«Функционалдық сауаттылық білім беру сапасының көрсеткіші» жаратылыстану-математикалық цикл және бастауыш сынып пәндері


Мысалдар мен деформация түрлерін сәйкестендір



бет42/123
Дата03.12.2023
өлшемі1,08 Mb.
#133522
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   123
Байланысты:
«Функционалдық сауаттылық – білім беру сапасының көрсеткіші» жар-emirsaba.org

6. Мысалдар мен деформация түрлерін сәйкестендір.
Түсіндіру.
1. Домбыра шегінің керілуінен созылу деформациясы байқалады.
2. Орындық аяғы сығылу деформациясына ұшырайды.
3. Шырын сыққыш жұмыс істеген кезде оның бұрандасы бұралу деформациясына
ұшырайды.



94
4.Аралау кезінде ара тістері ығысу деформациясына ұшырайды.


7.Қасық қандай деформацияға ұшырағанын көрсет 
1.Созылу деформациясы
2.Сығылу деформациясы
3.Иілу деформациясы
4.Бұралу деформациясы
8 сынып «Табиғаттағы және техникадағы жылу берілу» 
тақырыбына тапсырма.
1. Ыстық тамақ дайындайтын ыдысты қандай материалдан жасаған тиімді?
1. Шыныдан 2. Ағаштан 3. Пластмассадан 4. Металдан
2. Бөлмені радиаторлармен жылыту кезінде жылу берудің қандай тәсілі
қолданылады?
1. Жылу өткізгіштік. 2. Конвекция. 3. Сәулелену. 4. Диффузия
3.Күн Жер бетін қалай қыздырады?
1. Жылу өткізгіштік.2. Диффузия. 3. Конвекция. 4. Сәулелену.



95
3. Дұрыс жауапты тауып сөйлемді толықтыр.


Қыста ....... аяқ киімде аяқ тез тоңады
1.Тар аяқ киім
2.Кең аяқ киім
4.Құмырадағы сүтті тез салқындату үшін…..
1.Сүтті ыдысымен мұзға қойса
2.Мұз кесегін ыдыс қақпағының үстіне қойса
5.Көктемде қалада ауылға қарағанда кар .... ериді
1.Тез ериді.
2.Баяу ериді.
6. Жылу беру түрін жағдаймен сәйкестендір.
7. Төменде келтірілген тұжырымдармен келісесің бе?
Самал- жылдамдығы 1-5 м\с болатын жеңіл жел. Самал бағыты тәулігіне
екі рет өзгереді,сондықтан күндізгі және түнгі самал болып бөлінеді.
1.Күндізгі самалдың пайда болуы конвекциямен түсіндіріледі.



96
2.Күндізгі самал кезінде жел теңізден құрылыққа бағытталады.


3.Күндіз теңіз жағалауы теңіздегі суға қарағанда баяу жылынады.
8. Төменде келтірілген тұжырымдармен келісесің бе?
Термос өнімдері ыстық күйінде сақтап қана қоймай,төмен температураны
да сақтай алады,ыстықта суық сусындарды сақтауға ыңғайлы.
1.Термоста жылу беруді төмендетуге екі қабырғалы ыдыс арқылы қол
жеткізеді.
2.Термос қолбасының ішкі беті жылу сәулесін азайту үшін айналы
материалдан жасалған қабатпен жабылған.
10-11 сыныптарда функционалдық сауаттылықты дамыту үшін теорияны
терең меңгеруге бағыт беру, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту технологиясы
арқылы және топтық жұмыс түрлері, деңгейлік тапсырмаларды орындату, тірек
сызбаларды , ойын түрлерін қолданып,сапалы есептерді өздері шығаруына
мүмкіндік
жасау,
есептер,
эксперименттік
тапсырмалар,
практикалық,зертханалық жұмыстарды орындату.
Физикада білімді сапалы меңгеру ,алуан түрлі көрнекілікті,физикалық
және техникалық құралдарды,сызбаларды,суреттерді,жаңа технологияларды
талап етеді. Жетістікке жету үшін оқушыларды әртүрлі олимпиадалық
жарыстарға,ғылыми практикалық конференцияларға қатыстыру қажет.
Нәтижесінде оқушылардың:
-Пәнге деген қызығушылығы артады.
-Оқушының білім сапасы артады.
-Оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады.
-Өз ойын еркін жеткізеді
-Бір бірімен еркін пікірлеседі.
-Білім сапасы артады
Қорытыта
келгенде,оқушылардың
функционалдық
сауаттылығын
дамытуға арналған білім мазмұнын игерген оқушылардың білімдері мен
біліктері өмірлік жағдаяттарда қолдана білуді,әртүрлі ақпарат көздерімен
жұмыс жасай алуы , алынған ақпараттарды сыни тұрғыда бағалай білуі,өзінің
болжамдарын ұсыну және зерттеулер жүргізу,өз ойын негіздей білу,сын
тұрғысынан ойлануға бейім,интеллект қабілеті дамыған. Қоғамдық өмірде өз
орнын табатын, іскерлігі мен дағдыларын әртүрлі салаларда ,тұлғааралық



97
қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін


пайдалануды қамтамасыз ететін «Бүгінгі жас ұрпақ -ертеңгі ел тізгінін
ұстайтын ел ағасы»дейтін дана халқымыздың ұлағатты сөзімен аяқтағым келіп
отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет