Функционалдық сауаттылықтың қалыптасу жолдары: сауатты оқудан бастап ақпараттық мәдениетке дейін



бет1/2
Дата07.01.2022
өлшемі18,63 Kb.
#18166
  1   2

Функционалдық сауаттылықтың қалыптасу жолдары: сауатты оқудан бастап ақпараттық мәдениетке дейін

“… Жастарға сапалы білім берумен қатар, сол білімін қоғамдық- әлеуметтік ортада пайдалануға икемдеу, олардың функционалдық сауаттылығын арттыру арқылы еліміздегі білім мен ғылымды дамыту мәселелеріне баса көңіл аудару керек.”

Н. Назарбаев

        «Функционалдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 60-шы жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және кейіннен зерттеушілердің қолдануына енді. Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, білім берудің (бірінші кезекте жалпы білім беруді) көп жоспарлы адамзат қызметімен байланысын біріктіретін тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілі ретінде түсіндіріледі. Қазіргі тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың біріне айналуда.

Сонымен Функционалдық сауаттылығы дегеніміз- адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына , жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. Яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін өмірде тиімді қолдануына үйрету.  Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар:

-белсенділік

-шығармашылық тұрғыда ойлау

-шешім қабылдай алу

-өз кәсібін дұрыс таңдай алу

-өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.

Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады.

Функционалды сауатты адам — қоғамның құндылықтарына сәйкес, қоғамдық ақуалдың қалыптасқан мүдделеріне қарай әрекет етеді. Бүгінгі күнге қажетті мамандықты таңдап дұрыс шешім қабылдап, заманауи ақпараттық технологиялардың тілін біліп кез келген әлеуметтік ортаға бейімделеді. Осы тұрғыда функционалды сауатты адамның негізгі белгілерін тұжырымдауға болады: қоғамдық ортада өмір сүре білетін, тіл табыса білетін, белгілі бір сапалық қасиеттері бар, жалпы негізгі және пәндік құзыреттіліктерді меңгерген адам болып саналады .

Жалпы, барлық зерттеушілердің болжамы бойынша адамдардың сауатсыздық деңгейінің төмендеуі, оларға дұрыс білім беріп, тиянақты оқытпаудан, оқырман болуға үйретпеуден болған көрінеді. Осыған байланысты 1997 жылдың өзінде-ақ Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту жөніндегі Концепция жобасында адамдардың сауатсыздығын жою еліміздің жалпы орта білім беру жүйесіндегі реформалануға тиісті стратегиялық нысан екендігі атап көрсетілді. Осы мәселені анықтау күн тәртібіндегі негізгі мәселеге айналды. Сараптама нәтижесіне көз салсақ, бiлiм құрылымдарының білім алушыларды қоғамдық- шығармашылық өмiрге араласуына бағытталмағанын байқаймыз. Басқаша айтқанда, дәлел бар да, оның iске асыру жоқ. Содан болар мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың өзінің жыл сайынғы Жолдауында «функционалдық сауаттылықты арттыруды» негізгі тапсырма етіп жүктеуі бекер емес. Елбасы дұрыс айтады, «білім беру тек қана оқытумен ғана шектелмей, оны керiсiнше, әлеуметтiк адаптация процесіне бейiмдеу қажет». Аталмыш тапсырманы орындау үшін Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұловтың басшылығымен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған бес жылға арналған Ұлттық әрекет жоспары құрылды.



Елбасы бастамасымен өмірге келген «Функционалдық сауаттылық бойынша Ұлттық жоспардың» маңызы ерекше. Оның мақсаты – оқушылардың салалық сауаттылығын дамыту арқылы, тиiмдi қызмет түрлеріне бейімдеу. Сонымен қатар, ол орта білім жүйесінің парадигмасын түбегейлі өзгертудің негізі болып табылады.   Ұлттық жоспардағы функционалдық сауаттылықты дамытудың төрт негізгі тетігін нақтылап көрсетілгенБірінші тетік: – оқыту методологиясы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту. Атап айтқанда, педагогтарды даярлау мен біліктілігін арттыру, оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тағы басқа салаларда ілгерілеушілік байқалады.

Екінші тетік – оқу нәтижелерін бағалау жүйесін жаңарту. Яғни, функционалдық сауаттылықты дамыту білім – түсіну – қолдану – жүйелеу және жинақтау сияқты өлшемдер бойынша оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа тәсілдерін біртіндеп мектеп өміріне енгізу. Бағалау жүйесі функционалдық сауаттылықта сырттай бағалау және іштей бағалау болып бөлінеді. Іштей бағалау- оқу пәні бойынша оқыту сапасын диагностикалау. Ал сырттай бағалау- әрбір деңгейді аяқтау бойынша білім алушының оқу жетістіктерінің нәтижелері /ҰБТ,ОЖСБ-ВОУД/. Сондай-ақ халықаралық /TIMSS , PISA және PIRLS/ зерттеулерге қатысуы . Білім алушылардың өзін-өзі бағалауы өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі жетілдіру үшін жеке жетістіктерін бағалау арқылы жүзеге асырылады. Критериялық бағалау жүйесі енгізілетін болады. Олар да ұлттық және халықаралық бағалау жүйелері арқылы жүргізіледі.

Үшінші тетігі – балаларды оқыту мен тәрбиелеуге ата-аналардың белсенді қатысуы. Ата-ананың борышы бала бойына жас кезінен адами құндылықтарын дарытып, саналы өмір сүруге баулу. Ата-ана баласының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мұғалімдерімен тығыз байланыс жасау керек. Бұл үшін жаңа әдістеме әзірленіп жатыр.

Төртінші тетік – қосымша білім беру жүйесін дамыту. Ұлттық жоспарда оқушылар сарайы, музыка мектептері, жас техниктер мен натуралистер станциялары жұмыстарын түбегейлі өзгерту қа­растырылған. Еліміз тарихында алғаш рет аталған ұйымдардың материалдық-техникалық базасы жаңартылатын болады.

Қазір еліміздің түкпір-түкпірінде оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдермен қаруланған біршама ұстаздар қауымы өз мамандығына деген сүйіспеншілігі арта түсіп, жаңа нәтижелерге жетуде, шәкірттерінің жаңа белестерді меңгеруіне жол ашуда. Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Біздің еліміздің негізгі тірегі – зияткерлік ұлт мүмкіндігі. Сондықтан да біздің балаларымыздың сапалы білім алуы маңызды. Оқушылардың мектепте алған білімін қоғамдық — әлеуметтік ортада пайдалануға икемдеу, олардың функционалдық сауаттылығын арттыру арқылы еліміздегі білім мен ғылымды дамыту мәселелеріне басымдық берілуі тиіс. Мұндай жаңа міндеттерді мұғалімнің кәсіби санасының өзгеруінсіз, кәсіби құзіреттілігінің өсуінсіз ескі психологиямен, ескі әдістермен, ескі біліктілік арттыру жүйесімен шешу мүмкін емес. Олай болса қоғам – жаңалыққа жаны құмар, жаңаша ойлайтын, өзгермелі өмірге икемделіп қана қоймай, оны жағымды жаққа өзгертуге белсенді қатысатын ұстаздарға мұқтаж.

 

 

Сапалы білім беру мақсатында тиімді әдіс-тәсілдерді ізденіспен пайдалану- ұстаз алдына қойылып отырған уақыт талабы. Ю.К.Бабанский: “ Сапаны арттыру- нақты жағдайдағы кез келген шешімнің ең тиімді нұсқасын таңдау”- деп атаған болатын. Сондықтын өз мамандығыма қатысты айтатын болсам “Мектептегі информатикалық        сауаттылықтың негізгі міндеті- ақпаратты түрлендіру, тасымалдау және пайдалану процестерін меңгеру, оқу барысында кейіннен қызмет ету саласында да өзін-өзі көрсету, дамыту құралы ретінде компьютерлік технологияларды тиімді пайдалану тәсілдерін үйрету болып табылады.

Қортындылай келе, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған білім мазмұнын игерген оқушылардың білімдері мен біліктері өмірлік жағдаяттарда қолдана білуді, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істей білуді және алынған ақпараттарды сыни тұрғыдан бағалай білуді, өзінің болжамдарын ұсыну және зерттеулер жүргізу, өзінің ойын негіздей білуді; іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалануды қамтамасыз етеді.

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет