«Функционалдық сауаттылық – білім беру сапасының көрсеткіші» жаратылыстану-математикалық цикл және бастауыш сынып пәндері



Pdf көрінісі
бет9/131
Дата27.01.2023
өлшемі3,39 Mb.
#63298
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   131
 
 
Қолданылған әдебиеттер тізімі 
1. Мектеп 
оқушыларының функционалық сауаттылығын дамыту 
жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.2.PISA 
халықаралық зерттеуі.
2. Әдістемелік құрал - Астана ,ҰББСБО, 2013 
3. Садыбекова Ж. Оқу- тәрбие үрдісінде ақпараттық коммуникацияны 
қолдану қажеттілігі. №4, 2008
4. Ералиева М.Оқытудың қазіргі технологиялары //Бастауыш мектеп -
2006.№5 


18 
БАСТАУЫШ СЫНЫП БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫНЫҢ 
МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ӘДІС-ТӘСІЛДЕР АРҚЫЛЫ 
ДАМЫТУ 
 
Төлеш Г.Б., Екібастұз қаласы 
мемлекеттік тілде оқытатын дарынды балаларға арналған «Зерде» 
мамандандырылған мектебінің бастауыш сынып мұғалімі 
Аннотация. Мақалада бастауыш сынып білім алушыларының 
математикалық сауаттылығын, пәнге деген қызығушылықтарын әдіс-тәсілдер 
арқылы арттыру қарастырылады. 
Кілт сөздер: математикалық сауаттылық, әдіс. 
Математика пәнін жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты 
толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, әр түрлі деңгейдегі есептерді 
шығара білу іскерлігі , оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс – 
амалдарын, 
құралдарын 
еркін 
меңгеретін 

оқушылардың 
пәнге 
қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамытудағы іздену - зерттеу 
бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы.[5] 
Орта мектепте математиканы оқытудың білімділік мақсаты барлық 
оқушыларды математика ғылымының негізі болатын білімдер жүйесімен және 
ол білімдерді саналы түрде шығармашылықпен қолдана алудың іскерлігі мен 
дағдыларын берік қалыптастыру мен ой-өрісін дамыту болып табылады. Ал 
оның негізгі бастауыш сыныптарда қаланбақ. Сондықтан да бастауыш сынып 
математика сабағында әр түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, 
оқушылардың білім сапасын арттыру көкейкесті мәселе. 
«Математикалық 
сауаттылық»- 
ауызша, 
жазбаша 
қабілеттерін 
қалыптастыру арқылы оқушының «математикалық сауаттылықты» меңгере 
білу қабілетін шындайды. Математика сабағында оқытудың әр түрлі әдіс-
тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық ізденістерін, өз 
бетінше жұмыс істеу белсенділіктерін арттыру барысында теориялық 
білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға болады.
Оқушылардың 
ойлау 
қабілетін 
дамытуда, 
математиканың 
негізін 
қалыптастыру, ұғындыру, түсініктерін тереңдетуде бастауыш сынып 
мұғалімдерінің математикалық білімдері терең болуы керек. Сонда ғана 
математикалық сауаттылығы қалыптасқан тұлға тәрбиелей аламыз. [3] 
Математика сабақтарында қолданылатын оқыту әдістері 
«Адасқан әріптер»
Білім алушылар адасқан әріптер бойынша математикалық термин сөздерді таба 
алады. 
Мыс: 1. Д У А Н А – АУДАН 
2. Ш Ы Б Р Ұ – БҰРЫШ 
3. Г Ш Л Ө Б І – БӨЛГІШ 
4. Е Д У Ң Т Е – ТЕҢДЕУ 


19 
Бұл әдіс арқылы оқушы ойланады, математикалық терминдерді біле 
алады. 
«Су-ли-фо» әдісі. 
Қолданылуы: 
Оқушылар жұпқа бөлінеді, белгілі уақыт беріледі. «Су-ли-фо» дегенде екі 
бала бірдей уақытта саусақтарын көрсетеді. Жұптағы қай бала саусақтардың 
қосындысын бірінші тез айтса соған бір ұпай қосылады. Мысалы: 4 (саусақ) + 2 
(саусақ)=6. Жүздіктер мен мыңдықтармен танысқаннан кейін әр саусақты 
жүздік, мыңдық деп қосады. Мыс: 100+400;
Көбейту кестесіне түскен кезде қосудың орнына саусақ сандарын 
көбейтеді.[5] 
«Өзіңді тексер» әдісі 
Бұл мәлімет АҚИҚАТ па немесе ЖАЛҒАН ба?
Өткен тақырып бойынша мысалдар келтіру арқылы оқушыларға немесе 
бір-біріне сұрақ қоя отырып «АҚИҚАТ немесе ЖАЛҒАН» деп жауап береді. 
Мыс: 10 саны 3-ке қалдықсыз бөлінеді 
120 саны 60-тан екі есе артық 
Кез-келген төртбұрыштың 3 төбесі бар 
Тонна - ұзындық өлшем бірлігі 
«Сөзілгек» әдісі 
Интербелсенді тақтадан бір формула көрсетіледі, бірнеше секундтан 
кейін жабылады. Ал оқушылар есте сақтағанын қағазға жазады. Сол формула 
тақтада қайта көрсетіліп, білім алушылар қателерін түзетеді. Бұл оқушылардың 
есте сақтау қабілетін қалыптастырады. 
«Граф арқылы дәлелдеу» әдісі.(логика, мүмкіндіктер тармағы) 
Дүйсенбі күнгі сабақ кестесін құру кезінде үш мұғалім мынадай өтініш айтты: 
1. Математика не бірінші не екінші 
2. Тарих не бірінші не үшінші 
3. Әдебиет не екінші не үшінші болсын. 
Қанша тәсілмен мұғалім өтінішін орындауға болады? 
Ол үшін математика, тарих, әдебиеттің бас әріптерін бір жиын
сабақтардың 1,2,3 деген ретінен екінші жиын құруға болады. Мұғалімдердің 
өтініштеріне қарай екі түрлі жағдайды қарастырамыз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет