Функционалды-семантикалық өріс концепциясының теориялық негіздері



бет21/36
Дата06.01.2022
өлшемі144,29 Kb.
#12213
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36
Өткен шақ тұлғалары әмбебап сипаттағы негізгі уақыт концептін активтендіре отырып, «сөйлеу сәтінен кейін болған іс-қимыл» сипатын актуалдандырады. Ол морфологиялық репрезентация арқылы қосымша лингвистикалық факторлардың әсерімен өткен шақ тұлғаларының негізінде бұрынғы өткен шақ, жедел өткен шақ, ауыспалы өткен шақ сияқты лексика-грамматикалық мағыналары қалыптасады.

Келер шақ көрсеткіштері «сөйлеу сәтінен кейін іске асатын» морфологиялық мәнді актуалдандырады. Бұл өте жалпы да дерексіз болғандықтан, сөйлем-сөйленім деңгейінде нақтылауды қажет етеді. Бұл мәнмәтін, синтаксистік факторлармен қатар аспектуалды жағдаяттардың көмегімен жүзеге асады. Мұнда келер шақ мәні түрліше берілуі мүмкін: сөйлеу сәтінен кейін бірден басталуы, сөйлеу сәтіне дейін басталып кетуі, сөйлеп жатқан кезде орындалып жатуы және кейін де жалғаса беруі мүмкін. Қосымша лингвистикалық факторлардың әсерімен «сөйлеу сәтінен кейінгі іс-қимыл» мәнімен уақыт негізгі концептінің мазмұны тоғыса отырып, концептуалды мазмұн құрайды. Сол арқылы болжалды келер шақ, мақсатты келер шақ, ауыспалы келер шақ мәндері түзіледі.

Морфологиялық шақ мәндеріне негізделген лексика-грамматикалық мәндерді талдау нәтижесінде морфологиялық репрезентацияда шақтық және қимылдың өту сипатының өзара байланысы көрінеді. Бұл түрлі морфологиялық мәндердің негізінде түзілген, концептуалды негізі бөлек мәндердің ерекшеліктерін нақтылауды қажет етеді. Морфологиялық репрезентацияда уақыт негізгі концепті арқылы грамматикалық және лексика-грамматикалық мәндер түзіледі.

Сонымен когнитивті тұрғыдан алғанда, уақыттың тілде концептуалдануы жіктеушілік сипаты бар грамматикалық шақ категориясы арқылы көрініс табады. Шақ категориясы ғалам туралы білімдерді, материяның өмір сүру формаларының бірі ретіндегі уақыттың мәнін зерделеу нәтижесінде қалыптасады. Оның мазмұны энциклопедиялық білімдерді: уақыттың философиялық және физикалық сипаттарымен қатар тілдік білімді, яғни шақ категориясының мәні мен қолданысы туралы білімді қамтиды. Бұл концепт басқа концептілермен тығыз байланыста болып, солардың көмегімен нақтыланып отырады. Уақыт концептін жалпылау арқылы ол осы шақ, келер шақ, өткен шақ мәндеріне жіктеледі. Бұл оның грамматикада көрініс тауып, шақ категориясының қалыптасуына негіз болады. Яғни уақыт концепті – шақ категориясының когнитивті негізі болып табылады. Шақ концептінің мазмұны уақыт мәнінің тілдегі концептуалдану ерекшеліктерін көрсетеді. Тілде оқиғалардың болған нақты уақыты концептуалданбайды. Сөйлеу сәтін меже ете отырып,  оқиғалар өткен шақ, осы шақ, келер шаққа қатысына қарай жіктеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет