Функционалды-семантикалық өріс концепциясының теориялық негіздері



бет9/33
Дата15.12.2023
өлшемі371,6 Kb.
#139469
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33
Оған соңғы уақытта жазылған ғылыми зерттеулер дәлел бола алады. Тіл қолданыста жанжақты қызмет атқарады. Атап айтқанда, тілдің танымдық қызметін алып қарастырайық. Кейбір зерттеушіліер тілдің танымық қызме тін екі аспектіде алып қарастырады. Алғашқысы, ойлау органдарына байланысты, бұл ішкі ойлау қабілеті танымдық түсінікке негіздейді. Оның негізі ойлау ойлау әдіс-тәсілдерін пайдалану қызметі. Кейінгісі алғашқының негізінде өрбитін жоғарғы деңгейде қалыптасқан айтушының сөздердің танымдық білімінің жиынтығы. Функционалды грамматикада осы тілдің екі қызметі айтушының сөзінің мағынасын ашуға арналады.

Лингвистикалық білім жүйесінде тіл функциясы деген ұғым қалыптасуы функционалды грамматиканың негізгі ғылыми базасы болып қала береді. Тілдің өзі қандай жағдайда болмасын адам мен әлем, тіршілік, қоғам арасындағы байланысты, қарым-қатынасты орнатуда функция атқарудан бастайды. Осыдан келіп функционалды грамматикаға тірек болатын функция терминінің нақты мәні анықталады. Құрылымдық лингвистикада тілдік бірліктердің құрылуы, яғни парадигмалық топ құрауы басты мақсатқа алынады. Функционалды грамматика аясына енетін тілдік бірліктер семантикалық топ құрады, осының нәтижесінде тілдік бірліктер семантикалық топқа біріктіріледі. Семантикалық топқа жинақталған, семантикалық мағыналық тұтастыққа топтастырылған тілдік бірліктер адам ұғымында тілден тыс объективті шындықпен сәйкестеніп, «мағыналық мазмұн» (смысловое содержание) деп аталатын әрекет нысандарына ие болады. Сөз сөйлеу кезінде түрлі деңгейге жататын тілдік құралдар белгілі бір мағынаны, ойды жеткізу үшін бірлесе, өзара әрекеттесе қызмет атқарады. Осылайша, әр түрлі тілдік бірліктердің бірлесе қызмет атқаруы ортақ семантикалық топ құрып, функционалды-семантикалық өрісте ұғымдық категорияларға негізделуі тілдік жүйедегі бірліктердің функциясының көп аспектілігін көрсетеді.

Барлық ғылымдар саласында функция термині кеңінен қолданылады. Функция адам ойына алған ісін жүзеге асыру болып табылады. Жалпы «функция» термині «functio» латын тілінен алынып, «орындау, атқару, жүзеге асыру» деген мағынаны береді. Функция туралы ережелер барлық ғылым саласында қолданылып, оларға тән анықтамалардың барлығы да ісәрекеттің жүзеге асуы және қызмет атқарылуын айтады. Функция туралы анықтамалардың лингвистикадағы мағынасының сан алуан түрлері кездеседі. Атап айтқанда, «тіл қызметі», «функционалды стиль», «функционалды грамматика» т.б. Шындығында, бұл терминнің мағынасы өте терең, аса маңызды, сондықтан оның мәнін нақтылап түсіндіруді қажет етеді.

Функция терминінің қызметі лингвистиканың қай саласына, қандай тілдің сипатын тануға қолдануға байланысты анықталып отырады. Мысалы, тіл ғылымында тілдің қоғамдық қызметі; тілдің коммуникативті қызметі; тілдің байланыс орнатушы қызметі; тілдің эмотивті қызметі; тілдің аппелятивті қызметі, тілдің кумулятивтік қызметі, тілдің стилистикалық қызметі, тілдің прагматикалық қызметі, тілдің эстетикалық қызметі деген қолданыстар жиі ұшырасады. Қазіргі лингвистикада, тұтастай алғанда, «функция» терминінің бірнеше мағыналық баламасы ұшырасып отырады. Ал, «функционалды грамматика» термині тұрғысынан алып қарастырғанда: «мағына», «лексикалық функция» (И.А. Мельчук, Ю.Д. Апресян, И.М. Богуславский), «гуманитарлық мазмұн» (Г.А. Золотова), «ойлау қызметінің өнімі» (В.Г. Гак), т.б. да атаулары бар. Жалпы функционалды грамматика терминдері туралы айтқанды ғылыми терминдердің негізгі бағыттарынан бастау алады. Атап айтқанда, жүйелілік, дефинивтілігі, уәжділігі, терминге қатысты түсініктілігі, қысқалығы, жоғары дәрежеде танымылдалығы, сөздіктерге енгізілуі т.б. Функционалды граммтиканың терминдеріне талдау жасаған Л.В. Попованың айтуы бойынша Л. В. С. Дик, Н.А. Слюсарев, Г.А. Золотова, В. Матезиус, М.А. К. Хэллидей, А.В. Бондарко сияқты ғалымдардың еңбектерінде осы салаға қатысты 410 термин кездеседі деген статистикалық мәлімет беріледі.

Функционалды грамматикадағы негізгі тілдік бірліктердің атқаратын қызметі осы «функция» терминіне тікелей қатысты болып келеді. Атап айтқанда, тілдік бірліктердің функциясы айтушының тілдік бірліктерді таңдап іріктеуі мағынадан формаға қарай алынады, тілдің әр түрлі деңгейдегі бірліктерінің өзара әрекет етуі жинақталып функция атқаруы ортақ функционалды өрісте орындалып жатқаны қарастырылады.
Тілдің функциясы ішкі және сыртқы деп бөлінеді.
Ойлау кезінде түзелетін тілдің грамматикалық функциясы, ойдан бағытталған грамматикалық түзілім. Бұл сыртқы көру деген ішкі қабылдаудан тұрады.

Айтушының немесе тыңдаушының тілдің грамматикалық құрылымдық жүйесін пайдалану әлеуеті. Бұл жерде айтушы мен қабылдаушының жан-жақты қабылдау, сезіну, пайдалану сияқты қабілеті мен ерекшеліктері толық есепке алынып отырылады.
Жалпы функционалды грамматикада функцияның атқаратын 2 қызметі бар.

  1. Біріншісі әлеуетті функция деп аталады.


  2. Екіншісі нәтижелі функция деп аталады.




1. Әлеуетті функция дегеніміз тіл жүйесіндегі әр түрлі деңгейде тілдік бірліктер қызметінің айтушының айтар ойына қарай таңдап алынатын таңбалары болып табылады.
2.Нәтижелі функция дегеніміз айтушының әлеуетті функциясына қатысқан тілдік бірліктердің толық орындалуы болып саналады.

Тілдік бірліктердің функциясы дегеніміз сөйлеушінің айтар ойын жеткізуге қажетті мағыналық тілдік бірліктердің өзара ортақ синтагмалық топқа жататындығының айқындалуы, сол бірліктердің өзара мағыналық-тұтастық құрайтындығы мен әлеуетті функцияның нәтижелі функцияға айналуының нақты айғағы болып табылатындығымен анықталады.



Лингвистикада тілдің қызметін интерпретациялау арқылы тіл ғылымы саласының жаңа бағыттары айқындалады. Тілдің атқаратын қызметі алуан түрлі болғандықтан, бір салаға қатысты ерекшелігін анықтауда жиі пайдаланылады. Мысалы, сан есімдерді алып қарағанда ол тек бір ғана функция атқарады деп айтуға болмайды. Тілдік бірліктердің мағыналық функция атқаруы тіл ғылымының белгілі, нақты саласына қатысты зерттеу нысанын таңдап алуына байланысты бірнеше қызмет атқара алады. Сан есімдер сөзжасам үлгілері мен тәсілдерінде өз қызметін тұйықтаған. Бір кездері олар өте белсенді қызмет атқарса, қазір олар өз белсенділігін бәсеңдетіп, басқа сөз таптарымен салыстырғанда қолданыста сөзжасамдық қызмет атқармайды.

Жалпы функция туралы айтқанда ғылымда белгілі тілдің ең маңызды функциясы таңбалық функция (обазначения) туралы айта кету керек. Адамдардың бірлескен еңбек жағдайындағы бір-бірімен қарым-қатынас жасағанда ойлау ұғымы қалыптасты. Сондықтан адамдар бірбірімен ойларын бөлісу үшін материалдық форманың жасалу қажеттілігі туындады. Сондықтан сигналды функция (коммуникативті) тілдегі екінші маңызды функция болып саналады. Тілдің үшінші маңызды функциясы сөздердің мағынаға, түсінікке құрылған формалары болып табылады. Тілдің құрылымдық грамматикасы тіл функциясын атқармады деп айтуға болады. Ол функционалды грамматиканың ішкі заңдылығын қалыптастыра отырып, ұғымдық, танымдық мағыналық мазмұн жасады. Мысалы, зат есімдер тілдің даму тарихында үнемі жаңа сөздермен толығуға белсенді қызмет атқарып келеді. Күнделікті тұрмыста, өмірде пайда болған жаңа заттар мен ұғымдарға атау қажеттілігі зат есімдерді жасайды да, адамзат игілігінде белгілі қарым-қатынасында қызмет атқарады. Функционалды грамматиканың негізгі терминологиялық аппараты ретінде алынып отырған «функция» терминін жаңадан пайда болған ұғымдық атау деп айтуға болмайды, осы сала бойынша бұл терминнің маңыздылығы адамзат ұғымы мен танымы арқылы жасалған тілдің сөйлеу қызметінде белгілі ортақ ұғымдар мен түсінікке жинақталуы деп тану керек. Басқа бағыттағы ғылыми зерттеулерде ұлттық тілдің танымдық, этностық, кумулятивтік т.б. қызмет атқарады. Жалпы функционалды грамматика тұрғысынан есім сөздерді алып қарастырғанда, атап айтқанда зат жайлы ұғыммен бірге сын, сапа ұғымдарын да бойына жинаған грамматикалық топ ретінде алғанда оның басқа ұғымдық, танымдық қасиеттерін тану мүмкіндігі ашылады.

Сонда тіл құрамындағы алғаш рет зат ретінде танылған деректі-дерексіз ұғымдарға адамзат санына, сапасына, басқа қасиеттеріне, ұғымына сай салыстырғанда белгілі бір затқа не заттар тобына тән қасиет пен белгіні анығырақ білдіретін болады. Осыдан келіп нысанаға алынып отырған функционалды грамматиканың ұғымдық, танымдық мәні айқындалып, сол ұғымды анықтайтын негізгі тілдік бірліктердің өзара әрекеттесіп, айтушы сөзінің мағыналық-мазмұнды ой бөлісуінің негізгі күрделі тұтастығын танытатын функция атқарады. Демек, функционалды грамматика бойынша қарастырылатын тілдік бірліктердің функциясы ұғым, таным, логикалық мағынамен біртұтас жүйеде кешенді функция атқаратынын көрсетеді. Алайда терминдерге қатысты іргелі зерттеулерге қарамастан бұл сала бойынша даулы мәселелер әлі талай зерттеулерді қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет