30
мәселе. Жоғары деңгейде сабақ беретін оқытушының алдынан шыққан оқушы –
өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл
ұстаз үшін абыройдың үлкені, әрбір мұғалім осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы
қарыздың өтелгені. Жоғарыда айтылған жұмыстардың барлығынан көретін
нәтижеміз, тұлғаның;
сөздік қоры молаяды, ізденімпаздыққа үйренеді, ойлау
қабілеті артады, ойын еркін айтады, белсенділігі артады, шығармашыл жұмыс
істейді, қиялы ұшталады, тапқырлыққа үйренеді.
Сөзімнің соңында көнеден келе жатқан «Қыран-түлегіне қайтпас қанат
сыйлайды, ұстаз-шәкіртіне талмайтын талап сыйлайды»,-деген
даналық
сөзіндей, ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны
қаншылықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде
дамытады. Сондықтан тұлғаны қалыптастыруда
Елбасының биылғы
«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» жолдауын басты ұрандай ұстансақ артық
болмас, өйткені болашақ тізгінін ұстайтын ұрпақтың
функционалды сауатты
болуын біз назарда ұстауымыз керек.
Достарыңызбен бөлісу: