Функционалды-семантикалық өріс концепциясының теориялық негіздері


Морфологиялық категориялардың когнитивті құрылымы



бет18/33
Дата15.12.2023
өлшемі371,6 Kb.
#139469
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33
Байланысты:
Функционалды-семантикалық өріс концепциясының теориялық негіздер-emirsaba.org

1.3 Морфологиялық категориялардың когнитивті құрылымы.  Категориялау – динамикалық сипаттағы танымдық үдеріс. Категориялау адамның ойлау, танымдық қызметінің негізгі белгісі болып табылады. Категориялау – әлемді категорияларға жіктеу, яғни ұқсас заттар мен құбылыстарды топтарға бөлу. Категориялау ұғымы адамның білім деңгейін, жинақталған білімді қатынас құралы, ақпаратты қабылдау, сақтау құралы ретінде қолдану ерекшеліктерін де көрсетеді. Тілдік бірліктер концептуалды жүйе мен оны түзуші концептілермен тығыз байланыста болады. Көп жағдайда категориялау дайындықсыз түрде жүзеге асады, адам қажет болған жағдайда ғана сол туралы ойланады. Күнделікті өмірде адам жан-жануарларды, адамдарды, физикалық құбылыс ретінде де, сондай-ақ адам түзген артефактілер ретінде де категорияларға жіктейді. Басқаша айтқанда, категориялау – бір жағынан, белгілі бір заттар мен құбылыстарға атау беру болса, екінші, жағынан, белгілі бір зат не құбылыстарды категорияға жіктеу болып табылады. Яғни категориялау қандай да бір атау беру арқылы жүзеге асады. Ол таным әрекетінің ортақ принциптерін айқындап, білімді қалыптастырады, сол арқылы адамның болмысты қабылдау, тіл арқылы жинақталған білімді сақтау ерекшеліктері айқындалады. Осыған байланысты Ы.Маманов: «Сөз – шындықтың адам санасындағы сәулесі. Барлық зат пен құбылысты білдіретін ұғым сөз арқылы таңбаланады. Ұғым заттың, құбылыстың ішкі мазмұны болса, ұғымды білдіретін сөз – сыртқы формасы, таңбасы. Тілде әрбір ұғым өз формасында (сөзде) қолданса ғана, сөз өз функциялық қызметін дәл атқарады. Сөздер сөйлем құрамында бір-бірімен тіркесіп, коммуникативтік қызмет атқарады», – деп жазады [12, 422].
Категориялауды когнитивті бағытта динамикалы тұрғыда сипаттауда екі түрлі түсінік қалыптасқан. Тар мағынасында, категориялау – заттар мен құбылыстарды, үдерістерді белгілі бір категорияға жіктеу, ал кең мағынасында, заттар мен құбылыстардың белгілері мен сипаты бойынша категорияларды қалыптастырып, ерекшеліктерін айқындау.
Концептуалдау да, категориялау да жіктеу әрекетімен байланысты болады, концептуалдау адамзат тәжірибесінің, білімдер жүйесінің ең кіші бірліктерін айқындауға бағытталса, категориялау – өзара ұқсас бірліктерді топтастыру, категорияларға біріктіру мақсат етеді.
Концептуалдау мен категориялау сияқты негізгі танымдық әрекеттерді зерттеуде когниция мен коммуникацияның төмендегі қағидаттарын басшылыққа алу керек:
Категориялау концептуалдаумен тығыз байланысты. Алайда әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері де бар. Концептуалдауда белгілі бір деңгей үшін маңызды болатын түсініктер жинақталса, категориялау үдерісінде тілдік бірліктердің осы категорияға негіз болған концептілермен ұқсастықтары негізге алынады. Яғни адам санасындағы оперативті бірліктер концепт түзеді. Біркелкі, өзара байланысты концептілерді біріктіру нәтижесінде категория құралады. Категория қалыптасуы үшін – концептілердің орны ерекше. Концепт – ғалам туралы білімдер жүйесінің негізгі элементтері. Адам ойлау, пайымдау әрекеттерінде осы бірліктер мен құрылымдарға иек артады. Ғалам туралы білімді нысанды білім және тіл туралы білім (тілдік білім) деп жіктеуге болады. Концептілер лексикалық, фразеологиялық бірліктер арқылы, грамматикалық жолдармен берілуіне қарай жіктеледі. Морфологиялық концептуалдану және категориялану сияқты танымдық үдерістерді жүзеге асыра отырып, концептуалды мазмұнға ие болып, әр тілде өзінше көрініс табады. Осыған байланысты Қ.Айдарбек: «Ғаламның тілдік бейнесінің әр этноста әртүрлі болуы, сол халықтың тәжірибесімен, білімімен байланысты, өйткені тілдік таңбаның таңбалау қызметі экстралингвистикалық факторлардың тікелей байланысында емес, адамның көрген-білгені, ойға түйгені білімінің негізі болып табылады. Әр ұлттың, халықтың өмірлік тәжірибесі әртүрлі болғандықтан, ғаламның тілдік бейнесі де, сол қоғамда өмір сүрген адамдардың тәжірибесі де әртүрлі болады. Сондықтан тілдік тұлға ретінде олардың когнитивтік санасындағы ғаламның тілдік бейнесінде айырмашылықтар болады», – деп жазады [13, 263 б.].
Әмбебап сипаттағы концептілерде категориалды мағыналар ғана көрініс табады, олар морфологиялық категориялардың мазмұнын танытады. Яғни морфологиялық концептілер концептуалды жүйенің (ғаламның концептуалды бейнесінің) тұрақтылығын қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі болып табылады. Тұрақтылық толық сипат ала бермейді, себебі адамның білімі болмыс туралы жаңа түсініктермен толығып, өзгеріп, байып отырады.
Әмбебап сипаттағы концептілердің тұрақтылығы не өзгеруге бейімділігі морфологиялық тұлғалардың мазмұнындағы өзгерістерге байланысты болады. Ол дискурс талаптары мен тілдің дамуы нәтижесінде пайда болуы мүмкін.
Категориалды мағыналарды былайша сипаттауға болады:
Категориялауды бастапқы және кейінгі категориялауға жіктеуге болады. Бастапқы категориялау (лексикалық) тілдің атауыштық қызметіне байланысты болады, ол лексикалық категорияларда (сөздердің лексика-семантикалық топтарында) көрініс табады. Ол болмысты категориялаудың нақты заттық деңгейімен сәйкес келеді. Кейінгі категориялауда (грамматикалық) тілдік қолданысты ескере отырып, сөздер грамматикалық топтарға жіктеледі. Ол болмысты категориялаудың абстрактілі-жүйелі деңгейімен сәйкес келеді. Болмысты репрезентациялайтын сөздік қордан өзгешелігі грамматикалық категориялар адамның ғаламды қалай көретінін бейнелейді. Грамматикалық категория танымның динамикалы, процессуалды сипатын көрсетеді. Функционалды-семиологиялық тұрғыдан алғанда, категориялаудың екі жақты қыры айқындалады: статикалық жүйе ретінде адамның ғаламды категориалды жіктеуі туралы білімдерді көрсетсе, динамикалы үдеріс ретінде сөйлеу-ойлау әрекетінде ойға түрткі болған заттар мен нақты концептуалды категорияларды байланыстырады. Морфологиялық репрезентация мәселесін айқындауда грамматикалық категориялаудың орны ерекше.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет