«Функционалдық сауаттылық білім беру сапасының көрсеткіші» жаратылыстану-математикалық цикл және бастауыш сынып пәндері



бет50/123
Дата03.12.2023
өлшемі1,08 Mb.
#133522
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   123
Байланысты:
«Функционалдық сауаттылық – білім беру сапасының көрсеткіші» жар-emirsaba.org

ЖАҢБЫРЛЫ БУДАҚ БҰЛТ 
1-сұрақ: ЖАҢБЫРЛЫ БУДАҚ БҰЛТ 
Сурет бойынша будақ бұлттардың қарқынды даму фазасын анықтаңыздар

Жауабы. Оқушылар суреттерді салыстырады, талдау жасайды. Максималды
фазасында будақ бұлттарда жоғары турбуленттілік байқалады, сол сеюбептен
жоғары және төмен бағытталған ауа ағымдары пада болады. Жаңбырлы будақ
бұлттардың қарқынды даму процессі неғұрлым қарқынды жауын шашын,
дауылды жел, күн күркіреу және найзағаймен сипатталады.
Екінші тапсырма :
АУЫЗ СУ
Суретте қаладағы үйлерге берілетін судың ішуге қалай жарамды болатыны
көрсетілген.
1 сұрақ:
Ауыз суының жақсы қайнар көзінің болғаны маңызды. Жер астында болатын
сулар жерасты сулары деп аталады.
Жер асты суларында, қайнар көздерден (өзен, көл) алынған суларға
қарағанда бактериялар неліктен аз болатынына бір мысал келтіріңіз
2 cұрақ: 
Суды тазалау бірнеше кезеңнен және түрлі әдістермен жүреді. Суретте
көрсетілген тазарту процесі 4 кезеңнен (1-4 дейін нөмірленген) тұрады. Екінші
кезеңде су тұндырғыда жиналады.
Бұл кезеңде суды тазалау қалай жүргізіледі?
A Суда болатын бактериялар өледі
B Суға оттегі қосады.
C Қиыршық тас пен құм судың түбінде тұнып қалады



116
D Улы заттар еріп кетеді


3cұрақ:
Суды тазалаудың 4 ші кезеңінде хлор қосады. Не себепті суға хлор қосады?
Демек, «Ғылыми жаратылыстану сауаттылығы» жинағындағы
тапсырмалар оқушылардың функционалдық сауаттылығымен қоса
шығармашылық деңгейін дамытып, бүгінгі заман талабына сай тұлға
қалыптастыруда маңызы зор.
Ұстаздардың жаңаша ойлай алатын, өз мәселесiн өзi шеше алатын адам
тәрбиелеуге жәрдемдесуі, ұстаздардың дәстүрлi сабақ беруден өзгеруiне, балаға
бағытталған сабақ процесiн ұйымдастыра алуы, сабағын белсендi, оқушымен
тең құқылы дәрежеде жүргiзуі, жобаның философиясын терең меңгерген
ұстаздардың шәкiрттерiн өз пiкiрiн ашық айтып, өзара шынайы сұхбат
жүргiзетiн, рухани жағынан дамыған жеке тұлға ретiнде дамуына ықпал
жасауы болып табылады.
Оқушылардың білімнің өмірлік маңызын түсінуі, теория мен тәжірибені
тығыз байланысы. Сонымен функционалдық сауаттылық- адамның сыртқы
ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез
бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Сонымен
функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе
алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас
жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық
тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүру үшін қажетті деп
саналатын.Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір
мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік
қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың
жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік
әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар
тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі.Осындай сапалық сипаты
тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың
тетігі ретінде қолданылады, сондықтан теория мен тәжірибені байланыста
болуын қамтамасыз ету үшін әрбір пән бойынша берілетін білімнің мазмұны
мен көлемін анықтағанда теориялық қағидалардың, заңдылықтар мен
ережелердің, яғни ұғымдық-ақпараттық материалдардың бала өмірінде
кездесетін түрлі проблемалық мәселелерді шешуге көмегі тиетіндей, бала оны
қолдана алатындай тәжірибелік маңызы ескерілуі тиіс, сондай-ақ оқушылардың
оқу материалын тек жаттап қана алмай, оның мән-мағынасын терең түсінуін
қамтамасыз ету міндетті болып саналады.
Сонымен, қорыта айтқанда функционалдық сауатты қызмет дегеніміз –
өмірдің кез-келген кедергісіне қарсы тұра алу, кәсіби жолды таңдай білу
шеберлігі, шығармашылық ойлау қабілеті мен стандарттық емес шешімдерді
табу мен жігерлі болып, сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алатындай
қабілеті және алған білімін практикада қолдана алуы.
Ендеше,біздердің,бүгінгі таңдағы мұғалімдердің басты міндеті -
функционалдық сауатты, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу болып табылады.



117




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет