Функционалды-семантикалық өріс концепциясының теориялық негіздері


Функционалды грамматиканың негізгі ұғымы – сын-сапа категориясы туралы



бет5/33
Дата15.12.2023
өлшемі371,6 Kb.
#139469
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Функционалды грамматиканың негізгі ұғымы – сын-сапа категориясы туралы

Бұл мақалада функционалды грамматиканың негізгі зерттейтін нысаны сын­сапа категориясы туралы қарастырылады. Жалпы тіл ғылымындағы сын­сапа категориясы туралы берілген ғылыми концепцияларды тереңдетіп қарастыру арқылы ғылыми тұжырым жасау көзделінді.

Бұл салаға қатысты зерттелінбеген істер мен проблемалар өте көп, сын­сапа категориясы бойынша қарастырылатын мәселелер, осы ғылымының зерттеу нысаны, оған қатысты ғылыми­ теориялық мәселелер, жалпы ғылыми теориясын жасау, практикалық мәнін ашу, мақсаты мен міндеттерін көрсету – бүгінгі қазақ тіл ғылымының кезек күттірмейтін міндеттерінің бастылары. Сөз сөйлеудегі сын­сапа категориясының функциясын анықтау қарастырылған. Функциональды грамматика белгілі қалыптасқан грамматикалық жүйенің негізі бола отырып оның болашақтағы дамуының жаңа сатыларын негіздерін үйретеді, бұрынғы дәстүрлі грамматика бірқалыпты сол күйінде қалып қоймайды, яғни тілдің дәстүрлі грамматикадан, функционалды грамматикаға бет алуының алғы шарттарын негіздейді. Функционалды грамматика тілдің дәстүрлі жүйесінің негізін нысанаға ала отырып, сөйлеу процесінде сөйлеу актілері бойынша сын­сапа категориясы туралы қандай функция атқарады немесе атқарып тұр деген мәселені тануға, соны оқып­үйретуге, меңгеруге талап қояды. Сондықтан сын­сапа категориясын жасайтын тілдік бірліктердің функционалды­се­ мантикалы өрістегі маңызын ашу мен оның түрлерін анықтау басты міндет ретінде алынады.

Қазіргі теориялық лингвистиканың негізгі жаңа бағыттары сөз сөйлеу қызметі арқылы тілді функционалды семантикалық тұрғыдан зерттеуге бағытталып отыр. Дəстүрлі грамматикада сын есімнің құрылысы мен өзіндік ерекшелігі кеңінен зерттелінді. Көптеген зерттеулерде сын есім көбінесе сөз образдылығы категориясы ретінде, сондай-ақ ұлттық тілдің өзіндік дəстүрлі стереотипі тұрғысынан қарастырылуда. Қазақ тілші ғалымдар А. Байтұрсынов, А.Қ. Жұбановтан бастап Т. Қоңыров тағы да басқа зерттеушілердің еңбегінде кеңінен қарастырылған болатын.
Қазіргі лингвистикада функционалды грамматиканың негізгі категориялары мен ұғымдары жалпы тіл ғылымында жан–жақты қарастырылуда.

Ал функционалды грамматика ұғымдарының қатарынан орын алатын сын-сапа ұғымы ұғымы, жалпы тіл ғылымында жан – жақты қарастырылып келеді.



Олардың қатарына жалпы тіл ғылымындағы, сондай-ақ орыс тіліндегі А.В Бондарконың жəне басқа тілдермен салыстыра зерттелінген түркі тілдеріндегі В.Ш. Хакимова, қазақ тілші ғалымдары Қ. Рысалды еңбектерін атап кетуге болады.

Адамзат баласы барлық заттар мен құбылыстарды салыстыру арқылы қоршаған ортаны танып біле алады. Белгілі заттар мен құбылыстар арқылы түсінік танымға, ал таным ол тура лы толық түсінікке алып келеді. Алайда, компаративтілікұғымыретідесөзсөйлеуқызметіндеі айтушының ойлау жемісінің нəтижесінде заттар мен құбылыстардың айырыша белгілерін салыстыруы мен салғастырылуын анықтайтын тілдік бірліктердің функциясын жинақтап саралау туралы белгілі дəрежеде əлі толық айқындалған жоқ əрі ғылыми айналымға толық енген жоқ деп айтуға болады. Сондықтан осы тұрғыдан шын мəніндегі функционалды грамматиканың негізгі категорияларының бірі компаративтілік ұғымын функционалды-семантикалық өрістегі функциясының мəнін ғылыми тұрғыдан тұжырымдап нақтылау қажеттілігі туындайды. Жалпы тіл ғылымындағы компаративтілік категориясы дегеніміз не, оның қолданыстағы қызметін қалай анықтауға болатыны жайлы міндеттер мен мақсаттар қарастылып, соны анықтау міндеті қойылып отыр.

Жалпы тіл ғылымында сын-сапа категориясын функционалды грамматика тұрғысынан қарастырған еңбектер сөз сөйлеудегі ситуация мен мəнмəтін (контекст) арқылы анықтауға жүгінеді. Функционалды грамматиканың негігі ұғымдары мен категорияларын анықтау үшін алдымен оның басты ғылыми аппараты бо лып саналатын функционалды-семантикалық өріс ұғымына тоқтала кету керек. Олай бол са, сын-сапа категориясын қарстыруда да алдымен функционалды грамматиканың негізгі арқауы болатын функционалды–семантикалық өріс ұғымын негізгі межеге ала отырып, оның ғылыми базасы сараланады екен. Е.И. Шендальстен бастап осы өріс теориясын қалыптастыруға негіз болған ғылыми тұжырымдардың бастылары мыналар болып саналады: 1. Өріс тілдік құралдардың жиынтығы. 2. Өрісте əр түрлі деңгейдегі тілдік бірліктер топтастырылады. 3. Өріске тəн 1 ғана ортақ мағына болады (сапаға, қимылға, уақытқа, мөлшерге қатысты). 4. Ортақ мағынаға алыс-жақын мағыналы тілдік бірліктер қатысады. 5. Инвариант негізінен өрбіген тілдік бірліктің өрісін шоғырланады. 6. Өріске топтастырылатын тілдік бірліктер ситуацияға қарай сұрыпталып алынады. 7. Өрісте шоғырланған тілдік бірліктер инвариант негізіне қарай ортақ мағынаға ие болады. 8. Ұғымға, түсінікке өріс маңайына жинақталады т.б.

Алғаш рет лексикалық өріс, реакциялық өріс, семантикалық өріске топтастырылатын тілдік бірліктердің жұмсалуы мен қызметіне қарай қолданыс аясының нəтижесінде функционалдысемантикалық өріс теориясын қалыптастырды. Сонымен функционалды-семантикалық өріс дегеніміз – сөз сөйлеу қызметіндегі əр түрлі тілдік бірліктердің ортақ мағынасы арқылы осы өріске шоғырланып бір ұғымды анықтайтын мəнінің – мазмұндық жиынтығының межесі. Компаративтілік ұғымын білдіретін тілдік бірліктер осы функционалды өрісте анықталады. Компаративтілік категориясы – ерекше формасы бар тілдік категория, сонымен қатар ежелгі адамзат баласының интеллектуалды қызметінің өнімі болып саналды. Функционалды грамматиканың негізгі базалық ұғымдарының бірі -сынсапа ұғымы – адамзаттың болмыстың шындығын қабылдау мен танымның ерекше маңызды рөлін атқарған танымдық жəне лингвистикалық категория.

Адам баласының санасының қабілеттілігінің шектеусіз мүмкіндіктерін көрсеткен сынсапаға қатысты қазақ тіліндегі тілдік бірліктер сөйлеу қызметінде ерекше функция атқарады. Сынсапаға қатысты таным мен ойлау бірлігінің нəтижесінде функция атқарып, əр – алуан тілдік бірліктердің образдылығын көрсетуде ерекше амалтəсіл болып қала береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет