8
өз пәнімен балаларды баурап алуға көмектеседі, сабақта оқушының табысқа
жету жағдайын жасайды. Білімді дайын түрінде бермей, бірге шығарып алу
маңызды екенін атап өткім келеді. [5]
Pisa, TIMSS сияқты халықаралық зерттеулерге қатысудың маңызы зор.
Осы зерттеулердің тапсырмаларын орындату арқылы оқуышларымызды
халықаралық зерттеулерге дайын екенін білеміз.
2-4 сынып оқушыларының математикалық функционалдық сауаттылықты
дамыту үдерісінде ойлау дағдыларын қалыптастыру пәндік білім мен
дағдыларға сүйене отырып жүзеге асады. Әр тоқсанда берілген модульдердегі
математика пәні мен оқу іс-әрекеттерін меңгеруде білім, ептілік, дағдының
құзіреттілікке айналуы оқушының функционалдық сауаттылығының қалыптасу
үдерісінің жүріп жатқанын танытады. Функционалдық сауаттылықты
қалыптастыру қазіргі таңда оқыту жүйесіне қойылып отырған әлеуметтік
сұраныс талаптарымен сай келу үшін бастауыш сыныптардан бастап
математикалық тапсырмалар арқылы оң нәтижеге қол жеткізеді. [4]
Қорыта келгенде, бастауыш мектептегі оқыту үдерісінде оқушылардың
функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда жоғарыда аталған ұстанымдар
қызметінің көмегі орасан зор. Себебі осы ұстанымдар негізінде
ұйымдастырылған оқу үдерісіоқушылардың білімді жүйелі, терең, практикамен
байланыста, жеңілден ауырға, қарапайымнан күрделіге, нақтыдан белгісізге
қарай жүретін бағытта белсенді түрде әрі қызығушылықпен меңгеруді
қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: