғасырға оқушыларды қалай дайындайды?» деген
мәселе. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі - оқушылардың алған білімдерін
жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар
аудару болып табылады, ал ХХI ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні
осында. Сондықтан да қазір жаңа технологияларды меңгеру үшін ең басты
қажетті құрал – білім.
Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адамдардың әлеуметтік, мәдени,
саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі
жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның
мамандығын әрдайым жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім
беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани
тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік
бейімделуі болып табылады, яғни оқушылардың мектепте алған білімдерін
өмірде тиімді қолдануына үйрету.
Қазір еліміздің түкпір-түкпірінде оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-
тәсілдермен қаруланған біршама ұстаздар қауымы өз мамандығына деген
сүйіспеншілігі арта түсіп, жаңа нәтижелерге жетуде, шәкірттерінің жаңа
белестерді меңгеруіне жол ашуда. Соның бірі функционалдық сауаттылықты
дамытудағы білім мазмұнының жаңғыруы –
сындарлы оқыту теориясына
негізделгендігі.
Достарыңызбен бөлісу: